Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қандай ыдыс-аяқты қолдануға рұқсат етілген?
11 мамыр, 2015 жыл 337 Басып шығару нұсқасы

 s4Кез-келген халал (нәжіс емес), ағаш, шыны, темір мен мыстан және т.б. жасалған ыдыс-аяқты қолдануға рұқсат етіледі. Нәжісті материалдан, мысал үшін иленбеген жануар терісінен жасалған ыдыстарды қолдануға болмайды. Сондай-ақ күміс пен алтыннан жасалған ыдыс-аяқты қолдануға және сақтауға тыйым салынады, бірақ алтын мен күміс жалатылған ыдысқа рұқсат, алтын мөлшерде өте аз болуы керек. Алтын, күміс ыдыс-аяқтан бөлек осы екі металдан жасалған басқа бұйымдарды қолдануға тыйым салынған. Мысал үшін, сағат, тарақ және т.б. аталмыш  заттарды қолдануға салынған тыйым ерлер мен әйелдерге бірдей. Тек әйел адамдарға алтын мен күмісті әшекей ретінде ғана тағуға рұқсат етіледі. Ал күнделікті қолданатын зат ретінде қолдануға болмайды.


Сондай-ақ ыдыстың жарылған жерін тек күміс құйып жамауға болады. Әдеттегі ыдысты күміспен безендіруге де болады. Бұл арада алтынға рұқсат етілмейді.


Алтын мен күмістен жасалған ыдыс-аяқты қолдануға тыйым салынғанымен, басқа материалдардан жасалған қымбат ыдыс-аяқтарды қолдануға шектеу жоқ. Мысал үшін алмас, жақұттан және т.б. жасалған ыдыстар.




Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары