Құран Алланың асқан нығметі, мейірімділігі.
Алла Тағала адамның жаратылуы туралы былай дейді: «Ол оны неден жаратты? Ол оны тамшыдан жаратты және лайықтады» (Құран; 80:18-19)
Осылайша Жаратушы адамның тек тамшы болғанын және Оның қалауымен дамып, өсіп-жетілгенін, ақыл-санаға ие болғанын көрсетеді. Тамшы деген тұқым дегенді меңзейді.
Қазір ата-анадан ұрпағына берілетін тұқымдық белгілер гендермен анықталатыны белгілі болды. Көз бен шаштың түсі, бойы, бет әлпеті, ішкі органдарының құрылысы, ми, жүйке құрылысы дәл осы гендер арқылы белгіленеді. Күні бүгін ДНҚ жазылған ақпараттар ғалымдардың өзін таңқалдырып отыр. Ядродан кішкентай молекулада 4 есе артық ақпарат жазылады. Бұл ғажайыптың құпиясын көпшілік түсіне алмай әлек. Бұның құпиясы әрине Аллаға ғана аян және бұл Оның құдыреті.
«Алла сендерді топырақтан, содан кейін тамшыдан жаратты, содан кейін сендерді жұп етті. Аналық тек Оның бұйрығымен ғана ұрықтанады және туады. Ұзақ өмір сүретіндерге ұзақ ғұмыр беріледі және оның өмірі қысқарады, бұның бәрі Құранда бар. Шынында Алла үшін бұл жеңіл» (Құран; 35:11)
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер