Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тәуекел түбі - жел қайық
29 қыркүйек, 2021 жыл 440 Басып шығару нұсқасы

Ең әуелі бізді мұсылман үмметінен еткен, бізге әр сәт қаншама нығметке бөлеп отырған Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! “Тірі Құран” бола білген, мінезі көпке үлгі болған сүйікті Елшімізге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шексіз салауаттар мен сәлемдер болсын!

Тәуекел сөзі «сенім арту, істі біреуге тапсыру» деген мағыналарды білдіреді. Адам жасап жатқан істерінің нәтижесі қандай боларын білмейді. Сол себепті адамдар әрбір ісінде құдіреті күшті Алла Тағалаға тәуекел етеді.  Олай болса, шынайы тәуекел Алла Тағалаға деген кәміл иманмен байланысты. Иманы кәміл болмаған жан шынайы тәуекел жасай алмайды. Өйткені, тәуекел ету үшін де иман қажет. Бұл туралы Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде «Ибраһим» сүресінің 11-аятында: «Мүміндер Аллаға ғана тәуекел етсін», – деп әмір еткен. 

Тәуекел – өз-өзіне сеніп кету емес, өзінің дәрменсіз, әлсіз екенін мойындай отырып, Алланың құдіреттілігіне сүйеніп, Оның еркі мен тағдырына ризашылықпен көну. Атақты ғалым Зун-нун бұл туралы былай деген екен: «Құл «Алла Тағала менің бойымдағыны, әрқашанғы қал-жағдайымды көріп-біліп тұр» деген сенімге толық жетпейінше тәуекелі күшеймейді».

Омар халифа тағы бір ғибратты сөзінде: «Сендердің ешбірің ризық алу үшін өз күшін салуды тоқтатпасын. «Уа, Алла, маған ризық бер!» деген сөзбен шектелмесін. Аспаннан алтын мен күмістен болатын жаңбыр жаумайтындығын білесіңдер ғой», – деген екен.  

Алла Тағала сүйікті құлдарынан еткей!

 

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары