Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Абу Ханифа мазһабындағы неке мәселерінің дәлелдері
23 шілде, 2015 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

وَقَالَ تَعَالَى فَلا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِيمَا فَعَلْنَ فِي أَنْفُسِهِنَّ بِnikax-kak-ukrasit-gusyaالْمَعْرُوفِ     البقرة: 234


Осы Бақара сүресінің 234-аятында: «Әйелдердің өздеріне  істеген жақсылықтары үшін сендерге күнә артылмайды» -делінген.


 أَضَافَ النِّكَاحَ وَالْفِعْلَ إِلَيْهِنَّ، وَذَلِكَ يَدُلُّ عَلَى صِحَّةِ عِبَارَتِهِنَّ وَنَفَاذِهَا؛ لِأَنَّهُ أَضَافَهُ إِلَيْهِنَّ عَلَى سَبِيلِ الِاسْتِقْلَالِ؛ إِذْ لَمْ يَذْكُرْ مَعَهَا غَيْرَهَا. وَهِيَ إِذَا زَوَّجَتْ نَفْسَهَا مِنْ كُفْءٍ بِمَهْرِ الْمِثْلِ فَقَدْ فَعَلَتْ فِي نَفْسِهَا بِالْمَعْرُوفِ، فَلَا جُنَاحَ عَلَى الْأَوْلِيَاءِ فِي ذَلِكَ.


Алла Тағала неке мен некеге себепкер болатын істі әйелдердің өз мойындарына артты. Осы аяттан түсінгеніміз уалисіз әйелдің некеге бара алатынын, және осы мәселеде тұрмыс құруға келісіп немесе келіспеуге құқылары бар. Себебі аятта оларға ешкім қосылып айтылмады. Мысалы, бұл ретте ұлы имамдарымыз: «Өзіңе тең бір кісімен махрын алып тұрмыс құрса, ол өзіне жақсылық қылған болып есептеледі. Осы ісінде сол әйелдің уалилеріне күнә жоқ» - деп, түсіндірді.


وَرَوَى ابْنُ عَبَّاسٍ «أَنَّ فَتَاةً جَاءَتْ إِلَى النَّبِيِّ - صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ - فَقَالَتْ: يَا نَبِيَّ اللَّهِ، إِنَّ أَبِي زَوَّجَنِي مِنِ ابْنِ أَخٍ لَهُ؛ لِيَرْفَعَ خَسِيسَتَهُ، وَأَنَا لَهُ كَارِهَةٌ! فَقَالَ لَهَا: أَجِيزِي مَا صَنَعَ أَبُوكِ، فَقَالَتْ: لَا رَغْبَةَ لِي فِيمَا صَنَعَ أَبِي! قَالَ: فَاذْهَبِي، فَانْكِحِي مَنْ شِئْتِ! فَقَالَتْ: لَا رَغْبَةَ لِي عَمَّا صَنَعَ أَبِي يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَلَكِنِّي أَرَدْتُ أَنْ أُعْلِمَ النِّسَاءَ أَنْ لَيْسَ لِلْآبَاءِ مِنْ أُمُورِ بَنَاتِهِمْ شَيْءٌ» . وَالِاسْتِدْلَالُ بِهِ مِنْ وُجُوهٍ: أَحَدُهَا: قَوْلُهُ - عَلَيْهِ الصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ -: «فَانْكِحِي مَنْ شِئْتِ» . الثَّانِي: قَوْلُهَا ذَلِكَ، وَلَمْ يُنْكِرْ عَلَيْهَا، فَعُلِمَ أَنَّهُ ثَابِتٌ؛ إِذْ لَوْ لَمْ يَكُنْ ثَابِتًا لَمَا سَكَتَ عَنْهُ. الثَّالِثُ: قَوْلُهُ: «أَجِيزِي مَا صَنَعَ أَبُوكِ» - يَدُلُّ عَلَى أَنَّ عَقْدَهُ غَيْرُ نَافِذٍ عَلَيْهَا، وَفِيهِ دَلِيلٌ لِأَصْحَابِنَا عَلَى أَنَّ الْعَقْدَ يَتَوَقَّفُ أَيْضًا.


Абдулла ибн Аббас (р.а.) риуаят қылған хадисте Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жас қыз бала келіп: «Я РасулАлла,  менің әкем өз бауырының баласына өз дәрежесін көтеру үшін мені қалауымсыз некелестіріп қойды»- деп мұңын шағады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әкеңе бой ұсын!» - деп қызға ақылын айтқан екен. Әлгі қыз бала «Мен қаламаймын!» - деп, өз ойын ашық  білдіргеніне, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Онда қалаған адамыңа тұрмысқа шық!»- дейді.




  • Я РасулАлла! Мен әкемнің ісін құптамаймын, менің қалауым барша әкелер қыздарының болашақ жарын таңдауда дұрыс жолын көрсетіп, таңдау еркіндігін берсе екен.


Осылайша  Абу Ханифа (р.а.) мәзһабының ғұламалары осы хадистен қыз баланың тұрмысқа шығу еріктері өздерінде екенін үш жолмен дәлелдеген екен. Біріншісі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызға қалаған адамына  тұрмысқа шық деп айтуы. Екіншіден қыз бала әкесінің айтқанына көнбей келгенінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  әкеңе бойұсынбадың деп сөккен жоқ. Үшіншіден  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл қыз балаға  «әкең айтқанға көнсейші» - деген сөзінен, әкесі келіскен неке қыз көнгенге дейін тоқтап тұратындығын түсінеміз.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы: Бекболат Қосмағамбетов


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары