Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дұғамыздың жауапсыз қалмайтын  уақыты
23 шілде, 2015 жыл 462 Басып шығару нұсқасы

 duaАлла Тағалаға үздіксіз дұға жасау қажет. Алла сөзсіз дұғаларға жауап беруші. Бірақ дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары уақыттар бар. Соны біле жүрсек.




  1. Қадір түнінде

  2. Түннің үшінші бөлігінде және міндетті құлшылықтардан кейін

  3. Азан мен икама арасында

  4. Әр түндегі белгілі бір уақытта

  5. Міндетті құлшылыққа шақырған уақытта

  6. Жаңбыр жауған кезде

  7. Әр жұманың белгілі бір уақытында

  8. Ниеті шынайы адам Зәм-зәм суын ішкен кезде

  9. Сәжде кезінде

  10. Адам түнде оянып, Алла елшісі айтқан дұғаларды айтып, құлшылық қылса

  11. Дәрет алып ұйықтаған адам, түнде оянып Аллаға құлшылық жасағанда

  12. Адам Аллаға құлшылық қылған кезінде: «Сенен басқа Құдай жоқ. Сен пәксің! Шынында, мен әділетсіздердің бірі болдым» - деп дұға жасаса.

  13. Адамдардың қайтыс болған адам үшін жасаған дұғасы

  14. Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтқаннан кейін соңғы ташаххуд уақытында

  15. Аллаға Оның ұлық есімін атап құлшылық жасағанда. Себебі Алла Өз есімін атап дұға жасағанда жауап береді, ал Өз есімін атап жалбарынғанда сұрағанын береді.

  16. Мұсылман өзінің діндес бауыры үшін Аллаға дұға жасағанда

  17. Арафатта қажыда болған адамның дұғасы

  18. Рамазан уақытында жасалған дұға

  19. Алланы еске алатын мұсылмандар кездескен уақытта жасалған дұға

  20. Қиыншылыққа тап болған адамның: «Шынында  біқ Аллаға тиесіліміз және Оған қайтамыз. О, Алла қиыншылықта маған көмектес және орнына жақсылық сыйла» - деп жасаған дұғасы.

  21. Адамның жүрегі Аллаға шынайы жақын болған кезде жасаған дұғасы

  22. Жолаушының дұғасы

  23. Ораза ұстаған және ауыз ашпаған адамның дұғасы. Ораза ұстаған адамның ауыз ашқаннан кейін жасаған дұғасы.

  24. Әділ билеушінің дұғасы

  25. Баланың ата-анасы үшын жасаған дұғасы

  26. Қажылыққа барған адамның тас лақтырғаннан кейін жасаған дұғасы

  27. Қағба ішінде немесе Хиджра шегіндегі дұға



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары