Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Исламдағы сыйластық
20 қазан, 2021 жыл 603 Басып шығару нұсқасы

Ең әуелі бізді мұсылман үмметінен еткен, бізге әр сәт қаншама нығметке бөлеп отырған Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! “Тірі Құран” бола білген, мінезі көпке үлгі болған сүйікті Елшімізге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шексіз салауаттар мен сәлемдер болсын!

Жалпы халық арасында «сыйластыққа, татулыққа жететін ештеңе жоқ» деген жақсы мәтел бар. «Жақсы сыйлағанның құлы, жаман қорыққанның құлы» деп сыйластықты сырбаздықтың сыны етіп қарастырған. Ал, Саққұлақ би сыйластықтың мәртебесі турасында: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», − деген екен.

Сондай-ақ, ағайын адамдардың, мақсат-мұраты бір жандардың бір-бірін құрметтеп, сыйлауы жақсы тәрбиенің белгісі. Қазақ халқында «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» деген мәні терең өсиет сөз бар. Яғни жақын адамдардың араздастыруға, бір жамандық қылуға ниеттенген пиғылы бұзық адам олардың бір-бірін жат адамдай сыйлағанын көргенде арам ойынан айнып, қастық қарекетінен түк шықпайтындығын ұғынады. Өйткені олардың арасындағы өзара құрмет, сыйластық күшті. Араларынан ат алдырмайтын татулықтары берік. Бір-біріне «сіз-біз» десіп, жайылып жастық, иіліп төсек болып тұрады. Жақсысын асырады, жаманын жасырады. Ендеше осы өсиетті орындаған жандар ешқашан жағымсыз жағдайда қалмайды.

Қазақ арасында қалыптасқан осындай сыйластық пен құрметтің бір негізі төл діні – Исламда жатыр. Әбу Мұсадан (оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, мүмін мүмін үшін біртұтас құрылыс сияқты, бірін-бірі бекітіп тұрады», – деп, саусақтарын айқастырған.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахаба Әбу Һурайраға былай дейді: “Ей, Әбу Һурайра! Бауырларыңды ара-кідік зиярат етіп тұр - сүйіспеншіліктерің артады”.

Алла сыйластығымыздан айырмасын!

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары