Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ІЗГІЛЕРМЕН ДОС БОЛУ
29 қараша, 2022 жыл 516 Басып шығару нұсқасы

«Адамның әдепсіздігіне немесе ізгілігіне достан артық әсер ететін ешкім жоқ» (Суфьян әс-Сәури).

Дүниедегі ең үлкен сезімдердің бірі – достық. Шынайы достың адам өмірінде алар орны зор. Ислам діні де дос таңдауда үлкен жауапкершілік пен маңыздылықты жүктейді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам өз досының дінінде. Сондықтан, өз жақын достарыңның кім екеніне қарағын!»-дейді. Шыныменен, адам баласының мінезінің қалыптасуына араласатын досының әсері үлкен. Себебі адам жақын досының қасиеттерін өз бойына сіңіреді. Досы жаман адамның мінез-құлқы да соған сай өзгере бастайды. Ал, таңдаған достары иманды, тақуа, Алла Тағаланы таныған жандар болса, өзі де солармен бірге кемелдене түседі. Бойына ізгі жандардың игі қасиеттерін сіңіріп, таным-түсініктері дари бастайды. Міне, осылайша ол жаман қасиеттерден арылып, нәпсісін тізгіндеп үйренеді. Ал, адам үшін осыдан артық шынайы дос болсын ба?!

Қасиетті Құрани Кәрімде де Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар, және шыншылдармен бірге болыңдар!»,-деген. («Тәубе» сүресі 119-аят).

Ізгі дос адамға дұрыс бағыт-бағдар беріп, тура жолды нұсқайды.  Ондай жандармен дос болу кез-келген жанның иманын күшейтіп, тақуалығын арттырады. Мінез-құлқы көркейіп, рухани кемелдене түседі. Лұқман Хакім шынайы дос жайында өзінің баласына былай деп өсиет айтқан: «Балақайым, иман нығыметінен кейінгі ең ұлы амал- шыншыл дос табу. Шыншыл дос үлкен жеміс ағашы секілді. Отырсаң саған көлеңке болады, жемісі сен үшін тағам болады. Еш пайда бермегеннің өзінде саған ешқандай зиянын тигізбейді».

Шынайы мұсылман қоғамын достықсыз елестету мүмкін емес. Құдси хадисте: «Кімде-кім менің разылығым үшін бір-бірін жақсы көрсе, мәжілістес болса, бір-бірін зиярат жасаса, бір-біріне жәрдемдессе, менің махаббатым оған нәсіп болады»,-делінген. Яғни, Алланың құрметіне ие болады. Шынайы достық пен бауырмашылдықтың жемістеріне ие болады.

"Бала қажы" мешітінің имамы

Нуров Махмуд Нұрұлы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары