Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбар сіздің әкеңіз болса қуанбас па едіңіз?
16 наурыз, 2021 жыл 249 Басып шығару нұсқасы

Бірде Алла елшісі үйіне қайтып келе жатып, көшеде ойнап жүрген балаларды көреді. Бір топ бала асыр салып ойнап жүргенде бір баланың оңаша жылап отырғанын байқайды. Сонда Пайғамбарымыз әлгі балаға жақындап неге жылап отырғанын сұрайды. Бала:

 

* Менің әкем Бадре жанындағы шайқаста қайтыс болды. Ал, анам басқа біреуге тұрмысқа шықты. Өгей әкем мені үйден қып жіберді. Енді барар жер, басар тауым жоқ. Ата-анасымен тұратын, қарны тоқ, асыр салып ойнап жүрген балаларды көргенде жылағым келеді – деп жауап береді.

 

 

Сонда Алла елшісі баланы қолынан алып:

 

 

- Сен менің саған әке болғанымды, Айшаның саған ана болғанын, Хасан мен Хусейннің саған бауыр болғанын қалайсың ба? – деп сұрайды.

 

 

- Әрине, мұны кім қаламайды деп қуаныштан айғайлап жібереді бала.

 

 

Сөйтіп біршама уақыт өткенде үсті-басы таза, бүтін киінген бала өзінің әлгі қатарластарына келеді. Оны көріп таңқалған достары:

 

 

- Сен қалай өзгергенсің? Сен өткенде ғана жылап жүр едің ғой, енді шаттанып жүрсің – дейді. Сонда әлгі бала:

 

 

- Пайғамбарымыз сендердің әкелерің болса қуанбас па едіңдер? – деп, өз басынан өткен жағдайды айтып берген екен.

 

 

Адам туғаннан бастап басынан түрлі сынақтарды өткереді. Олардың бірі жеңіл болса, бірі адам өмірінде өмір бойы із қалдырады. Жетімдік те сондай ауыр қиындықтардың бірі.

 

 

Алла елшісі де ерте жасында жетім қалып, туысқандарының қолында тәрбиеленген. Әрдайым мейірім мен қайырымдылықтың үлгісін көрсетіп, жетім-жесірлерге көмек қолын созған.

 

 

Ислам да жетімдерге асқан мейірімділік танытуға, қамқор болуға үндейді. Алла елшісінің өзі сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын көрсетіп: «Кім жетімдерге қамқорлық таныста, мен сонымен Жұмақта осылай жақын боламын»-деген. Дана халқымыз «Жетім көрсең жебей жүр» - деп қайырымдылық танытуға шақырады. Ендеше жетім көрген жерде Пайғамбарымыздың сүннеті орындауға, асырамасақ та, жәрдем жасауға тырысайық!

 

 

Қарағанды облыстық орталық мешіті

 

 

Әмина Омарова

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары