Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер...
01 қазан, 2015 жыл 1481 Басып шығару нұсқасы

     Халқымыз  атам заманнан қарттарын қазынасына бағалап, оларға үлкен құрметпен қараған. «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй –панасыз», - деген нақыл сөз де текке айтылмаса керек. Ата-бабаларымыз ертеден ақсақалдардың ақылына жүгініп, олардың бір ауыз сөзіне құлақ асқан. Кешегі би-шешендердің, толғамды ойлары мен парасатты сөздері мен ақ жаулықты аналарымыздың өнегелі өмірі бүгінгі ұрпақтың рухани азығы. Бірақ, соның парқына барып, қолдағы алтынның қадірін біліп жүрміз бе?! Қазіргінің қарттары төрде отырып ақыл айтқанның орнына, баладан қайыр болмай, қарттар үйін паналауда. Естіген құлаққа түрпідей тисе де, бұл шындық. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі қарттар үйі 67-ге жетіп, онда 12 мың адам тұрып жатыр.


       Құран Кәрімде: «Біз адам баласына ата-анаға жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіреп, қинала жүріп (тоғыз ай бойы) көтереді. Емшектен екі жылда шығарады. Сондықтан оған: «Маған және ата- анаңа алғысыңды білдір», – деп бұйырдық» («Лұқман» сүресі, 14-аят), - делінген.


     Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды. Ата-анаңа жамандық қылсаң, ертеңгі күні сенің де балаңның дәл солай жасамайтынына кім кепіл?! Ел аузында жүрген әсерлі әңгімені назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.


      Қалада тұратын бір жанұя болған екен. Отағасы ауылда жалғыз қалған әкесін қолына көшіріп әкеледі. Бірақ, әйелі күйеуінің бұл ісін құптамады. Ауыл да жағдайын жасар ешкімі жоқ, қалай қалдырамыз деп, болмай әкесін алып келеді. Қарт кісі келгеннен бері үйдің берекесі қашты. Күнде ұрыс, жанжал. Келіні атасының бірге тұрғанын жақтырмай, күйеуіне күнде шағымдана берді. Бір күні әйеліне күйеуін көндіріп, атасын қарттар үйіне апару туралы ой келеді. Жұмыстан шаршап келген күйеуіне күнде осы әңгімені айтып, тырысып бақты. Басында көне қоймаған үй иесі, ақыры әйелінің сөзін тыңдап, ең дұрысы осы болар деп қарт әкесін қарттар үйіне тапсыруға бел байлайды. Келіннің қас-қабағынан ұғынып жүрген әкесі де үндемей келісті. Олармен бірге үйдегі кенже ұл да еріп барады. Қарияны орналастырып, қайтып келе жатқан да бала әкесіне бұрылып:




  • «Әке, мен де ертең сіз қартайғанда осы жерге әкелемін бе?», - деді.

  • Тосырқап қалған әкесі, көзінің жасына ерік беріп, қатесін түсінді. Кері бұрылып, әкесінің аяғына жығылып кешірім сұрады.


Халықаралық Қарттар күні құтты болсын! Қазыналы қарттарымыз аман болсын!


Гүлім Аятай

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары