Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Азан шақырып ат қоюдың сыры неде?
05 қазан, 2015 жыл 119 Басып шығару нұсқасы

Нәресте үшін жарық дүние есігін ашқаннан кейінгі салттардың бірі – құлағына азан шақырып, ат қою. Адамның сыртқы дүниені тануына жол ашатын бес сезім мүшесінің бірі құлақ екені белгілі. Құранда былай делінген: «Аллаһ сендерді аналарыңның ішінен еш нәрсені білмейтін күйде шығарды. Мүмкін шүкірлік етерсіңдер деп сендерге құлақ, көз және жүрек берді» («Нахл» сүресі, 78-аят.). Осы аятта анасының ішінен түк білмей шыққан адамның өзіне болашақта пайдалы нәрсенің бәрін үйренуі үшін белгілі бір мүшелердің берілгені айтылады. Соның бірі – құлақ. Алғашқы күндерден бастап сәби құлағына діни сөздердің айтылуының өзі өте маңызды. Сонда бала болашақта иманның негіздерін жатсынбай жанына жақын қабылдайтын болады («Исламдағы бала тәрбиесі»).


       Азан шақырып ат қою Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) келе жатқан сүннет. Алла елшісі сәби өмірге келген алғашқы күндерден-ақ мұсылмандыққа жақын болуы үшін нәрестенің құлағына азан шақыруды өсиет еткен. Ибн Аббастың (р.ғ.) риуаят етуі бойынша Алла елшісі (с.ғ.с.) немересі Хасан дүниеге келгенде, оның оң құлағына азан, сол құлағына қамат оқыған (Тирмизи, Әдаһи, 15). Иісі мұсылман халқымыз осы дәстүрді де бойына сіңіріп, жас нәрестенің құлағына азан айтып, ат қойған. Содан келіп ел ішінде «азан шақырып қойған аты» деген сөз қалыптасқан.


       Сондай-ақ, Пайғабарымыз (с.ғ.с.) немересі Хусайн бин Әлиден (р.а.): «Туылған баланың оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтса, балаға Үмму Сибианның (нәрселерге маза бермеуші жын-шайтан) зияны тимейді (Ибн Сунни)», - деген. Азан сөздерінен жын-шайтандар қашатыны мәлім. Бала туылғанда оны шайтан мазалайтындығы жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мәриям және оның ұлынан басқа, әрбір балаға туылған сәтте шайтан тиіседі. Шайтан тиіскенде бала шырылдай бастайды (Тафсир Ибн Касир, 1 – том, 336-бет)», деген. Бір қызығы әдетте қатты дауыстан шошынып қалтын нәресте, көпшілік жағдайда азан дауысын естігенде жыламай жата береді екен.


Гүлім Аятай

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары