Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жұма намазының фазилеті
27 тамыз, 2013 жыл 1484 Басып шығару нұсқасы

Жұма намазының фазилетіПайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім Маған Жұма күні 80 рет салауат айтса, 80-жылдық күнәсі кешіріледі»-дейді.
Алла тағала Құран Кәрімде: «ياء يها الذ ين امنوا اذا نودي للصلوة من يوم الجمعة فاسعوا الى ذكر الله وذروا البيع. ذا لكم خير لكم ان كنتم تعلمون » Мағынасы: «Ей, иман келтіргендер! Егер Жұма намазы үшін Жұма күні азан айтылса, Алланы еске алуға асығыңдар және сауданы тоқтатыңдар. Егер біле білсеңдер сендер үшін сол қайырлы».
Бұл аяттың түсу себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мінберде Жұма намазының құтбасын оқып тұрғанда, Шам жақтан сауда керуені келіп жамағаттың көбі намазды тастап керуеннің не әкелгенін көруге мешіттен шығып кетеді, мешітте 12 адамнан басқа жан қалмайды. Осыны көрген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мені Пайғамбар (с.ғ.с.) қылған Алланың атымен ант ішемін, егер де  осы 12 адам қалмағанда бұл жер оттан еріп ағатын еді»-деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім Жұма намазын себепсіз қалдырса, бір динар садақа берсін, егер таба алмаса жарты динар, ал енді қатарынан үш Жұманы қалдырса, ондай адамдар шариғаттың сот үкімдеріне куә болуға жарамайды».
Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім Жұма намазының құрметіне ғұсыл алса, күнәлары кешіріледі, үйінен Жұма намазына қарай ниеттеп шықса, әрбір қадамына 20 жылдық құлшылықтың сауабы жазылады, ал Жұма намазын өтесе 200 жылдық құлшылықтың сауабы беріледі». Сахабаларды көрген ұлы табиғиндердің бірі Сағид ибн Мусаийб айтқан: «Маған Жұма намазын оқу нәпіл қажылықтан артығырақ». Муйсара (р.ғ.) айтқан: «Күндердің бір күнінде қабірдің қасынан өтіп бара жатып, қабірдегі мұсылмандарға «Ассаламуғалейкум ей, қабір иелері! Сендер бізден бұрын өткенсіндер, біз сіздердің соңдарыңыздан ериміз, Аллаһ тағала бізге және сендерге рақым етіп, күнәларымызды кешірсін»-деп дұға қылғанымда қабірден дауыс естідім: ей, дүние адамдары! Сендер қандай бақытты адамсыңдар айына 4 рет қабыл болған қажылық қыласыңдар дегенде, мен ол қандай қажылық деп сұрағанымда, сендер білмейсіңдер ме? Айына 4 жұма оқисыңдар сол қажылық емес пе, шіркін біздер де мешіттеріне барып оқыған дұғаларыңды, қылған құлшылықтарыңды көрсекқой, бірақ біз сіздерге „бізге Я Алла осы марқұмдардың күнәләрын кешір„ деген тілектерін үшін разымыз. Бір риуаятта Мұса (с.ғ.с.) Байтул-Муқоддастың жаныңдағы тауға шықса, құлшылық қылып жатқан бір қауымды көріп, олардан кімсіңдер? деп сұрайды. Олар Я Расулла! Біз сіздің үмметіміз осы жерде құлшылық қылғанымызға70 жыл өтті, киіміміз сабырлық, тамағымыз жердін шөбі, сусынымыз жаңбыр-деп жауап береді. Осыны естіген Мұса (с.ғ.с.) іштей қуанады. Сол уақытта Алла тағаладан уахи келеді, Ей Мұса (с.ғ.с.) осының бәрінен ақырғы Пайғамбар үмметінің жұма күні оқыған 2 рәкәғат намазы артық болады-деп. Осы күн менің үмметіме берілсе екен деп Мұса (с.ғ.с.) армандайды. Сонда Алла тағала: Ей, Мұса (с.ғ.с.) саған сенбі, Исаға(с.ғ.с.) жексенбі, Ибраһимға (с.ғ.с.) дүйсенбі, Зәкәрияға (с.ғ.с.) сейсенбі, Яхияға (с.ғ.с.) сәрсенбі, Адамға (с.ғ.с.) бейсенбі, Мұхамедке (с.ғ.с.) жұма берілді. Ақырғы үмметтің дәрежесінің биіктігіне Мұса (с.ғ.с.) таңданады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): „бір күні маған Жәбрейіл (ғ.с.) періште келіп қолыңдағы күмістен ақ айнаны көрсетіп бұл жұма күні, Саған және Сенен кейінгі үмметіне мереке болсың деп Раббым жіберді, ортасыңдағы қара дақты байқап бұл не дақ деп сұрағанымда, ол бір сағат жұма күніндегі 24 сағаттың ішіндегі, егерде кімде-кім осы сағатта тілек тілесе сөзсіз қабыл болады және жұма күндердің патшасы„- деді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: Жұма күні Аллаһ тағала Періштелерді қолдарына алтын қалам мен күміс парақ беріп, жер бетіне жіберіп, мешіттердің есік алдарына барып, мешітке келген жұма намазын оқыған адамдардың есімдерін жазып алуын бұйырады. Адамдар намаздарынан босағанда Аллаһ тағала Періштелерге: „Мен оларды кешірдім олардың енді еш күнәлары жоқ„- дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Кімде-кім Жұма намазына ең бірінші, яғни әуелгі сағатында келсе құрбандыққа түйе шалғандай, одан кейін екінші сағатында келсе сиыр шалғандай, үшінші сағатында келсе қой сойғандай, төртінші сағатында келсе тауық сойғандай, бесінші сағатында келсе, тауық жұмыртқасын садақа етіп бергендей, Имам мінберге шыққанда періштелер жазуын тоқтатып, мінбердің жанына жиналып имамның уағызын тыңдайды, одан кейін келгендер намаз хақысы үшін келген болады. Қияметте адамдар Алланың дидарын көргенде, саптары жұма намазына қанша ерте келген болса, соншалықты Раббысына жақын болады. Ең бірінші Исламдағы шыққан бидғат жұма күні таң намазына келіп, Жұма намазын күтпей үйлеріне қайтуынан басталған. Жұма намазына әрдайым келіп жүрген адам кешіксе, Періштелер оны іздеп дұға қылады: Я Раббым! Оны Жұмадан кешіктірген кедейлік болса, оны байыт, егер ауру болса, шипасын бер, егерде оны басқа нәрсе шұғылдандырса, құлшылығың үшін босат, егер оны бос істер алдандырса, оның жүрегін бойұсынуға бұр. Аллаһ тағала жетіқат аспандағы Періштелердің кағбасы Бәйтүлмағаурдың жанынан ақ күмістен мұнара жаратқан, сол мұнараға Жұма күні Жәбірейіл(ғ.с.) шығып, азан айтады, Исрафил (ғ.с.) құтпа оқиды, Микайіл періштелерге имам болады. Жәбрейіл періште: „Мен айтқан азанның сауабын жер бетінде Мұхаммедттің (ғ.с.) үмметінің азаншыларына бердім„- дейді. Исрафил (ғ.с.): „Мен оқыған құтпаның сауабын жер бетіндегі Мұхаммедтің (ғ.с.) үмметінің құтпа оқушыларына бердім„- дейді. Микайіл (ғ.с.): „Менің имамдығымнан болған сауаптың барлығын жер бетіндегі бүкіл имамдарға бердім„- дейді. Сол кезде ұйыған Періштелер: „бізге болған сауапты жер бетіндегі бүкіл ұйыған адамдарға бердік„- дейді, сонда Аллаһ тағала: бүгін Жұма намазын оқыған құлдарымның бүкіл күнәсін сүйікті құлым Мұхаммедтің (ғ.с.) соңынан ерігендігі үшін кешірдім.
Қадірменді жамағат! Жұма күні жұма намазына қатысып, жоғарыдағы сауапқа ие болайық!
Араб тілінен аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зүлжаладдинұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары