Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Хайырлы білім сұрау
15 қараша, 2021 жыл 2197 Басып шығару нұсқасы

Аллаға шүкір деп айталық, бүгінгі қоғам  білім  алудың маңыздылығын уақыт өткен сайын мойындап келеді. Білім жинаудың жан-жақты тәсілі де адам атаулысынан артылған емес. Өркениеті қарыштап дамып жатқан елдер білімнің арқасында талайларды бағындыруда. Әсіресе интернет желісінде бұл мәселе өте өзекті. Бірі керегін тауып, білімін  арттырып жатса енді бірі үйренген, көрген білімін өзгеге үйретуде. “Курсқа жазылып, біліміңді арттыр” деген сыңайлы парақшалардың  күн санап көбейгені, білімімді толықтырсам деген халықтың сұранысынан туған болар!?

“Білім – инемен құдық қазғандай” деп халқымыз бекер айтпаған. Білімді том-том кітаптан немесе интернет желісінен оп-оңай алуға да болады . Дегенмен, біздің көркем дінімізде білім алудың мән-маңыздылығын ескерсек білімнің хайырлысын  таңдауға  басымдық берген. Ең алғашқы аяттың өзі “оқы” деп келгені мұсылман жамағаты үшін таусылмас нығмет.  Бұл ретте әрбір адам баласы өз отбасынан бастап білімнің хайырлысын оның ұшаң-теңіз пайдалы екенін түсіндіре  жүруі сауап һәм  насихаттауы абзалырақ.   Адамзаттың асылы, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп, қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді! Ал, ғалымның қарапайым құлшылық етушіден артықшылығына келер болсақ, оның артықшылығы – аспандағы толық айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай. Шынында,  ғалымдар пайғамбарлардың мұрагерлері, ал пайғамбарлар болса, өздерінен кейін динар да, дирһам да қалдырмаған, олар тек білімді мұра етті. Кімде-кім бұл білімді алса, онда ұлы сыбағаға қол жеткізді”-деген. Сан ғасырлардан келе жатқан бұл мұраға толы насихатты әрбір Алланың құлы санасында мәңгі сақталса. Нұр үстіне нұр емес пе!?

Жоғарыда айтып өткендей оқуды, ізденуді адам баласы тоқтатпауы ләзім. Оның хайрлысын таңдап, таразылап алуы да адам баласының еншісінде. Өскелең ұрпақтың жадына ілім үйренудің асқан артықшылығын тарқатып айта жүру біздерге аманат екен. Құрметті, біздің құлшылық етіп, сауапты істерді жасауға ниет етіп жүрген барлық мұсылман бауырларымызды үздіксіз ілім іздеуге шақырамыз. Хайырлысы нәсіп етсін!

Қарқаралы  аудандық

«Құнанбай қажы» мешітінің имамы

Митератбек Кублайханов

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары