Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сәби бүлдіріп қойса...
09 қараша, 2015 жыл 2405 Басып шығару нұсқасы

Бала екі-үш жастан кейін барып өз еркімен дәретке отыра бастайды. Сондықтан бала осы жасқа толғанға дейін сабырлылық танытқан жөн. Кейбір балалар ерте үйретілгенімен, оқта-текте олар да әдетінен жаңылып жатады. Себебі, ол әлі кіші дәрет пен үлкен дәретке отыруды саналы түрде қадағалай алмайды. Өкінішке қарай, бұл жағдай көбіне ата-ананың ашуын тудырып жатады. Осындай жағдайда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзін қалай ұстағаны барлық ата-ана үшін өнеге екені сөзсіз.


Үнемі өзін бір қалыпты ұстаған ол немерелері не басқа кішкентай бала сиіп қойса да ұрсу, жеку дегенді білмеген. Мысалы, Уммул-Фадл басынан өткен оқиғаны былай баяндауда: «Мен Хұсейін ибн Алиді емізіп жатқанымда Алла елшісі (с.ғ.с) қасыма келіп, баланы сұрады. Қолына ұстатқаным сол еді, сәби үстіне сиіп қойды. Баланы қайта алмақ болып қолымды соза бергенімде: «Асықпа, бітірсін. Кедергі жасама» – деді. Ал киімнің былғанған жерін сумен тазалап жіберді. (әл-Хаким ән-Нисабури, әл-Мустәдрак аләс-Сахихайн, ІІІ, 180 –б., Хайдарабад, 1335).


Тағы бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бөлмесінде ұйықтап жатқанда үстіне шыққан немересі Хасан сие бастайды. Баланы алу үшін Әнәс (р.а) тұра ұмтылады. Сол сәтте оянған Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әй, Әнәс, жүрегімнің жемісі – блама тиіспе. Оған жапа көрсеткен маған жапа көрсеткенмен тең. Маған жапа көрсету – Алла Тағалаға жапа көрсетумен тең», – деп немересін еркіне қоя беруді айтады.


Сахабалар кейде балаларын көтеріп келетін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларды қолына алып еркелетпек болғанда, кейбіреулері үстіне сиіп қоятын. Ата-аналары ыңғайсызданып, балаларын кері алмақ болғанда, Пайғамбарымыз жайбарақат қалпын бұзбастан, тек бір ожау су сұрайтын. Суды баланың сиіп қойған жеріне құятын. Баланың еркінен тыс болған іске ашу шақырмайтын. Мұның өзі бала тәрбиесі тұрғысынан өте маңызды. Себебі бала бұлшық еттері жетілгенге дейін кіші дәретін ұстай алмайды. Мұндай жағдайда ұрсу, жеку баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Сол себепті мейлінше сабырлық таныта білген абзал.


«Исламдағы бала тәрбиесі»   

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары