Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күйеуің қазаншы болар, әйелің базаршы болар...
16 қараша, 2015 жыл 887 Басып шығару нұсқасы

Бүгінгі күні отбасын асырауға құлықсыз, жұмыс істеуге деген құлшынысы жоқ ер-азаматтарды жиі кездестіреміз. Әйелі жұмыс істеп, бала-шағасын асырауға жанталасып, отағасы үйде отырған жағдайларды да көз көріп, құлақ естіп жүр. Ата-бабамыздан қалыптасқан дәстүр бойынша әйел қазан-ошақтың баскөзі, ал ер кісі сол отбасының асыраушысы, балаларын имандылыққа тәрбиелеп, үй ішінде тәртіп орнатуы тиіс. «Еркекті намыс өлтіреді» деген қазақ әйел затына аса құрметпен қарап, ерге лайық түздің жұмысына салмаған. Көпке топырақ шашуға болмас, алайда көпшілік еркек кіндіктілер өзіне жүктелген жауапкершілікке немқұрайлы қарап, еңбек етуге ерінеді. Ерлі-зайыптылар арасында ажырасу да көбейіп, қаншама әке баласына «алимент» төлеуден жалтарып отыр. «Ақырзаман келгенде» дейтін  Мөңке бидің өлең шумақтарында осы мәселеге қатысты «күйеуің қазаншы болар, әйелің базаршы болар» деп келеді.


Исламда шариғат бойынша ер адам адал жолмен нәпақа тауып, отбасын асырауы тиіс. Әйелдеріне деген махаббаты, отбасына деген жауапкершілігі үмметіне үлгі болған Пайғамбарымыз(с.ғ.с) “Сіздердің араларыңызда ең жақсысы, әйеліне жақсы қарағандар”, - деп ескертеді.


Алла Тағала әйел затына аса қамқорлықпен қарап, оларға ана болу бақытын бұйырып, жұмақтың кілтін ананың табанының астына жасырды. Ықылым заманнан мұсылман баласы әйел затына үлкен құрметпен қараған. Әйелдің ең басты миссиясы –ана  болу, баласына жақсы тәрбие беру. Ал ер адам бала-шағасының басккөзі, олардың ешкімге жалтақтамай жақсы өмір сүруіне жауапты. Құран Кәрімде: «Ер адамдар әйелдерге жауапты, әрі басшы» («Ниса» сүресі, 34 – аят ) делінген.  Сонымен қатар «Бақара» сүресінің 233-аятында:



ف ْر َع َّ ْ بِالم ُن ُه ت َ ْ و ِس َك َّ و ُن ُه ْ ق ُ ِ رز ِ َ له لُود ْ َو َ َل ْى الم َ ع و



«Әйелдерді (аналарды) лайықты түрде ас-ауқат және киім-кешекпен қамтамасыз етуге баланың әкесі міндетті» ,- деп анық айтқан.



Тиын-тебенді тауып қана қоймай, оны ысырап болмайтындай, берекелі жеткізе білу де маңызды. Ысырапқа жол бермей, адал жолмен еңбек етіп, халал нәрсеге жұмсалған жерде қашан да береке бар. Құран Кәрімде айтылғанда   й:



ُ َاه َّ ا آت ِ م ْق م ِ ْف ن ُ َْلي ُ ف ُه ْ ق ِ ِ رز ه ْ َ َلي َ ع ِدر ُ ْ ق َن َم ِ، و ِه ت َ َ ع ْ س ِن ٍ م ة َ َ ع ْق ُ ذو س ِ ْف ن ُ ِي ل َا َاه َا آت َّ م ِال ً ا ا َ ْفس ُ ن ُف هّٰ الل ِ ُ َكّل ُ، لاَ ي الل ّٰه


 «Қалталы адам (әйелінің, балаларының нәпақасын) байлығына қарай молынан берсін. Ал ризығы шектеулі (жағдайы шамалы) болған адам Алланың оған нәсіп еткеніне қарай берсін. Алла тағала құлына бергенінен артық жауапкершілік жүктемейді» («Талақ» сүресі, 7-аят).



ُ ف َه ْ ت َْفق َن ٌ أ َار ۪ ين ِ r: »د ُ ُول هّٰ الل َس َ t َ ق َال َ : ق َال ر ة َ ر ْ ي َ ُر َب۪ي ه ْ أ َن 162 ع ٌ َار ۪ ين َد ْ ۪ك ٍ ين و ِس َ ٰلى م ِ ع َّ ْق َت بِه َ د َص ٌ ت َار ۪ ين َد ٍ و ة َ َ َقب ۪ي ر ُ ف َه ْ ت َْفق َن ٌ أ َار ۪ ين َد ِ و ۪ب ِ يل هّٰ الل َ س ِ َك« ْ ل َه َ ٰلى أ ُ ع َه ْ ت َْفق َن ۪ذي أ َّ ً ا ال ْر َج َا أ ُه ْ َظم َع ِ َك، أ ْ ل َه َ ٰلى أ ُ ع َه ْ ت َْفق َن أ


Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла  елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алла жолына берген пұл, құл азат ету үшін төлеген пұл, пақыр-міскінге садақа деп берген пұл және отбасыңның нәпақасына жұмсаған пұл; Осылардың ішіндегі сауап тұрғысынан ең үлкені отбасыңның нәпақасына жұмсаған пұл болып табылады», – деп айтты» – делінген (Муслим, зәкәт 39).


:r ِ ُ ُول هّٰ الل َس َ ِ اص َ ق َال َ : ق َال ر ْ ِن ْ الع ِرو


ب ْ َم ْ ِن ع ِ ب هّٰ الل ِد ْ ب َ ْ ع َن 163 ع ُ ُوت« ق َ ْ ي َن َ م ِع ّ ُ َضي َ ْن ي ً ا أ ْم ِ ِ إث ء ْ َر َ ٰف ْ ى بِالم »ك


Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ер адамның қолына қарап отырған әйелі мен бала-шағасын аш- жалаңаш етіп нәпақасыз қалдыруы, күнә ретінде оның бір басына жеткілікті болып табылады», – деп айтты» – делінген. (Әбу Дәуіт, зәкәт 45). Ендеше бар міндетті әйелдің мойнына жүктеп қою үлкен қателік. Алла Тағала әйел затын нәзік жанды қылып жаратса, ерлерді мықты, қажырлы етіп жаратты, сондықтан да ер адам табиғатынан әйелден күштірек, жұбайына, анасына, қарындасына арқа сүйер азамты болып қала бермек. Бір хадисте «Шын мәнінде, ер адам өз жарына жегізген бір түйір ас үшін де сый-сыяпатқа бөленеді», -дейді. Алла қандай болмасын ізгі амалды жауапсыз қайтармайды.



Гүлім Аятай


Қарағанды облыстық орталық мешіті




 




Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары