Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ДІН МЕН ДӘСТҮР - ҰЛТ БІРЛІГІНІҢ КЕПІЛІ
17 қаңтар, 2022 жыл 252 Басып шығару нұсқасы

Дүниежүзілік діндер күніне орай
Дін мен дәстүр - ұлт бірлігінің кепілі
Қаңтардың үшінші жексенбісі Дүниежүзілік дүндер күні болып белгіленген. Осы күні әлем елдері дінді насихаттап, халықтың бірлігін, татулығын арттырып, қайырымдылық, қамқорлық істерді жасауға шақырып, тыныштық пен бейбітшілікті нғайта түседі. Дін мен дәстүр қашанда ұлт болашағының кепілі болып келген.Қазақстан Республикасының ҚМДБ Бас мүфтиі ислам дінінің тазалығын, халықтың тышынтық - бірлігін сақтауда күш – жігерін тиімді жұмсауда. Біз жуырда Дүниежүзілік дүндер күніне орай Шахтинск қаласының бас имамы АСЕТ ИБРАЕВПЕН әңгімелескен болатынбыз.
- Асет Наурызбайұлы, елімізде жыл сайын қаңтардың үшінші жексенбісі Дүниежүзілік діндер күні атап өтіліп келеді. Бұл күн неліктен атап өтіледі? Осының тарихына қысқаша тоқталып өтсеңіз. 
- Иә, Дүниежүзілік діндер күні мерекесі жыл сайын атап өтіледі. Бұл мерекенің тарихы БҰҰ - ның бастамасымен 1950 жылы бастау алды. Датаны барлық әлемдік діндердің мазмұнының біртұтастығын жеткізу және дін әлемді ұрысып - таластыратын емес, керісінше, біріктіретін күш екендігін көрсету мақсатында АҚШ-тағы Бахаи дінінің ұлттық басқару органы бекітті. Адамзат тарихында көптеген діни дәстүрлер мен сенім – нанымдардың бар екені белгілі. Олардың арасында әлемнің әртүрлі аумағында көптеген сенушілері бар ең үлкен үш дінді бөліп айтуға болады: христиандық, ислам және иудаизм. Сондай - ақ халықтардың бір бөлігі буддизм, индуизм және зороастризмге ғибадат етеді. Әрине, діндер мазмұны жағынан бір - бірінен айырмасы бар, бірақ олардың барлығы адамзаттың басты құндылықтары тұрғысында бір - біріне етене жақын.
- Өзіңізге белгілі, көптеген мұсылман бауырларымыздың қатарында «жиһад» сөзінің мағынасын түсінбей, адасып жүргендер аз емес. Олардың кейбіреулері білімсіздігі мен сауатсыздығы салдарынан жат ағымдардың алдауына түсіп қалуда. Осы тұрғыдан не айтар едіңіз?

 -  Дұрыс айтасыз. Діннің ара - жігін ажырата алмай, адасып жүргендер қаншама. Жалпы айтқанда, радикалды діндердің өкілдері жиһадты теріс мағынада пайдаланып, «қарулы соғыс» деп түсіндіріп, адамдардың санасын улап тастады. Сайып келгенде жиһад – «қарусыз соғыс» деген мағынаны білдіреді. Бұл дегеніміз - ең алдымен өзіңді тәрбиелеу, өзіңнің тұла бойыңдағы жаман қасиеттермен соғысу, күресу деген сөз. Нәспсіңді жаманшылықтан, кереғар әркеттерден тия білу, білім іздеп, сана – сезімді нығайту. Діндар, ғұлама шайыр Тұрмахамбет Ізтелеуұлы «жиһад» ұғымын былай жырлаған: «Балалар, бос болмасын сабақтарың, жарқырар жаттасаңдар қабақтарың. Жастықта жатпай тұрмай жиһад етіп, жыртықтың жаңартыңдар жамап бәрін», - деп, «жиһадты» дәстүрлі «ыждаһат» мағынасында, білім үйренуге күш салу мәнінде жырлаған.Атақты Абылай хан да үш жүздің басын біріктіруде өз жақтастарын сабырға шақырып, «Үш жүздің басын біріктіре алсам бұл менің үлкен жиһадым» деген сөзі бүгін де тарих бетінен әлі күнге шейін өшкен жоқ. «Жиһад» ұғымының негізгі мағынасын түсіндіре алдым деп ойлаймын. 
- Қазақ салт - дәстүрлері мен ислам дінінің астасуы жөніндегі ой – пікірлеріңізбен бөліссеңіз. 
- Ислам діні қазақ даласына таралғаннан бастап, ғасырлар бойы халықтың өміршең рухани-моральдық құндылықтарымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен кірігіп, дін мен дәстүр бірлігін құрады. Өз болмысында мораль мәселесіне баса мән беретін ислам діні рухани құндылықтарды пір тұтқан қазақ төлтума руханиятымен үндескенде, дін мен дәстүрдің асқақ адамгершілік ұстанымдарға негізделген қайталанбас бірегей сұхбаты қалыптасты. Дегенмен кейбір радикалды дін өкілдері салт – дәстүрімізді жоққа шығарғысы келіп, шариғатымызда рұқсат етілген дәстүрлерді, ырым – тыйымдарды бұрмалап жүр. Ата – бабаларымыз әруағын сыйлаған, оларға құран бағыштап келген. Бұл сонау балаларымыздан келе жатқан саналы дәстүр. Бұны теріске шығарып жүргендер жоқ емес. Мұндай бассыздықтарды айта берсек таусылмайды әрине. 
- Асет Наурызбайұлы, елде жария етілген пандемияның салдарынан мешітімз біраз уақыт қызмет көрсете алмады. Індет тарап кетпеуі үшін адамдардың шоғырлануына тыйым салынды. Қазіргі күнде мешітіміздің жағдайы қалай? 
- Аллаға шүкір, қазргі күнде мешітіміздің есігі айқара ашылып, апта сайын жұма намазы оқылуда. Сондай - ақ мешітімізді заманауи типтегі мешітке айналдыруда бар күш – жігерімізді салудамыз. Қамқор мұсылман бауырларымыздың, жамағатымыздың арқасында мешітімізде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Алла қаласа алдағы уақытта мешітіміз гүлденіп, көркейеді деген үміттеміз. 
- ҚР ҚМЖБ Бас  мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы тарапынан төтенше жағдайға байланысты қауіпсіздік мәселесі талқыланып, имамдарға қажетті тапсырмалар берілді. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында не айтар едіңіз?     
- Бас мүфтиіміз еліміз бойлап #күшімізбірлікте хештегімен басталған акция мен қайырымдылық жұмыстарына қала мешіттерінің де атсалысуына шақырды. Бас имам қиындыққа тап болған қала халқына демеу болып, бірлік пен ынтымаққа бастау керек екенін алға тартты.иә, бүгінгі күнде барша мешіт Алматы тұрғындарына қолдау көрсетіп, бейбіт күнде қаза болғандарға құран бағыштап, дұға етіп, туған – туысқандарын сабырға шақыруда. Біз де бұл игі іске атсалысудамыз. 
- Асет Наурызбайұлы, мазмұнды әңгімеңіз үшін үлкен рахмет. Дін мен дәстүріміз ұлтымызға шынайы қызмет ете берсін. Иман жолындағы игі істеріңізге Алла тағала береке берсін. 
Әңгімелескен  А.Тұржанов

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары