Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құндылықтың құны неге кетті?
01 ақпан, 2021 жыл 384 Басып шығару нұсқасы
  • Қазір неге әр әйелге үнемі өз балаларымен бірге болу қиын?
  • Неге үйден сыртқа шығуға асығып тұрады?
  • Сыртқа шығу үшін өз балаларын өзі білмейтін бейтаныс жандардың тәрбиесіне беруге даяр?
  • Неге әйелдерді педагогика, бала тәрбиесі, денсаулық сақтау мәселесінен гөрі сән мен өсек-аяң көбірек қызықтырады?
  • Отбасының қадірі неге төмен?
  • Балалардың болашағынан гөрі, неге өз-өздерін күтуге, өз-өздерін шыңдауға бар күшін салады?

Қазір мұның бәрі бір айғайшының басы артық сұрағы сынды көрінеді. Десек те…

Әйелдер үйінде неге баласын бағып-қаққаннан, ерін күткеннен ләззат алмайды, шаттанбайды, неге қуанбайды? Неге оларға мұның бәрі үйдің күйбең тірлігі болып көрінеді? Осы міндеттерін атқарған құрлы неге үнемі шаршап-шалдығып, «ахілеп-ухілеп» жүреді? Ана болудың, жар болудың құны неге сонша төмендеді?

Неге бұлай болды?

Біріншіден, күні бүгін бір ошақтың түтінін түтетіп отырған әр әйел заты бала күнінде бала бақшаға берілген. Тәрбиеші әйелді алдына келген әр баланың тұлға болып қалыптасуы, тәрбиесі, адам болуы ойландырмайды.  Себебі оның алдында бір бала емес, 20-25 бала болады. Тәрбиеші оның бәріне қарап, тамақтандырып үлгеруі керек. Оларды анасындай жақсы көре алмайды. Себебі әр баланы «әлдилеп» отыратын уақыты жоқ. Еркіне бағындыру үшін үнемі ұрсып-жекуді көбейтеді. Осылай баланың 3 жылы балабақшада, 11 жылы мектепте, 4 жылы жоғары оқу орнында өтеді екен. Аналары балаларын сабақтан келгенде үйінде қарсы ала алмайды. Балалар өздері келіп, кешегі қалған тамақты жылытып жейді не кешке дейін аузына түскенді жеп аш жүреді. Кешкісін жұмысынан әбден шаршаған аналары келіп, не сөйлесуге, не баласына дұрыс қарауға мұршасы болмайды. Алған бағасын сұрап, сабақтарын үстірт оқытады. Сөйтіп келесі күн басталады.

Осылай бас-аяғы он сегіз жыл сыртқы ортаның тәрбиесін алып келген қыздарға, осы он сегіз жыл бойында «Оқы. Оқымасаң үй шаруасында отырасың. Өз наныңды өзің тауып жейтін бол» – дегенді ата-ана құлағына құяды. Өмірдегі бастысы құдды – алтын белгі, қызыл диплом,  жақсы карьера сияқты көрінеді. Не үшін? Себебі жақсы киім керек, жақсы тамақтану керек. Қатарыңнан қалмай қыдыру керек. Фитнес, бассейн, косметолог, тағысын тағылар, осының бәріне жететін жалақы керек. Бұл екі.

Осылай отбасына, бала-шағаға деген сүйіспеншілік те кемиді. Баланы жақсы көріп, онымен күнұзақ уақытты бірге өткізу үшін бұл істі жақсы көру керек. Күнде тәтті түрлі тағам пісіру үшін мұны да жақсы көру керек.  Үйді сәндеп, тазалап, жинап, өңін кіргізу үшін бұл істі де жақсы көріп істеу қажет. Ерінің мақсат-мұратымен өмір сүріп, соның болашағы мен істерін ойлау үшін де  ерін жақсы көруі керек. Ал ата-ана бала күнінде осының бәрін құлшыныспен атқаруға, әр істі жақсы көруге үйретпеген. Бұл үш.

Міне тәрбиенің ең бастауында жатқан осы ой жоғарыда қойған көп сұрағымыздың негізгі жауабы болмақ.

Бірақ шешім әрдайым табылады!

Бұл мәселенің шешімі – үйрену. Жақсы жар, парасатты ана болуды үйрену. Мейірімді көзбен қарауды үйрену. Жақсы көруді үйрену. Әр нәрсені шаршап, құлықсыз емес, ықыласпен атқаруға үйрену. Отбасын, ерін, баласын бағалауды, қадірлеуді үйрену. Жақсылықты үйренуге ешқашан кеш болмайды…

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары