Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бауырым бүтін болсын десең...
25 ақпан, 2022 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

 Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бауырластықтың ең жоғары үлгісін сөзімен де, ісімен де көрсеткен. Ол меккелік және мәдиналық сахабалардың арасында екі дүниедегі теңдессіз бауырластықты орнатты. Бұл, Алла жолындағы өзара сүйіспеншілік пен өзгеге қол ұшын созып, әрдайым көмекке әзір тұру, бір-бірін жақын тартуды көрсеткен бауырластық болды. Осы уақытқа дейін де және кейін де қаншама адамзат баласына бауырластықтың ең жоғарғы ғибрат алар үлгісі болып қала бермек. Абу Жухайфадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Салман Фариси (р.а.) мен Абу Дарда (р.а.) арасын бауырластырды. Бірде Салман Абу Дарданың үйіне зиаратқа келгенде оның əйелі Умму Дарданы жүдеу халінде көріп, «Саған не болған? Жүдеп кеткен көрінесің ғой» - деп, сұрайды. Сонда ол кісі жауабында: «Сенің бауырың Абу Дарда бұл уақытша дүниеден ешнəрсені қажет етпейді» - дейді. Кейін Абу Дарда келіп бауыры Салманға тамақ ұсынып: «Алып отыр мен ораза тұтқан едім» - дейді. Сонда Саламан: «Сен жемегенше мен де бұл тамақтан ауыз тимеймін», - дейді. Осы сөзден соң Абу Дарда бауырымен қосылып тамақ жейді. Түн орнаған сəтте Абу Дарда Раббысы үшін артықша нəпіл намаз оқу үшін орнынан тұрады. Салман оған: «Ұйықта»,-дейді. Жатады. Кейін біраз уақыттан соң қайта тұрып ғибадатына кіріспекші болғанда, тағы да «Ұйықта» - дейді. Жатады. Таң намазының уақыты жақындай бастаған сəтте Салман оған: «Ал енді тұр», - дейді. Сөйтіп, екеуі де, таһажжуд намазына тұрады. Одан соң Салман оған: «Расында сенде нəпсіңнің хақысы бар, Раббыңның хақысы бар, қонағыңның хақысы бар жəне шынында əйеліңнің де хақысы бар. Əрқайсысына өзінің хақысын бер»,-деп ақылын айтады. Ол екеуі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына келген уақыттарында осы жайында хабарлайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Салман дұрыс айтқан екен» [Бухари]- дейді.

Яғни, намаздарымызда тек өзіміз үшін ғана емес, бауырымыз, тіпті үйге келген қонағымыз үшін де дұғада болуымыз қажет. Ұйықтар алдын пәнилің нәрсені ұмытып, ақыретке дайын күйде жатуымыз абзал болады. Шындығында, мұсылман адам – жаны таза, қоршаған ортасына арамдығы жоқ, тіпті кешкілік төсегіне жатарда: «Йя, Алла, жан баласына деген жамандық, өшпенділік және көреалмаушылық деген жаман қылықтардан бойымды тазарттым. Куә бол!» деп айтып жатқан жөн.

Алла түнімізді тыныш етсін!

 

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары