Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ән айтуға және тыңдауға бола ма?
17 қыркүйек, 2013 жыл 59 Басып шығару нұсқасы

Ән айтуға және тыңдауға бола ма?Ислам діні өлең айтып ән салу немесе оларды тыңдау турасында қандай өлшем қояды? Нақты тыйым бар ма?
Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) кейбір мереке күндерінде немесе той мәжілістерінде жастарға өз араларында ән айтуға рұқсат берген. Бір жолы Хазіреті Айшаның тойдан қайтқанда „ән айтатын күң не деуі керек еді?„-деген сұрағына Аллаһ Расулы былай деп жауап береді:
„Сендерге келдік, сендерге келдік. Аллаһ сендерге де, бізге де өмір берсін. Қызыл алтын болмағанда, жеріңе керуендер қонбас еді. Сары бидай болмағанда, бойжеткендер өспес еді„.
Ислам дінінде өлең мен әннің үкімі бірдей. Егер бұлар нәпсіқұмарлық қоздырып, шариғатқа қайшы нәрселерге үндейтін болса, немесе бір залымды немесе бір әйелді мадақтайтын болса және келекелі сөздерден тұрса, оларды айту да, тыңдау да жәиз емес. Бұл турасында Ибн Абидин былай деген: „Харам әуен — еркектің, әйелдің құмарлық сезімдерін баяндайтын сөздер мен мұсылман және кітап иелерін келеке ететін мөздер„.
Қорыта айтқанда, мүминнің өте тамаша күндерде кездесетін қарапайым әуендерден басқа күнделікті өмірде қарапайым сөздерден құралған болса да ұзақ уақыт ән-өлең тыңдауға уақыты жоқ. Құран оқу, иләһи (діни әуендер), қасидалар (діни жырлар) тағы басқалармен қатар Аллаһ Тағаланы мадақтау мен зікір ету оған жеткілікті. Аятта: „Абайлаңдар! Жүректер тек Аллаһтың зікірімен ғана жай табады„-делінген.


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары