Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зекетім байлығымды қорғай ма?
11 сәуір, 2022 жыл 238 Басып шығару нұсқасы

Хасан әңгімелеуде:

Бір күні пайғамбарымыз (сас) өзін қоршай отырған сахабаларға: «Зекет – қолдағы мал мен байлықтың қорғаушысы, сақтаушысы», - деді. Дәл осы мезет бір христиан саудагер де айтылғандарға құлақ салып тыңдап отырды. Пайғамбар (сас) сөзін айтып бітірер-бітірмес әлгі христиан барған бойы малының зекетін берді.

Сол уақыттарда саудагердің жақын досы Мысырға саудамен жол тартқан еді. Екеуі бірге саудада жасайтын. Ол кездерде сауда үлкен керуендермен жасалатындықтан жол бойы қарақшылардың қармағына түсіп қалу қаупі жоқ емес. Христиан ішінен былай ойлады: «Егер Мұхаммедтің айтқаны рас болса, мен берген зекеттен досым қарашылар құрығынан аман-есен келеді, онда мен де мұсылмандықты қабылдаймын. Ал егер Мұхаммед жалған айтып жұртты алдаған болса, онда менің досымның саудасы жол бойы қарақшылардың талан-таражына түседі, онлда мен де қылышымды алып Мұхаммедтің сазайын беремін».

Бір уақытта жолдағы керуеннен хат келді. Хатта керуеннің қарақшыларға тап болып, бар дүние мүліктен айырылғаны жазылыпты. Хаттың бас жағын оқи сала христиан бірден қылышына қол жүгіртіп, жолға жиналмақ болады. Бірақ артынша досының «Керуеннің алдыңғы жағына қарақшылар шабуыл жасап, бар мал-байлықты ту-талапай жасағанда, мен керуеннің соңында едім. Маған ештеңе болған жоқ. Бар мал-байлығымыздың еш шашаусыз аман-есен келе жатқан жайы бар, Алаң болма! Жақында барып қаламын» деген сәлемдемесін алады. Бұдан кейін Пайғамбардың (сас) ақиқат сөйлеп, рас айтқанына христиан саудагердің зәредей де шәбесі қалмайды. Дереу Ақиық Елшінің (сас) алдына тізе бүккен күйі:

О, Расулалла, - дейді, - маған исламды түсіндір, иманға келейін.

Ислам түсіндірілгенде, ол ислам туының аясында адамзаттың ең тұнық бастауы мұсылманшылықты қуана қөабылдайды.

Дәулетті мұсылмандардың жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін зекет ретінде беруінің астарында үлкен мән жатыр. Тарқатып айтар болсақ, ол қоғамға қарасуға, қайырымдылық жасауға, жанашырлыққа жатады. Берілген зекеттер сол қоғамдағы мұқтаж жандарға, басқа да игілікті істерге жаратылатындықтан, бұл сол қоғамның қайырымды бола түсуіне жол ашады. 

Ислам діні адамды ақ, адал еңбегімен дәулетті болуға шақырады. «Әлсіз мұсылманға қарағанда Алла әлді мұсылманды анағұрлым көбірек жақсы көреді» деген хадистен де бұны байқауға болады. Өйткені мұсылманның түсінігінде  дәулетті болу көп жақсылық жасауға мүмкіндік береді. 

Хадистерге қарасақ, дәулетін қайыр-садақадан аямайтын жомарт адамға қызығуға да болатындығын аңғарамыз. «Алла Тағала маған да сондай байлық нәсіп етсе, қайыр, садақа, зекетімді беріп, осылай жұмсар едім» деп ниеттеніп, іштей сауап алуға болады. Құранда жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңызы туралы сөз етілгенде парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз. Мәселен, «Бақара» сүресінің 3-аятында:  «Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды» делінген. Алланың берген рызығы арқылы Аллаға жақындау үшін мал-мүлік сарып ету керектігі білдірілген.

«Шын мәнінде садақалар (зекеттер) кедейлерге, міскіндерге, зекет жинаушыларға, жаңа мұсылмандарға, құлдарға, борыштыларға, Алла жолында жүргендерге, жолаушыға (беріледі)» (Тәубе сүресі, 60-аят).

Осы рамазан айында сауапты істер еселенетін тұста зекеттеріңізді беріп қалыңыздар, құрметті мұсылман бауырлар! Зекетке шамасы келмеген кісі мүмкіндігі жеткенше садақа берсе жақсы. Зекет, ризықты арттырып, байлықты сақтайтын болса, садақа айтып-айтпай келетін бәлекеттің алдын алып, жамандықты қайтарады.

Зекетті зекет қорларына немесе жоғарыда аятта келтірілегн адамдарға тікелей беруге болады. Зекетті пікір садақамен шатастырмау керек. Пітір садақа жан басына есептеледі жәнеол тек рамазан айынджа беріледі. Зекет, адамның бір жылдық табысының белгілі бір бөлшегі. Оны кез-келген уақытта беруге болады. Абзал уақыты рамазан айы. Өйткені бұл айда амалдар бірнеше еселеніп жазылады екен амал дәптерімізге. Ендеше сауапты істерді жұмсауға барынша күш салып қалайық!

 

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары