Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Көркем мінез
30 шілде, 2013 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

Көркем мінезМұхаммед (с.ғ.с.) бiрде көшеде белi бұралып, бiлегi үзiлiп кете жаздап, ауыр дорба арқалап бара жатқан егде әйел кiсiнiң қолынан жүгiн алып, барар жерiне жеткiзiп салған екен. Әлгi әйел жiгiттiң азаматтығына қатты сүйсiнiп:
- Қарағым, көп көмек жасадың. Сыпайы мiнезiң, мейiрбандығың, тәрбие көргендiгiң көрiнiп тұр.
Адамгершiлiктiң үлгiсi екенсiң. Саған осы еңбегiң үшiн не болса да, қанша берсем де аз екенiн бiлемiн. Мен саған аналық ақыл-тiлегiмдi айтайын, тiлiмдi алсаң сен екi дүниеде де бақыт табасың, - дейдi.
- Айта қойыңыз.
- Айтсам сол - қазiр Мұхаммед деген бiреу шығып, өзiн пайғамбар деп жариялап, ата-баба дiнiн, жолын тәрк етiп, жаман ырым бастап жүр дейдi.
Сен соған iлесуден сақтан. Бiздiң заманымыздың ең қиын мәселесi осы болып тұр. Байқа, сақтан, - дейдi. Сол кезде Пайғамбарымыз:
- Шешей, сол айтқан Мұхаммедiңiз мен ғой, - дептi жымиып. Әйел аң-таң.
- Егер расында сол адам сен болсаң, онда мен саған сендiм. Сен насихаттаған дiнге ердiм, - деп Аллаһқа иман келтiрiптi.
Пайғамбарымыз әр мұсылманға өз дiнiн өзгелерге көркем мiнезi арқылы насихаттауын өсиет еткен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары