Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылман әдептері
01 тамыз, 2013 жыл 21 Басып шығару нұсқасы

Мұсылман әдептеріМұсылмандар - бір ағаштың бұтақтары негіздес.
Олар Ислам атты ортақ тектен, тамырдан өсіп - өніп, ұқсас тәрбие көріп, бірдей азықпен жетістірілген. Осы себептерге байланысты мұсылмандардың өзара қарым-қатынасында төмендегідей нәрселер әдептілік міндеттері болып табылады:
1. Кездескенде хал - ахуал сұраудан бұрын сәлемдесу, сәлем берсе жауап беру.
Сәлеміне қарап адамның кім екенін байқаса болады. Сәлемдесудің көркі жылы шырай мен кішіпейілділік. Мұсылман «Сізге Аллаһтан есендік тілеймін», -ұғымын білдіретін (Ассалаумағалейкум) деген сөзіне қайтарылатын, «Біз де Сізге Аллаһтан амандық тілейміз!» - деген мағынадағы (Уағаләйкумассалам) ізгі тілек мамыра жай көңіл жақындығы, жарастық нышаны болатынын ұмытпаған жөн.
Исламда сәлемдесудің жөн жоболары нақты қалыптастырылған. Мысалы: Алла Тағала Ниса сүресінің 86 аятында: «Сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар. Расында, Аллаһ Тағала әр нәрседен есеп алушы» -деп бұйырған болса, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ат үстіндегі - жаяуға, жүріп келе жатқан - отырған, аз адам - көпшілікке сәлем береді», - деген (Бұхари Муслим).
Сәлемдесу - үлкен мәдениет белгісі. Ол пенденің болмысын танытады, осыған орай халқымыз «Сәлем - сөздің басы». «Сәлем бермеген туысыңнан, қадіріңді білген жат жақсы», - деген сөзін дәл көрегенділікпен айтқан ғой.
«Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «О Расулуллаһ! Екі адам кездескенде алдымен қайсысы сәлемдеседі?» -деген сұрақ бергенде, Ол: «Алла Тағалаға жақын болғаның» - деп жауап береді. (Әбу Уммадан, ради Аллаһу анһу, Термизи «Расулуллаһ (с.ғ.с.), маған «Ей, балақай! Үйіңе кірсең үй – ішіңмен сәлемдес. Өзіңе және үй – ішіңе береке жауады!», - деп өсиет етті).
Анас Ибн Мәліктен, ради Аллаһу анһу, Тирмизи - «Сәлемдеспей, кездескен күйде әңгімелесе бастағанның сөзіне, ол сәлем бермейінше жауап бермеңдер!» (Бұхари, Муслим)
2. Бір істі ақылдасып істеу, бір мұсылман ақыл сұраса, кеңес беру. «Аллаһ Тәбәрака уа Тағала Құран - Кәрімнің, «Шура» сүресінің 38 аятында біздерге былай бұйыруда: Ал, және сондай Раббыларына мақұл дегендер, намазды толық орындағандар, сондай –ақ өзара істерін кеңеспен жүргізгендер және өздеріне берген несібемізді тиісті орындарға жұмсағандар» - деген мазмұнда өзара ақылдасып, іс жүргізу мұсылманшылықтың елеулі бір сипаты болып саналады. Және де кеңеспен іс басқаруды ескертеді.
Алла Тағала біздерді шынайы еңбекшіл және өзара істерімізді кеңеспен басқаратын құлдарынан ете көрсін! Әмин.
3. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Егерде сіздердің біреулеріңіз түшкірсе «Әлхамдулилләһ», - деп айтсын, ал оны естіген бауыры оған «Иархамука Аллаһ», - деп айтсын, егер оған бауыры: «Иархамука Аллаһ», - десе, онда ол оған; «Иахдикумуллаһ уа иуслих бәәләкум!, - деп айтсын!» «Хадисті, Бұхари риуаяты бойынша (Әбу һурайрадан) Алла оған разы болсын».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түшкірген кезінде қолын немесе жеңін аузына апарып, дауысын (кішірейтетін) ақырындататын. «Абу Һурайрадан ради Аллаһу анһу Абу Дауд тирмизидің риуаяты бойынша, Бұхари риуаяты бойынша, Абу Һурайра ради Аллаһу анһу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: Әлбетте Аллаһ Тағала түшкіргендерді жақсы көреді, ал есінеген адамды жек көреді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Егерде кімде-кім есінесе, оны қайыруға тырыссын, егерде біреулеріңіз қатты есінесе онда оған шайтан күледі». Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: Егерде біреулеріңіз есінесеңіздер; онда ол аузын қолымен (алақанымен) жапсын, жаппаса болмайды, онда оған шайтан кіріп кетеді». Муслим риуаяты бойынша Әби Сағид қудри ради Аллаһу анһудан.
4. Зиярат әдебі немесе басқа үйге бару қонаққа бару әдептері.
Аллаһу субханаһу да Тағала Құран - Кәримде біздерге былай бұйыруда: «Әй мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша, әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін қайырлы. Әрине түсінерсіңдер (27)
Егер үйде ешкімді таппасаңдар, өздеріңе рұқсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге: «қайтыңдар» делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі (28).
«Нұр» сүресінің 27,28- ші аяттары.
Әбу Һурайра Алла одан разы болсын, риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім Аллаһқа және ахирет күніне сенетін болса, қонағын күтсін, мейірімді болсын, кімде-кім Аллаһқа және ахирет күніне сенсе жақсы сөз айтсын немесе үндемесін».
Бұл хадистен біз қонақты күту, қарсы алу бұл да ислам әдептерінен екенін біліп отырмыз.
Абу Һурайра Алла одан разы болсын, риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: Мұсылманның мұсылманға бес ақысы бар:
1. Сәлемге жауап беру
2. Ауру адамға бару
3. Жаназа намазына қатысу
4. Шақырған жерге бару
5. Түшкірген кісіге жауап беру
Тағы бір хадисте Абу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: Әлбетте Алла Тағала қиямет күні айтады: «Ей адам баласы мен ауырдым ғой неге келмедің? Адам баласы айтады: «Ей Раббым! Қалай саған барамын, сен әлемдердің Раббысы емессің бе?» Алла айтады: «Менің ана құлым ауырып еді, неге оған бармадың?.
Егерде білсең, егер оған барсаң, онда мені сол жерде, оның жанында табушы едің. Иә Адам баласы менің тамақ ішкім келді ғой, Маған неге тамақ бермедің? Адам баласы айтады: Иә Раббым! қалай мен саған тамақ берейін, сен әлемдердің Раббысы емессің бе? Аллаһ Тағала айтады: сен білмедің бе анда менің бір құлым аш отырды ғой, неге оған тамақ бермедің? Егерде сен оған тамақ берсең онда, мендегіні сол жерде табушы едің ғой? Аллаһ айтады: Иә адам баласы мен шөлдедім маған неге су бермедің?.
Адам баласы айтады: Иә Раббым қалай мен сенің шөліңді қандырам, сен әлемдердің Раббысы емессің бе? Аллаһ Тағала айтады: менің бір құлым қатты шөлдеді ғой, суы болмады, неге су бермедің? Егерде сен оған су берсең мені сол жерден табушы едің» «Муслим риуаяты
Құрметті жамағат! Міне бір осы мағынасы терең хадистен біз, ауырған адамға бару, қал жағдайын сұрау, көмектесу, міне осының бәрі ең үлкен сауап екенін біліп отырмыз, және Али ради Аллаһу анһу айтты: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтып жатқанын естідім: «Бір мұсылман, мұсылман бауырын таңертең зиярат қылса, кешке дейін оған 70000 періштелер салауат айтып отырады, және оған Аллаһ Тағала «Хариф» - деген (күздік жеміс) жәннәттің жемісін береді» «Тирмизи риуаяты »


Дайындаған: Қарағанды қалалық №1 мешітінің наиб имамы Хайрулла Жақияұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары