Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ас ішудің ілімін үйрен!
24 қыркүйек, 2013 жыл 18 Басып шығару нұсқасы
Ас ішудің ілімін үйрен!Адал табыс табу тек қана адал жеу үшін. Өйткені тағамның бүкіл денені ғибадаттар үшін керекті күш қуатты қамтамасыз етіп адал рызық жинау ілімді ғибадат және құлшылық ілімнен бұрын келеді.
Ибн-и Сәйри (р.а.) хазіреттеріне бір кісі келіп: -Маған ғибадат және құлшылық амалын үйрет, - деді. Хазіреті сұрады:-Қалай ас ішесің? Ол кісі:-Қарным тойғанға деймін жеймін,-деп жауап берген кезде. Ибн-и Сәйри (р.а.) хазіреттері былай бұйырды:
-Сен бар, бірінші ас ішудің ілімін үйрен! Содан соң кел, саған ғибадат және құлшылық ілімін үйретейін.
Ас ішу туралы көптеген тәртіптері айтылған:
1. Арпаның нанын жеу керек. Өйткені арпа нанында берекет бар. Расулуллаһтың (с.ғ.с.) жеген наны. Бірақ үйлерде қолдану үшін бидай мен арпаны араластыруда берекет болғаны хадис-шәрифтерде айтылған. Үш нәрседе берекет бар:
1. Мүлікті қарызға сату.
2. Бір кісіге ақша беріп табысына оны ортақ ету.
3. Үйінде жеу үшін арпаны бидаймен араластыру.
2. Бидай және арпа ұнын әлемеу. Расында хайырлы замандардан соң исламның ішіне арыз болған бидъат екеу.
Біріншісі тойғанша тамақтану. Екіншісі ұнды елеу, - деп бұйырған. Келіп-кеткен салихтердің үйлерінде ұн елегі қолданылмаған.
Тамақтану екі түрлі болады:
1) Қарынды үшке бөліп біреуін тамаққа, біреуін суға және екіншісін тек қана ауаға, яғни дем алуға бөлу.
2) Қарынды екіге бөліп біреуін тамақ пен суға және екіншісін тек қана ауаға, яғни дем алуға бөлу.
3. Науқастың тамағындай аз тағам және суға түсіп тұншығудан қорыққандай аз ұйықтау.
4. Ет және сорпаны ылғи жей бермеу керек, арада бір тәрк ету керек. Хазіреті Али (р.а.) хазіреттері: Бір кісі қырық күн ет жеуді тәрк етсе, мінезі өзгереді. Қырық күн ылғи ет жеуді жалғастыра берсе, жүрегіне қаталдық келеді.
Нәтижеде бірқалыптылыққа мән беру керек. Ет адамның көзіне және құлағына қуат береді, пайдалылардың әміршісі. Еттің ең әдемі дәмді және жақсы болғаны бел сүйектерінің айналасында болған бөлімі. Еркек хайуанның еті ұрғашы хайуаннан жеңілдеу. Қара хайуанның еті ақ хайуаннан етінен дәмді. Сиырдың еті зиянды, сүті шипа және майы дауа. Ет адамның мінезін және жүзін сәндейді. Расулуллаһ (с.ғ.с.) былай деді: «Дүние және ақырет тағамдарының әміршісі ет». (Жалғасы бар)
Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары