Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өтірік айту мұсылманға жат
26 қараша, 2013 жыл 1262 Басып шығару нұсқасы
 

Өтірік айту мұсылманға жатӨтірік айту күнәлардың ең жаманы, кемшіліктердің ең нашары, көңілдерді (жүректерді) қарайтатын бүкіл жамандықтардың басы. Хадис шәрифтерде былай делінеді:


«Өтірік айту ризықты азайтады» (Әбушшәйх)


«Өтірік екі жүзділік есіктерінің бірі» (Ибн Ади)


«Иман иесі кез келген қатеге түсуі мүмкін. Бірақ қиянат жасамайды және өтірік айтпайды» (Ибн Әби Шәйбә, Бәззар)


«Дұрыс болыңдар, дұрыстық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа тартады. Өтіріктен сақтаныңдар, өтірікшілік күнәға, ал күнә жаһаннамға тартады» (Бұхари)


«Сөзбен шығарылған фитна, қылышпен шығарылған фитна сияқты. Ал өтірік айту, жала жабу арқылы шығарылған фитна қылышпен шығарылған фитнадан да жаман» (Ибн Мажә)


«Саудада жүретіндердің көбі күнәһар болады. Көп ант ішіп күнәға батады және өтірік айтып сауда-саттық жасайды» (Хаким)


«Халықты алдайтындар жаһаннамдық» (Табарани)


Пайғамбарымыз өтірік айтқан адамның аузы бір тараптан құлағына дейін темір ілмекпен жыртылатыны, ілмек екінші тарапқа өткенде, алдыңғы жыртылған тарап қалпына келіп, кейін қайта жыртылатыны, осылай қияметке дейін азап көретінін білдірген. (Бұхари)


Бір кісі расулуллаһ алейһиссаламға келіп:


Мына үш күнәға тұтылдым, тастай алмадым. Бұлар зина, өтірік айту және арақ,- дейді. Пайғамбарымыз оған:


Мен үшін өтірік айтуыңды таста!-деп бұйырады. Әлгі кісі мақұл деп шығып кетеді. Бір күнә істейтін кезінде «Егер мына күнәны істейтін болсам, расулуллаһ алейһиссалам сұраған кезінде “иә” десем күнә істегенім мәлім болады, “жоқ” десем пайғамбарымызға берген сөзімде тұрмаған боламын.» деп ойлады. Сөйтіп қалған екі күнәдан да бас тартты. (Шира)  


Дін ұлыларының айтқандары:


Балам, өтірік айтудан сақтан, ол құс етіндей тәтті. Одан аз адам құтыла алады. (Лоқман Хаким)


 Аллаһ дәргейінде ең үлкен қате өтірік айту (Хазреті Әли)


Шындықпен өтірік екеуі, бірі екіншісін қуып шығарғанға дейін көңілде (жүректе) күреседі. (Малик бин Динар).


Адамның Ішінің сыртына, сөзінің ісіне сәйкес болмауы - екі жүзділік. Ал екі жүзділіктің негізі өтірік айту. (Хасан Басри) 


Сахабалар үшін ең жаман, ең ауыр күнә өтірік болатын. Өйткені олар өтірікпен иманның бір арада болмайтынын жақсы білетін еді. (Хазреті Айша)  


 Мүшриктер хазреті Аммарға, әке-шешесін (хазреті Ясәр, хазреті Сумәййа) жәбірлеп ыстық құмның ішіне көміп, үстеріне ет пісердей ыстық тастарды тізіп қоятын. Кейін “Лат және Узза пұттары Мұхаммедтің дінінен жақсы деп айт” деп қинайтын. Айтпаса зорлық-зомбылықтарын одан сайын арттыратын. Бір ретінде Расулуллаһ алейһиссалам «Сабыр етіңдер, ей Ясәр жанұясы! Қуаныңдар ей Аммардың жанұясы! Күмәнсіз, сендерге уәделенген орындарың жұмақ» деп бұйырды. Ясәрдың тартқан азаптары тілдерде дастан болып айтылды. Зұлымдыққа ұшырамаған күндері болмады. Бір күні хазреті Умәййаны екі түйеге байлап екі жағынан тартып жәбірлеп жатқанда, Әбу Жәһлдің қамшысына шыдай алмай шәһид болды. Хазреті Ясәрді де жәбірлеп өлтірді. Исламды алғаш шәһид болған осылар еді. Хазреті Аммар кәпірлердің қинағандарынан айт дегендерін тілімен айтты. Пайғамбарымызға Ясәр кәпір болды деп айтылғанда, пайғамбарымыз былай дейді:


«Жоқ, ол кәпір емес. Басынан аяғына дейін иманмен толы.» (Ибн Мажә)  


«Аллаһу та’ала иманды Аммардың шашынан тырнағына дейін, бүкіл денесіне сіңдірген. Иман оның ет және қанына араласқан. Ол хақ қайда болса, сол жақтан орын алады. Оның денесінен кез келген бір бөлшегін күйдіру жаһаннамға жараспайды» (Ибн Асакир).


«Аммар бин Ясәр екі жағдайға тап болғанында міндетті түрде ең дұрысын таңдайды» (Ибн Мажә).


Кәпірлер хазреті Аммарды айтқаныны сеніп, оны босатады. Расулуллаһ алейһиссалам мүбәрәк қолдарымен оның көз жастарын сүртіп жұбатты. Бұл оқиғаға байланысты Нахл сүресінің «Аллаһқа күпір еткендерге ауыр азап бар. Бірақ көңіліне (жүрегіне) иман ұялағанымен (күпірге) зорлықпен мәжбүрлеп, тілімен ғана айтқандардан басқа.» деген мағынадағы 106-шы аяты түсті. Расулуллаһ хазреті Аммарға «Мүшриктер жәбірлейтін болса, тағы да осылай айт» деп бұйырды. Ауыспалы сөздермен де мәселен “Пәленшенің есігі баршаға ашық” делінсе, бұдан оның қонақжайлы кісі екендігі аңғарылады. Пайғамбарымыз бір күні кәрі әйелге «Кемпірлер жәннатқа кірмейді» дегенінде әйел қапаланады. Артынша «Сіз ол күні кемпір болмайсыз» деп бұйырды. Яғни жәннаттағы бүкіл әйелдердің жас болатынын білдірді. Адам өтірік айтуға мәжбүр болған кезде астарлы, ауыспалы мағыналы сөздер қолдануының зияны жоқ. Мәселен бір кісіні бір жақа ертіп кету үшін үйінен іздеп келсе, ол кісі де шұғыл шаруасы болғаны үшін барғысы келмесе, баласына “Әкем көбінесе пәлен кітапханада отырады.” деп айтуының зияны жоқ. Бірақ себепсіз бұлай істеу дұрыс емес. Мәселен “Мына қаламды сізге пәлен ғалым берді ма?” деп сұраған адамға, ол ғалым бермеген болса да “Аллаһу та’ала ол ғалымнан разы болсын” деп айту дұрыс болмайды. Өйткені бұлай деп айтуымен қаламды ол ғалым бергеніне меңзеген болады.  Әрбір мұсылман өзіне жасалуын қаламайтын нәрсені өзгеге де, тіпті кәпірге де жасамауы керек. Сатып жатқан нәрсені өз барынан (затынан) асырып мақтамау керек! Өйткені әрі өтірік айтқан боласың, әрі зұлымдық жасаған боласың. Тіпті дұрыс болған, сатып алушының білетін нәрсесін де айтпау керек! Өйткені бұл пайдасыз сөз, қияметте әрбір сөзіміз үшін есепке тартыламыз. Ант етіп сатуға келер болсақ, өтірік нәрсеге ант ішу харам болып табылады. Яғни үлкен күнә. Дұрыс нәрсе үшін де ант етпеу керек. Арзымаған нәрсе үшін Аллаһу та’аланың есімін атау құрметсіздік болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:


«Сауда-саттықта “уаллаһи  (Құдай ұрсын) мынадай”, “билләһи ондай емес” дейтін адамға және “бүгін болмады, ертең кел” деп сөзінде тұрмайтын өнеркәсіпшілерге обал болсын!» (Дәйләми)


«Мүлкін ант етіп ұнаттыруға тырысқан адамға қияметте мейірімділік етілмейді» (И. Ғазали).


Мұсылманның күнәсын, сырын және айыбын жасыру үшін:


Мұсылман бір жас жігітке жала жабылады. Соңында өлім жазасына кесіледі. Жазаның орындалу уақытын күтіп отырғанда өзіне жала жапқан адамдарға және мұның арасында патшаға да аузына келгендерін айтып,бәріне сөгіп айғайлап жатады. Бұл ащы ащы шыққан дауыстар біраз уақыт жалғасады. Патша сарайынан бұл айғайды естиді. Бірақ ұзақта болғаны үшін не айтқанын ести алмайды.


Екі уәзірінің жанына барған патша бұл жігіт не деп айғайлап жатыр деп сұрайды. Бірінші уәзірі «Патшам бұл жігіт “Аллаһ кешіргендерді үстем етеді” деген хадис шәрифті айтып жатыр, “Кешіргендердің барар жері жәннат” деп, сізден кешіруіңізді сұрап жатыр.» дейді. Бұл сөз патшаның көңілінен шығады. «Бұл жігітті кешірдім босатыңдар» дейді. Екінші уәзір дереу сөзге араласып: «Құрметті патшамыз, бұл уәзіріңіз сіздің ұлылығыңызға қарсы өтірік айтты. Ол жігіт кешірім сұрап жатқан жоқ еді, сізді балағаттап жатқан еді» дейді. Сонда патша: «Ей уәзір, сен орынсыз шындықты айтып, екі адамның өліміне себеп болмақсың. Ал мына уәзірдің өтірігі бір жанды құтқарған еді. Ұмытпа “іске жараған өтірік, фитнаға себеп болған шындықтан жақсы”» дейді.    Патша орынсыз шындықты айтқан уәзірін лауазымынан түсіреді, орынды түрде өтірік айтып кінәсыз адамды құтқарған уәзірді өзіне бас уәзір етіп тағайындайды.


Дін ұлылары өтірік айтуға мәжбүр болған кездерінде сөздің мағынасын өзгертіп, шындықты айтуды таңдайтын еді. Мәселен хазреті Муаз бин Жәбәл, міндетін атқарып үйіне қайтқанында әйелі «осыншама жұмыс істедің, зекет жинадың, бізге не алып келдің?» дейді. Ол «Маған қарап жүрген бақылаушы бар еді, сондықтан ешнәрсе әкеле алмадым» дейді. Ол бақылаушы деп Аллаһу та’аланы айтқан болатын. Ал әйелі болса, хазреті Омар бақылап, тексеріп жүруі үшін адам жіберген екен деп ойлайды. Әйелі ашуланып хазреті Омардың үйіне барып «Муаз Расулуллаһтың және Әбу Бәкір Сыддықтың сенімді адамы еді. Сіз не үшін оның артына адам салып жүрсіз?» дейді. Хазреті Омар хазреті Муаздан мән жайды білгеннен кейін, әйеліне біршама сыйлық жібереді.
Өтірік айтудың үлкен күнә екендігі Құран кәрімде және хадис шәрифтерде білдірілген. Құран кәрімде былай делінеді:
«Аллаһтың аяттарына сенбегендер, өтірік құрастырады» (Нахл 105).


Бұдан аңғарылғанындай өтірік айту иманға теріс нәрсе. Хадис шәрифтерде былай делінеді:


«Өтірік айту иманға жат нәрсе» (Бәйһақи).  


«Өтірік айту екі жүзділіктің белгісі» (Бұхари).


«Бойында мына үш мінездің бірі болған адам намаз оқыса да, ораза тұтса да, мүнафық (екі жүзді) деген сөз. Бұлар: Өтірік айту, сөзінде тұрмау, аманатқа қиянат ету» (Бұхари, Әбу Дауд).


«Мүминде кез келген мінез болуы мүмкін. Бірақ қиянат етпейді және өтірік айтпайды» (Ибн Әби Шәйбә, Бәззар).


Өтіріктің зияндылығы туралы білдірілген хадис шәрифтерде былай делінеді:


«Өтірік айту жаһаннам есіктерінен бірі» (Хатиб).


«Өтірік айтудан сақтаныңдар! Өйткені өтірік күнәға, ал күнә жаһаннамға сүйрейді» (Бұхари).


«Өтірік айту ризықты азайтады» (Исфахани, Әбушшәйһ).


«Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған қиянат етпейді және өтірік айтпайды» (Тирмизи).


«Кеңес сұраған кісіге өтірік айтқан адам оған қиянат еткен болады» (Ибн Жәрир).


Күлдіру үшін, қалжыңдап болса да өтірік айту жаиз емес. Хадис шәрифте былай делінеді:


«Адамдарды күлдіру үшін өтірік айтқандарға обал болсын!» (Әбу Дауд)


Алла тағала біздерді жалған сөйлеуден , жала жабудан сақтасын! Амин!





Балқаш қалалық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары