Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылмандық әдеп
17 наурыз, 2014 жыл 302 Басып шығару нұсқасы

Мұсылмандық әдепИслам - көркем мінез бен әдепке негізделген дін. Ол әрдайым тазалықпен пәктікті насихаттайды. Бұл оның негізгі қағидаларынан айқын көрінеді. Мәселен, дініміздегі қайсыбір амалды алсақ та, жақсылыққа,тазалыққа жетелері сөзсіз. Исламдағы материалдық және рухани мәдениет тек арғы дүниеде Алла разылығына бөлеумен шектелмейді, осы дүниеде де адам атаулыға үлгі боларлық өркениеттің негізін құрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде өзінің жіберілу мақсатын былай деп жеткізеді:
"Шындығында, мен көркем мінезді кемеліне жеткізу, толықтыру үшін жіберілдім". Демек, асыл дініміздің негізгі мақсаттарының бірі адамзатты тәрбиелеу болып саналады. Ал пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ғұмыр бойы жалықпастан, осы көркем мінезді үйтету мен болды. Алла Тағала Құран Кәрімде: "Сен, әлбетте, ұлы мінезге иесің" деп, оның көркем мінезін ерекше атап, арнайы аят түсірді. Олай болса, дінімізде мінез - құлықтың алатын орны ерекше. Иманның кәмілдігі де мінез құлықтың көркемділігімен, әдептің толықтығымен байланысып жатыр. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Мүминдердің иман тұрғысынан кәмілі - мінезі көкем болғаны" деген хадис - шәріпінде иман мен көркем мінез арасын байланыстырып отыр. Бұның астарлы мәні терең. Сондықтан көркем мінез, әдеп дегенд ібүкіл өмірімізді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) іс-әрекеттеріне қарай ұйымдастыру деп түсінуге де болады. Бұл хадисте Алла Тағала өз елшісіне айтқызып отырған көркем мінездің құрамында толық және жалпы әдептің маңызы зор. Ғалымдар оны ішіп-жеу әдебі, киім кию әдебі, жалпы барлық істегі әдеп деп бірқатар салаларға бөліп қарайды. Исламның негізгі қағидаларына жататын әдептің бұл түрлері өмірдің қай саласында да нағыз өркениеттің үлгісін көрсетеді. Олар адам өмірімен тығыз байланыса келіп, көркем мінездің ең биік мәртебесіне қол жеткіздіреді. Сондықтан болар, шариғатымызда жеке адамның өмірінде де, қоғамда да сенімділік пен достықты, бауырмашылдық пен жақсылық сүйгіштікті қалыптастыру ісі осы әдеп шеңберінде қалыптасады. Өйткені, әдеп адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында да көрінеді. Алла Тағала Құран Кәрімде мүминдердің өзара қарым-қатынасы туралы мынадай бір аят түсірген:
"Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер - бір-бірінің көмекшілері достары. Олар игілікке шақырып, жек көрінішті істерден тоқтатады. Сондай-ақ намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, елшісіне бой ұсынады. Міне, соларды Алла рахымына бөлейді. Расында Алла тым үстем, аса дана".
Қасиетті аят кәрімде әдептің бірқатар өлшемдері көрсетілген. Иманды жандар бір-біріне көмекші һәм дос болатыны айтылған. Ал достықтың сипаты олардың өздерін және бір-бірін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруы.
Әнас (р.а.) былай дейді: "Он жыл Алла елшісіне қызмет еттім. Жасаған қылықтарым үшін бір рет те "неге былай еттің" деп немесе жасамаған істерім үшін "неге жасамадың" деп кейігенін көрген емеспін. Тіпті бірде Алла Расулы мені бір жұмысқа жұмсады. Көшеге шықтым да ойынға айналып кетіппін. Арада қанша уақыт өткенін білмеймін, әлден уақытта арт жағымнан біреу тақап келіп, құлағымды ұстағанын сездім. Қарасам, әдеттегідей күлімсіреп тұрған Алла елшісі (с.ғ.с.) екен. "Міне, бара жатырмын дедім де айтылған істі орындауға жүгіре жөнелдім".
Алла елшісі (с.ғ.с.) бізге тура жолдан адаспау үшін ұстанатын екі нәрсе қалдырды. Бірі - Құран, екіншісі - Алла елшісінің сүннеті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бізге қалдырған ең маңызды мұрасы оның парызды, уәжіпті, сүннетті, мұстахәбті қамтыған түгелдей өмірі болса, онда оның әдебінен әдеп үйрену біздің қажеттілігіміз. Алла тағала Пайғамбарларды адамдар тура жолда өмір сүрсін, адаспасын деп жіберді. Олай болса, біз ішіп-жеудің, жатудың, тұрудың, күллі табиғи қажеттіліктерімізді өтеудің әдебін сол Алла елшісінің (с.ғ.с) өмірінен үйренеміз.


Абай аудандық орталық мешітінің бас имамы Хадимурат Имашев





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары