Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өмір сынақ
18 сәуір, 2014 жыл 1672 Басып шығару нұсқасы

Өмір сынақАдам баласы өлген кезде Алла Тағала періштелерден былай сұрайды: Құлымның көңіл-күйін алдыңдар ма? Періштелер: - «Иә» дейді. Құлым не деді? Біз Аллаһтікіміз. Аллахқа ораламыз деді,- дейді періштелер. Мұны естіген Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Құлыма жәннаттан бір үй жасаңдар. Ол үйдің атын һамд (шүкіршілік) үйі деп атаңдар».
Расулуллаһ (с.ғ.с.) «ең үлкен сыйлықтың берілуі, бәленің ең үлкен болуымен байланысты» деген.
Ұлы Аллаһ Тағала бір құлды сүйген кезде оны бәлеге ұшыратады. Оған сабыр етіп, разы болса, оны жақсы көретін құлдары қатарына қояды.
Бірде Мұса (а.с.) бір ақ құсқа кез келді. Құс Мұсаның (с.а.) иығына қонып: -Иә, Алланың пайғамбары! Бүгін мені өлімнен құтқар – деді. Кімнен? деп сұрады Мұса (с.а.), мына алып құс мені жегісі келеді – деп, Мұса с.а. ның жеңіне кіріп кетті. Ізінен қуып жеткен алып құс: Иә Алланың Пайғамбары! Менің жемтігіме бөгет болма деді. Мұса (с.а.) не қалайсың? Қаласаң қошқар сойдырып берейін,-деді. –Қой еті маған жарамайды,-деді құс.
Мұса алейһиссалам:
-Ендеше менің аяғымның етінен алып же!-деді.
Сонда әлгі ақ құс Мұса алейһиссаламның қолынан ұшып шықты. Алып құста оның ізінен кетті. Бір кезде екеуі де қайтып оралып, Мұса алейһиссаламға айтты:
-Мен Жәбірейілмін (а.с). Сенің Раббының құлдарына аяушылығыңды, шапағатыңды сынауға жіберілген едік!
Уаһаб бин Мунаббиһ былай дейді:
-«Тәураттан төрт жазу көрдім.Бірінші қатарда: Бір кісі Ұлы Алла Тағаланың кітабынан аяттар оқып ,еш кешірілмейтін шығармын деп ойласа, ол кісі Алла аяттарын келеке еткендерден болады.Екінші қатарда:Бір кісі қалталы бір байдың байлығы үшін оған иілсе ,дінінің үштен екісі кетеді. Үшінші қатарда: Бір кісі иелігіндегі бір нәрсені жоғалтқанына (адамын немесе дүниесін) өкінсе, Раббының үкіміне ашуланған болады. Төртінші қатарда: Бір кісі басына келген мусибәт қайғыдан пенделерге арызданса, Раббыны күнәлап, жазғырған болады!»-деп жазылған. Бір кісі басына келген қайғыға сабыр етсе, ол үшін үш жүз дәрежелік сауап беріледі.Әр дәрежесінің арасы жер мен көктің арасындай. Бір кісі зинадан, шараптан, күнәдан ұзақ тұрып, сабырлы болса, ол үшін тоғыз жүз дәрежелік сауап жазылады. Әр дәрежесінің арасы арш пен жердің түбіндей.
Бұл өмір біздерге сынақ өмірі, мангі ақірет өмірінің азығын осы азғана сынақ өмірінде жинайық. Алла Тағала барша иманды пенделеріне сабырлық пен шүкірлік нәсіп еткей!



Осакаров ауданы Тоқа Байғозықажы мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары