Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әлидің дархан мінезділігі
16 мамыр, 2014 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

Әлидің дархан мінезділігіХазірет Әли құрма бақшасында кешке дейін жұмыс істеп, кешкісін түйесіне бір қап жеміс теңдеген күйі үйіне қайтты. Түйенің тізгіні көмекшісі Қамбардың қолында, ал өзі болса алда келе жатты.
Мәдинаға кіре берісте жол шетінен жалынышты дауыс естілді. «Аллаһ разылығы үшін» деп өткен-кеткенге алақан жайған қайыршының күйі аянышты-ақ еді.
Дәл осы сәт Әли мен түйе жетектеп келе жатқан Қамбардың арасында мынадай бір әңгіме өрбіді.
Әли:
- Әй, Қамбар! Мына байғұс не сұрап тұр?
- Құрма сұрап тұр.
- Берсеңші, ендеше!
- Құрма қапта ғой..
- Қабымен бер, ендеше!
- Қап түйенің үстінде ғой..
- Түйесімен бер, ендеше!
Әлидың айтқанын бұлжытпай орындаған Қамбар: «Түйенің тізгіні менің қолымда деуге қорықтым, - дейді, - әйтпесе, мені де қоса ойланбастан әлгі қайыршыға беріп жібергендей еді...».
Иә, сахабалар тым дархан мінезді еді.


 Тағлым тамшылары кітабынан


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары