Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ақ ит пен қара ит
14 шілде, 2014 жыл 24 Басып шығару нұсқасы

Ақ ит пен қара итНемересімен күн шуақта отырған қарт сонадай жерде бір-бірімен ырылдасудан-ақ шаршамайтын екі итіне сырттай көз тастап отырды. Екі иттің біреуі қара, біреуі ақ еді. Бала ес білгелі әлгі иттер атасының ауласында ылғи да ырылдасып жатататын. Неге екені белгісіз, бұларды атасы қасынан бір елі ажыратқан емес. Бір үйді күзеткенге бір-ақ ит те жетпей ме, екеуінің түрі неліктен екі түрлі деген ойлар бала санасын көптен бері мазалап жүргендіктен осы жолы ептеп атасынан сұрауды жөн көрді.
Немересінің қойған сұрағына еріксіз жымиған қарт әуелі оның арқасын сипап біраз отырды, сөйтті де: - Олар мен үшін екі белгі, балам,- деді асықпай жұмбақтаған күйі.
Бала әлі де түсіне қоймағандықтан: -Ненің белгісі,ата?-деп қайта сұрады.
-Жақсылық пен жамандықтың белгісі,-деді қарт немересіне ендеше ол жайды бір тәппіштеп түсіндіріп қояйын деген кейіппен, - Тура мына сен көріп отырған әлсін-әлсін өзара ырылдасқан иттер секілді адам бойында жақсылық пен жамандық та ылғи бір-бірімен айқас үстінде жүреді. Бұларға қараған сайын мен соны еске аламын, сол үшін де оларды ылғи да өзіммен бірге ұстаймын....
Бала айқаста әйтеуір біреу жеңер болар деген ойын жасыра алмастан балаға тән сұрағыш кейіп танытты:
Ата,сонда бұлардың күресте қайсысы жеңеді?
Қарт жүзі қайта күлімсіреп: - Е,е балам-ай,- депті сонда,-қайсысына көбірек болыссам,сөзсіз сол жеңеді...
Бір іске тап болғанда кейде іштей көп ойланып тұрып қалатынымыз бар. Сондайда адам жамандыққа бастайтын нәпсіде гөрі жақсылыққа жетелейтін ақылға жүгінгені жөн.


Дереккөзі: Тағылым тамшылары


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары