Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Көркем мінез белгілері
25 тамыз, 2014 жыл 390 Басып шығару нұсқасы

Көркем мінез белгілері Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Егер бір нәрсені ұмытсаңыз Маған (с.ғ.с.) салауат айтыңыз Алла қаласа есіңізге түседі деген екен».


Мүміннің көркем мінезі турасында Алла Тағала Құран Кәрімде Мүминун сүресінде айтты: «Шынында иман келтіргендер мақсатына жетті. Олар намаздарын қорқынышпен өтеп, бекер сөзден қашып, зекеттерін беріп, ұятты жерлерін қорғап, тек өз әйелдерімен меншікті күңдерімен болса оларға сөгіс жоқ. Бұдан басқаны талап қылғандар шектен шыққандар. Аманатпен уәдеге берік болғандар».


Әнфәл сүресінде: «Шындығында иман келтіргендер Алла Тағаланың атын естігенде жүректеріне қорқыныш ұялап, аяттарын естігенде имандарының нұры күшейіп, олар Раббысына тәуекел етеді». «Олар намаздарын толық өтеп. Біз берген нәсіптерімізден садақа береді. Міне осылар шынайы мүміндер».


Фурқон сүресінде: «Рахманның құлдары жер бетінде сыпайы жүріп, егерде надандар сөйлесе сәлем деп жауап береді». Егер кімде-кімнің өз мінезі өзіне белгісіз болса, өз мінезін осы аяттарға салыстырып қарасын. Егер мінез-құлқы осы аяттарға сәйкес келсе, онда ол адамды мінезі толық көркем деп айтуға болады. Ал егерде осы жоғарыдағы мінез-құлық әр адамның бойында жартысы немесе мүлдем болмаса, онда ол адам осы қасиеттерді бойына дарытуға тырысуы керек.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде момынның сипатын баяндап кеткен, сол хадистерінің біршамасын сіздерге келтіреміз: «Әнәс ибн Маликтен (р.а.) Бухари риуаят еткен: Момын адам өзі жақсы көрген нәрсені өзгеге де тілейді. Кімде-кім Аллаға және ахирет күніне иман келтірсе, қонағын сыйласын. Кімде-кім Аллаға және ахирет күніне иман келтірсе, көршісін сыйласын. Кімде-кім Аллаға және ахирет күніне иман келтірсе, ізгілік жолымен сөйлесін немесе үндемесін». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде: «Иманы кәміл момындар, мінезі көркем болғандар» Және бір хадисте: «Егерде көп сөйлемейтін байсалды момынды көрсеңдер, оған жақын болыңдар себебі сендер одан даналық


үйренесіңдер». Тағы бір хадисте: «Кімде-кімнің істеген жақсылығы қуантып және істеген жамандығы оны ренжітсе онда ол момын адам». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Мұсылман адамға рұқсат етілмейді, мұсылман бауырын ренжітетін нәрсені көрсету». «Мұсылманға мұсылман адамды қорқытуға рұқсат жоқ». Момын адамның белгісі қандай деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Егерде ойының басым бөлігі құлшылық болса, онда ол момынның белгісі, ал егерде ішіп жеуі болса ойының басым көпшілігі, онда ол екіжүзділіктің белгісі» деп жауап берді әлемнің рақым нұры.


Арабшадан аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Дархан Асылтайұлы. Бекболат Зүлжаладдинұлы.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары