Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ер кісі ашуын тізгіндей білуі керек
05 қыркүйек, 2014 жыл 241 Басып шығару нұсқасы

Ер кісі ашуын тізгіндей білуі керекАшулана қалған жағдайда дер кезінде өз-өзін тізгіндеуді Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үмбетіне көп өсиеттеген. «Ашу - шайтаннан» деп, ашуға ерік берген адамның ібілістің тұзағына түсетінін айтқан. Бойын кернеген ызаны жеңе білудің жолдарын да көрсеткен.
Бір күні екі кісі бір-бірімен салғыласып, аяқ астынан ренжісіп қалады. Біреуі қатты ызаланып, терісіне сыймай қып-қызыл болып кетеді. Мұны көрген Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді:
«Мен бір сөз білемін. Егер мына ашуға булыққан адам сол сөзді айтса, Алла оның ашуын басады. Ол – сөз «Әуузу билләәһи минәш-шайтаанир-ражим» (Алланың мейірімнен мақұрым қалған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын)» - дейді. Алда-жалда ерлі-зайыптылар да бір мәмілеге келіспей өзара ұрысып қалса, отағасы қызылкеңірдек боп айтысып жатпай, дереу осы сөзді аузына алса, сабырға тез арада келе алады.
«Кімде-кім ашуланған кезде түрегеліп тұрса, дереу отырсын, онда да ашуы тарқамаса, созылып жатсын».
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) осы хадисінен адам бір жағдайдан екінші жағдайға ауысқанда ашуының тарқайтынын ұғамыз. Егер бойын крнеген кек тіптен бой бермей бара жатса,суық сумен дәрет алған жөн. Себебі тағы бір хадисте былай делінген:
«Ашу-шайтаннан. Шайтан болса оттан жаралған. Отты тек қана су сөндіреді. Кімді ашу қысса, дереу дәрет алсын».
Дәрет алғаннан кейін де ызасы тарқамаса, нәпіл намаз оқығаны жақсы. Себебі, Құранда: «Шынында намаз адамды бұзақылық пен жамандықтан қорғайды» деп айтылған. Намаз оқығанда адам нәпсісін басып дүниеден алыстайды. Көңілінде сабыр салтанат құрып, өткінші қиындыққа бола күнәға бармайды. Ашу қысқанда адамның аулаға шығып, бой жазып қайтқаны да пайдалы.



Сайтқа дайындаған: М.Қуандыққызы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары