Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Омар (р.а) мен жесір әйелдің оқиғасы
15 қазан, 2014 жыл 356 Басып шығару нұсқасы

bactrianusӘсламның риуаты бойынша, ол Омармен бірге базарға шығады. Олардың қасына жас бір әйел келді де: «Ей, мүміндердің әміршісі! Күйеуім қайтыс болған. Шиеттей бала-шағам бар. Оларды асырауым керек. Олардың орып алар егіні де сауып ішер малы да жоқ. Аштықтан өліп кете ме деп қорқамын. Өзіңіз де таныған шығарсыз, мен Әйма әл-Ғмфаридың қызымын. Әкем һудайбияда  Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) бірге болған»,-деді.


Хазірет Омар аз-кем үнсіз тұрды да: «Пайғамбарға жақын болғандарға  дұғай сәлем», -деді. Сосын бойын тіктеп, жолға шыдамды мықты түйенің бірін таңдап, киім-кешек пен  азық-түлік артты да,  оның бұйдасын әлгі әйелді  қолына ұстатты. «Мына түйені Ал бұлар таусылса, Алла Тағала бұдан да қайырлысын нәсіп етеді»,-деді.


Сонда Омардың қасында тұрғандардың бірі: «Ей мүміндердің әміршісі, оған тым көп жіберген  жоқсыз ба?»-дегенде,  Омар (р.а): «Не деп тұрғаныңды білемісің? Оның әкесінің Пағамбарымызбен һұдайбия соғысында  бірге болғанын білемісің? Алла Тағаланың атымен ант етейін. Бұл әйелдің әкесі мен баауыры бір қамалды ұзақ уақыт қоршауға алып, ақыры қамал алынған еді. Ол жерден түскен олжаны тең бөлген болатынбыз», - деді.


Дереккөзі: «Сахабалар салған сара жолы».

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары