Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жүрегім бір қалыпты
31 қазан, 2014 жыл 8 Басып шығару нұсқасы



UJp_1H-lgUkИслам ғұламасы – Имам Ағзам Әбу Ханифа өз заманының белді саудагерлерінің бірі болған екен. Ол кісі таңертеңнен түске дейін медреседе дәріс оқып, ал түстен кейін саудамен айналысыпты. Күндердің бірінде дәріс уақытында бір кісі жүгіріп кеп:
- Уа, имам, жүк алып келе жатқан кемеңіз батты, -депті.
Имам Ағзам біраз кідірістен кейін:
- Алла Тағалаға шүкірлер болсын!, -деп сабағын жалғастыра беріпті. Біраз уақыт өткен соң әлгі кісі қайта келіп:
- Уа, имам, біз жаңылған екенбіз, батқан кеме сіздікі емес екен, -деп хабар беріпті. Имам Ағзам болса бұл хабарды естіген кезде де, «Алла Тағалаға шүкірлер болсын! -деп қана қойыпты. Хабаршы аң таң болып:
- Уа, имам, кемеңіз суға батты деп хабар әкелгенде «әлхамдулилләһ» дедіңіз, батқан кеме сіздікі емес дедік, оған да «әлхамдулилләһ» дедіңіз – мұның мәнісін түсіндіріп беріңіз, -депті. Сонда Имам Ағзам:
"Сен «кемең суға батты», -деп хабар әкелгенде ішкі дүниемді, жүрегімді байқап қарадым. Жүрегім бір қалыпты соғып, ешқандай налу, өкіну сезген жоқпын. Сол себепті Алла Тағалаға шүкір айттым. Батқан кеме менікі емес екенін естігенде де жүрегім бір қалыпты соғып, алып ұшқан қуаныш сезім байқамадым. Өтпелі дүниенің өтпелі мал-мүлкіне деген осындай немқұрайлықты бергені үшін жаратқан Иеме шүкірлік айттым", - деген екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары