Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылманша жыл басы қай айдан және қашан басталады?
31 қазан, 2013 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

Мұсылманша жыл басы қай айдан және қашан басталады?2013 жылдың қараша айының төрті һижра жыл санауы бойынша 1-мұхаррам 1435 жыл мұсылман жаңа жылы болып есептеледі. Биыл – Хижраша 1435 жыл Хижра сөзi араб тiлiнде «көшу», «қоныс аудару», «тастап кету» деген мағыналарды бiлдiредi. Хижра жылының Ислам тарихында өзiндiк ерекше орны бар. Бұлай дейтiнiмiз, мұның төркiнi сонау пайғамбарымыздың дәуiрiне барып тiреледi. Расулуллаһ с ғ с хадисінде: «Бұл қасиетті айларда жақсылық көбейеді. Аллаһ Тағала пендесінің имамына қуат береді. Бұл күндерде Аллаһтың рахметі көбейеді. Осындай күндерде құлшылық ету және ораза тұту арқылы сіз де Аллаһтың рахметіне бөленіңіз»,-десе, ендігі бір өсиетінде: «Бір кісі осы қасиетті айлардың бейсенбі, жұма, сенбі күндерінде ораза ұстаса, Аллаһ Тағала ол кісінің үш күндік тұтқан оразасына екі жылдық оразаның сауабын береді. Егер сәрсенбіден тұтып жұма күні садақа берсе Аллаһ Тағала ол кісінің барша күнәларын кешіреді»,-деп мұхаррам айында ораза ұстаудың артықшылығын баян еткен.
Мұсылман жаңа жылы 622 жылдың шілде айынан басталады. Пайғамбарымыз с.ғ.с қасиетті Меккеден Мадина қаласына қоныс аударуынан бастап мұсылман күнтізбесі құрылды.
Мұхаррам айының оныншы күні-Ашура күні. Яғни 2013 жылдың қараша айының 13-інде Ашура арабша сөз. Тілдік мағынасы «оныншы» яғни, мұхаррам айының оныншы күні дегенді білдіреді.
Осы аталған күндерде нәпіл ораза тұтқан пайғамбарымыз с.ғ.с ескерткендей адамның күнәсінің кешірілуіне себеп көп болады. Ашура күнінде нәпіл ораза тұту туралы ибн Ғаббас риуаят етті.
«Пайғамбарымыз с ғ с Ашура күні ораза тұтуға бұйырды»-деді.
Пайғамбарымыз с.ғ.с Ашура күнінде тұтқан оразаның қандай пайдасы бар деп сұралғанда пайғамбарымыз с ғ с: «Ашура күні тұтқан ораза өткен бір жылғы істелген күнәларға каффаррат болады»,-деп жауап берді.
Пай-з сғс хадис шарифінде айтты: «Пай-дан сғс Рамазан айы оразасынан кейінгі ең абзал ораза қайсысы деп сұралғанда айтты: Аллаһ Тағаланың айы болғандықтан Мұхаррам айының оразасы»-деді.
Ашура күнгі нәпіл ораза тұтудың сауабы туралы пайғамбарымыз с.ғ.с : «Бір кісі Ашура күні нәпіл ораза тұтса, ол кісіге 12 мың үлкен қажылық еткеннің, 12 мың кіші (умра) қажылық және 12 мың шаһидтіктің сауабы жазылады»,-деді. Бұл хадис Ғимадул Ислам кітабында жазылған.
Сондай-ақ пайғамбарымыз (с.ғ.с) « Егер де бір кісі Ашура күні шын ниетімен 4 рәкат нәпіл намаз оқыса, ол намаздың әр рәкатында «Фатиха» сүресіне, «Ықылас» сүресін 10 реттен қосып оқыса, бұл оқыған намазы Аллаһ Тағаланың алдында шыншылдар оқыған намаз болып есептелер. Қашан Мұхаррам айы туып, Ашура күні келсе, тау, таста жүрген хайуандар да ораза тұтқандай болып шөп жемей, су ішпей таң атқаннан күн батқанға дейін бастарын көкке созып Аллаһ Тағаланың рахметінен үмітті болар»-деген.
Әрбір мұсылманға Ашура күні мына нәрселерді істеу ләзім болып есептеледі: 1. Тілді жаман сөзден сақтау. 2. Садақа беру.
3.Мұсылмандар бір-бірін разы ету. 4.Жаназа намазы болса, қатынасу.
5.Шаш алу. 6.Ораза ұстаушыға ауыз аштыру. 7.Құранды тилауат етіп оқу.
8.Жетпіс рет «Хасби Аллаһу уа ниғмал уакил » деп оқу.
9.Жетімнің басынан сипау. 10.Ғалымдарды зират ету. 11.Көзге сүрме тату.
12.Адасқандарды тура жолға салу. 13. Аурудың көңілін сұрау.
Осы аталған істерді істеу әр мұсылманға міндет, әрі сауапты іс болып саналады.
Айша р.а анамыз риуаят етті: «Исламнан бұрын жаһилет кездерінде Құрайыш тайпасы Ашура күні ораза тұтушы еді. Пайғамбарымыз сғс Мединеге келгеннен кейін өзі де Ашура күні ораза тұтты және басқаларға да бұйырды. Рамазан айында ораза тұту парыз болған соң Ашура күні оразаны тұту әркімнің өз еркінде қалды»-деді.
Ашура күні өте көп оқиғалар болған. Сол себепті де біз бұл күнге көбірек мән беруіміз керек. Фақих Әбу Ләйс Самарқанди Ашура күні болған оқиғаларды былайша тізбектейді:
1.Жер мен көктің жаратылуы. 2.Адам ғ с тәубелерінің қабыл болуы.
3.Мұса ғ с Перғауын зұлымдылығынан құтылуы және Перғауынның өлімі.
4.Ибраһим пайғамбардың ғ с туылуы және Намрудтың отынан құтылуы.
5.Аюбтың ғ с кеселінен айығуы. 6.Жүніс ғ с балық ішінен аман шығуы.
7.Сүлейменге ғ с салтанат берілуі. 8.Нұхтың ғ с кемесі Жуди тауына тоқтауы. 9.Хазіреті Хусеиннің өлтірілуі.
Ашура күні отбасына жақсылық жасау туралы.
Әбу Һурайрадан р.а риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз с ғ с: «Кім мұхаррам айынынң оныншы күні, яғни Ашура күні отбасына және жағдайы жоқ кедей-кебшіктерге жеңілдік пен кеңшілік жасаса, Аллаһ Тағала ол кісіге жыл бойы жеңілдік және кеңшілік жасайды»- деген. Ислам ізгілік пен әділет және мейірім шапағат діні. Сондықтан да дініміз Аллаһ және ақырет күніне иман келтірген жандарға мұқтаждарға, жетім-жесірлерге қамқорлық және қайырымдылық жасауға бұйырады. Мұндай игі де, сауабы мол ғибадатқа аса көңіл аударып, мұсылмандарды оған шақырады. Мұны пайғамбарымыздың с ғ с мына бір хадис шәріпімен сабақтасақ: «Кім жетімнің басын сипаса, Аллаһ Тағала әрбір шашының талы үшін жақсылықтар жазады. Кім Ашура күні ораза ұстаған бір момынның аузын аштырса, барлық Мұхаммед с ғ с үмметтерінің аузын аштырғанның сауабын алады»-деп үмметін құлшылыққа құлшындырады.
Дәлiрек айтқанда, хижра жылы пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) Мекке қаласынан Мәдинаға хижра жасағанынан, яғни қоныс аударған күнiнен бастау алады. Бұл – 622 жыл болатын.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) неге өз ата жұртын тастап, басқа қалаға көштi? Өйткенi, меккелiк мүшрiктер Аллаға иман келтiрген мұсылмандарға тыныштық бермедi, оларға қысым жасағандарын тоқтатпады. Мiне, осыдан барып пайғамбарымызға көшуге тура келдi.
Бұл мұсылмандар үшiн ерекше күн болды. Осының нәти- жесiнде хижра жылы қалыптасты. Мұның ресми түрде хатқа түсiрiлуi екiншi халифа Әзiретi Омардың (Алла оған разы болсын) еншiсiне тидi. Яғни хижра жылының 16-жылында Мұхаррам айында ресми түрде ендi. Қазiргi күннiң өзiнде «хижри» және «миләди» деп аталуы — осының айғағы. Әсiресе, бұл жыл аттары мұсылман елдерiнде жиi қолданылады. Тiптi кейбiр арабша кiтаптарда Ислам ғұламаларының туған жылдары мен қайтыс болған күндерi тек хижри жылымен ғана көрсетiлген.
Бұл екi жыл атауының арасында өзiне тиiстi бiршама айырмашылықтар бар. Мәселен, хижри жылы миләди жылынан он бiр күндей аз болып есептеледi. Сонымен қатар хижри айлар белгiлi мезгiлде тұрақты қалыптаспаған, олар
жылдың төрт мезгiлiнде де келе бередi. Мысалы, Рамазан айы, Құрбан айт мерекесi бiрде қыс айларында келсе, ендi бiрде жаз айына да кезек берiп отырады. Егер бұларды есептесек, жыл бойы кезектесiп келетiн айлар дәл бiр уақытқа, яғни дәл сол айға қайта айналып келуi үшiн отыз үш жыл уақытты талап етедi екен.
Хижри жылы да, миләди жылы да он екi айдан тұрады. Бұл жайында Құран-кәрiмде былай делiнген: «Расында Алланың қасында көктер мен жердi жаратқалы Алланың кiтабындағы айлардың саны он екi. Бұлардың iшiнде төртеуi харам айлар. Мiне, осы тура есеп» (Тәубе сүресi 36-аят). Осы тұста айта кету керек, Құран-кәрiмде жоғарыдағы аятта айтылғандай, «Шәһрун» (ай) сөзi 12 рет кез- дессе, «әл-яум» (күн) сөзi де 365 рет, «әл-әйям» (күн сөзiнiң көпше түрi), яғни бiр айда келетiн күндердiң саны 30 рет келтiрiлген. Мұның барлығы бiр жылда қанша ай, қанша күн бар және әр ай қанша күннен тұрады, соның айғағы.
Аллаһ тағала келе жатқан мұсылман жаңа жылымен барша мұсылман қауымға құт-берекесін әкелгей. Амин!


Балқаш қаласының орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары