
Әбу Ханифаның анасы бірде оған өтініш жасап, бір мәселенің жауабын ғалым Омар ибн Зәррден сұрап келші деп жұмсайды. Айтқан кісісі алты шақырымдай алыста тұратын. Әбу Ханифа анасының айтқанын екі етпестен дереу әлгі кісіге барады. Шешесінің өтінішін жеткізеді. Алайда ғалым ол жауапты білмейтіндігін айтып, арланбастан жауабын Әбу Ханифаның өзінен сұрайды. Әбу Ханифа ол жауапты білетін еді, айтып берді. Таңырқаған Омар ибн Зәрр: “Өзіңіз де біледі екенсіз, маған несіне келіп әуре болдыңыз?” – деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа:
“Шешемнің ауызынан шыққан өтінішін сол күйі орындау – менің міндетім
“, – дейді.
Дереккөзі: “Ислам және өнеге”
Пікірлер