Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ұрыс-керіске кім жақын?
13 желтоқсан, 2014 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

sp0613_03«Даудың басы...»


 «Егер бір жұмысты атқару кезінде екі адам үнемі келісімде жұмыс істесе, оның бірі пайдасыз. Егер екеуі ешқашан келісе алмаса екеуінің де пайдасы жоқ».           


                                                                                     Деррил Ф. Занук


Кей кездері көп адамның жүзінен риза болмаған кейіп көреміз. Ұн-жырғалары түсіп, селқос жүретіндер аз емес күнделікті өмірде. Оның себебі адам өз ойын, қажеттілігін, көзқарасын  ашық айта алмауында жатады. Адамдардың көбісі ұрыс-керістен қашып үндемей қалғанды құп көретіні жасырын емес. Адамдар арасында түсініспеушіліктер, дау-жанжалдар, көзқарас қайшылықтарының болуы заңды. Өйткені әр адам – жеке тұлға.


Ұрыс-керіс кезіндегі іс-әрекеттің үш түрі


Қарсы тұру


Әр адамның мұндағы мақсаты өз-өзін ренжітуге жол бермеу, басынан сөз асырмау. Ә дегенде бәріміз эмоциямыздан, жалған намысымыздан, өркөкіректігімізден аса алмай ұрысса жөнелуге даярмыз. Ә деген адамға екі есе жауап қайырып үлгеретініміз де шындық. Қарсыласып, салғыласудан шынында түк те шықпайды. Екеуара қарым-қатынасты ушықтырып, ең жаманы көңілге тиетін ауыр сөздердің айтылуына ғана итермелейді.


Шегініс


Егер ұрыссып тұрған қарсыластың беті қатта болса үндемей ғана шегініс жасаған жақсы. Бұл ұтымды шешім. Көзін жеккөрініш, кеудесін ыза, көңілін ашу кернеген адамға дауа болмайды себебі. Өйткені ол адам дәл сол кезде шайтанның үстемдігінде тұрады. «Ашу-шайтаннан» деген міне осы болмақ. Алла елшісінің сөздерін еске түсіріп көрейік: «Өзінікі дұрыс болмай ұрысты тоқтатқан адам – Жұмақтан орын алады. Ал өзінікі дұрыс болып, ұрысты тоқтатқан адам  Жұмақтық ортасынан не төрінен орын алады»-деген.


Басқа бір хадисте: «Өзінікі дұрыс болса да ұрысты тоқтатқан адамға жұмақтан орынды, әзілдесе де өтірік айтпайтын адамға жұмақтың ортасынан үйді, кімнің мінезі көркем болса Жұмақтың төрінен орынды уәде етемін» - дейді.


Бетпе-бет


Әдетте ұрыс-керіс кезінде оған дейін айтпай жасырып келген ойларын жайып салып жатады.  Солай бірін-бірі қаттырақ ренжітуді ойлайды. Осы арада кейбір шындықтардың, тіпті кейбір адамдардың бетпердесі ашылады. Бұл туралы журналист Сидней Дж. Харрис: «Мінез қайшылықтарда көрінеді» дейді.  Осы мінезі арқылы адам өз қылықтары мен әрекеттерінің шынайы себебін де көрсетуі мүмкін.


Сайтқа дайындаған: Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары