Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Хайырлы үмбет
04 қараша, 2013 жыл 30 Басып шығару нұсқасы

Хайырлы үмбетБір хабарда Адам ата ғ.с айтқан екен: «Шындығында Алла тағала Мұхаммед ғ.с -ның үмбеттеріне төрт керемет берді. Солардан біреуі де маған берілмеді. Бірінші кереметі - менің тәубәмды Алла тағала тек Мекке қаласында қабыл етті, ал Алла тағала Мұхаммед ғ.с үмбетінің тәубәсін қай жерде болсын қабыл етеді. Екінші кереметі - мен әдемі киініп жүрген едім, бір күнәмнің кесірінен жалаңаш қалдым. Ал Мұхаммед ғ.с үмбеті күніне бір күнә болсын жасайды, бірақ Алла оларды жалаңаш қалдырмайды. Үшінші кереметі - Алла тағала менің бір күнәмнің кесірінен жұбайым Хауа екеуміздің арамызды ажыратты. Ал Мұхаммед ғ.с үмбеттері қанша күнә жасаса да оларды жұбайыларынан ажыратпады. Төртінші кереметі - Алла тағала менің бір күнәммен жәннаттан қуды, ал Мұхаммед ғ.с үмбеттері қанша күнә жасаса да жәннәтқа кіргізеді» деген екен.
Бір хабарда Яһудилерден болған бір топ жамағат пайғамбарымыз ғ.с-ға келіп айтқан екен: «Ей Мұхаммед ғ.с, саған және сенің үмбетіңе күніне бес уақыт намаз парыз болды, содан бізге хабар беріңіз» дейді. Сонда пайғамбарымыз ғ.с: «Ертемен күн көтерілгенде шайтан ләғнеттің екі мүйізінің ортасынан шығады, сонда кәпірлердің барлығы шайтан ләғнетке сәжде қылып табынады. Сондықтан Алла тағала: «Ең алдымен өзіне иман келтірген құлдары құлшылық етсін» деп таң қылаң берген уақыттан күн шығар уақытқа дейін таң намазын парыз етті. Одан кейін күн тас төбеден ауған уақытта барлық жануар, жәндік, өсімдіктер Алла тағаланы зікір етіп мақтайды. Біздің де жаратқан Алланы зікір етуіміз үшін бесін намазын парыз етті. Одан кейін Адам ата жәннатта Алла тағала тыйым салып жеме деген жемісті жеген уақыты - екінті намазының уақыты екен, сондықтан адам баласы күнәдан тазарсын деп бізге аср намазын парыз қылды. Одан кейін Адам атаның тәубасы қабыл болған уақыт - мағриб яғни күн батқан сәтте болған уақыт. Бұл уақыт дұға тілектер қайтарылмай қабыл болатын кез. Сондықтан осы уақытта ақшам намазы парыз қылынды. Одан кейін барлық пайғамбарлар жатар алдында жаратушыға деген ризашылықтарын білдіріп үзбей оқыған құлшылығы болғандықтан құфтан намазы бізге де парыз қылынды деген екен».
Яһудилер тобы: «Дұрыс екен, енді бізге осылардың сауабын айтып беріңіз», - дейді.
Сонда Пайғамбарымыз ғ.с.: «Қайсы бір адам таң намазын 40 күн үзбей жамағатпен оқыған болса, Алла тағала оны мұнафиқ яғни екі жүзділіктен сақтайды. Бесін намазын оқыған адамға Алла тағала қияметте жаханнам отын харам етеді. Аср намазын оқыған адамның Алла тағала күнәсін кешіріп анадан туылғандай пәк етеді. Мағриб намазын оқыған адамды Алла тағала сұрақсыз жәннатқа кіргізеді. Құфтан намазын оқыған адамды Алла тағала қабір азабынан және қиямет азабынан сақтайды. Сосын нұр беріп нұрландырып қыл көпірден найзағайдай өткізеді»,- деген екен.
Яһудилер тобы: «Дұрыс екен, енді бізге отыз күн ораза жайлы хабар беріңіз»,- дейді.
Пайғамбарымыз ғ.с.: «Адам ата ғ.с Алла тағала жеме деген жемісті жеді. Сол жеміс Адам атаның ішінде отыз күн бойы жүрді. Сондықтан Алла тағала адам баласы осы күнәсінән тазарсын деп отыз күн күндізінде ораза ұстауды парыз қылды, ал түнінде ішіп-жеуге өз ұлылығы мен рұқсат етті»,- деген екен.
Яһудилер тобы: «Енді бізге өзіңіздің басқа пайғамбарлардан артықшылығыңыз неде? Осыдан хабар беріңіз»,- дейді.
Пайғамбарымыз ғ.с.: «Менің артықшылығым- соңымнан ерген үмбетіме деген сүйіспеншілігім және қияметте соларға беретін шапағатымнан» деген екен. Сонда Яһудилер тобы бірден шәһадат айтып ислам дінін қабылдаған екен.
Кағб р.а. Пайғамбарымыздан ғ.с риуаят еткен бір хадисте: «Алла тағала Мұса ғ.с пайғамбардың мінәжәтін көріп:
- Ей Мұса, Ахмад және оның үмбеті екі ракағат намаз оқиды, ол фаджр деп аталады ,мен олардың түнгі және сол күнгі күндізгі күнәләрін кешіремін.
- Ей Мұса, олар және төрт ракағат намаз оқиды, ол зуһр деп аталады, соның бірінші ракағатымен олардың күнәсін кешірем, екінші ракағатымен таразыларын ауыр етем, үшінші ракағатымен барлық періштелер оларды мақтан тұтып кешірім тілейді, төртінші ракағатымен аспан есіктерінің барлығын ашамын, Хор қыздары оларға қарайтын болады.
- Ей Мұса, олар және төрт ракағат намаз оқиды, ол аср деп аталады, аспан және жер періштелері оларға кешірім тілейді. Кімге періште кешірім тілесе мен ол пендені ешқашан азаптамаймын.
- Ей Мұса,олар және үш ракағат намаз оқиды, ол мағриб деп аталады, мен олар үшін аспан есіктерінің барлығын ашамын, дұға тілектерін қабыл етемін.
-Ей Мұса, олар және төрт ракағат намаз оқиды, ол ғиша деп аталады, мен оларды анадан туылғандай етіп күнәләрін кешіремін және жаннатта дәрежелерін көтеремін» - деген екен. Сонда Мұса ғ.с: «Не деген хайырлы үмбет!» деп таңданып, қайран қалған екен.
Әбу Хұрайрадан р.а. риуаят етілген бір хадисте Алла елшісі ғ.с айтқан екен: «Қиямет күні Алла тағала ең бірінші Нұх ғ.с пайғамбарды және оның үмбетін шақырып жауап алады:
Ей Нұх, менің саған жіберген бұйрықтарымды қауымыңа жеткіздің бе? деп сұрайды.
«Я робби, жеткіздім» дейді. Кейін Алла тағала оның қауымын шақырып сұрайды
Нұх ғ.с сендерге менің бұйрығымды жеткізді ме? дегенде Қауым бірден:
«Жоқ, егер сіз елші жіберген болсаңыз бұйрығыңызды естір едік» деп жауап береді. Осыдан кейін Алла тағала Нұхқа ғ.с
Қауымың сені мойындамай жатыр, қандай да бір куәң бар ма?- дегенде
Әрине бар, олар Мұхаммедтің ғ.с үмбеттері,- дейді.
Оларды да шақырыңдар, деп Алла тағала алдына алдырады. Мұхаммед ғ.с үмбеттері:
«Біз куәміз» деп ағынан жарылды. Нұх ғ.с:
Сендер қалайша куә боласыңдар? Осыны да айта кетіңдер. Менің үмбетім - сендерден алдыңғы әуелгі үмбет, ал сендер соңғы үмбетсіңдер» дегенде. Мұхаммед ғ.с үмбеттері:
Бізге де бір елші келген еді, ол елшіге Алла тағала тарапынан қасиетті Құран түсірілді, сол қасиетті кітаптың ішінде бұрынғы өткен пайғамбар ғ.с және үмбеттерінің хабарлары айтылған, осыдан білдік,- деп жауап берген екен.»
Демек бұрынғы өткен пайғамбарларды ғ.с жауаптан құтқаруда Мұхаммед ғ.с үмбетінің үлесі бар екен. Сондықтан болар барлық пайғамбарлар ғ.с: «Біз пайғамбар болғанша, соңғы пайғамбар Мұхаммед ғ.с-ның үмбеті болсақ» деген асқақ арман тілектерінің көп болуы. Біз, соңғы үмбет қолымыздағы бар алтынды қадірлей білейік. Еліміздің амандығын тілеп, Алла тағалаға және оның елшісіне деген сүйіспеншілігімізді арттырайық.
Ахириддағуанә әнилхамдулилләһи роббил аламин.
Муджмағуллатоиф кітабынан аударған.



«Балқаш теміржолшылары» мешітінің Бас имамы Әлімқұл Медет

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары