Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сіздің ойыңыз – сіздің сөзіңіз, сеніміңіз, сезіміңіз....
12 желтоқсан, 2015 жыл 41 Басып шығару нұсқасы

Сонымен, біздің әрқайсымыз – өз ойымыздың жемісіміз. Әр секунд, әр минут сайын миымызда сан мыңдаған ойдың шеті шығып, толассыз ауысып, өзгеріп, қорытынды жасалып, сезіміміз арқылы көрініс беріп, сөзіміз арқылы сыртқа шығып, ісіміз арқылы орындалып жатады. Соңында сол ойдың жиынтығы адамның мінез-құлқы мен болмысын қалыптастырады. Кей тұстары сеніміне айналады.


Бұл арадағы мәселе – оптимистік ой мен пессимистік ойға бейімдікте. Біреу табиғатынан оптимист. Біреу табиғатынан пессимист. Шын мәнінде, оптимист жандардың бәрі оптимист болып туылғандар емес. Өз-өзін тәрбиелегендер. Қалай дейсіз ғой? Пессимистік ой адамды бір күні әбден қажытады. Қажытып қана қоймайды, сол ойлар ішкі жан-дүниесін әлем-тапырық етіп, ынта-жігер, құлшынысты кемітіп, өмірін сүреңсіз етеді. Міне осыны сезініп, әбден түсінгенде адам оптимистке айналмақ.


Сіздің ойыңыз сіздің сезімдеріңізді туындатады. Сіз өне бойы өз сезімдеріңізді басқара алмай, ие бола алмай, ерік беріп, оның ығына жығылып, ықпалынан шыға алмай жүресіз. Ал шынында ол әркімнің өз ойының сезімге айналған көрінісі. Ой – сіздің сезімдеріңізге бастау болады. Ой – сізді шаттандырады, көңіліңізді көтереді немесе көңіл-күйіңізді түсіріп, немқұрайдылыққа, жалқаулыққа жетелейді, еңсе көтертпейді.


Адам ойының сезіміне, көңіл-күйіне, одан әрі денсаулығына, мүмкіндіктері мен өміріне ықпал ететіні – анық факт. Пессимистік ойлар мен пессимистік көзқарас адамның жұмыс істеуіне, өзін жан-жақты көрсетуіне, мүмкіндіктерін пайдалануына, армандарын жүзеге асыруына кедергі келтіреді. Адам не нәрсені көбірек ойласа соның жүзеге асуы да бара-бара жеңілдейді емес пе? Ендеше еңсе түсірер сүреңсіз ойлар сізді іштен мүжімес үшін, сиықсыз сыпатта сыртқа шықпас үшін, жаныңыз бен тәніңізді дертке шалдықтырмас үшін ойыңызды өзгертіңіз, сүреңсіз ойдың салмағын серпіп тастаңыз, сөйтіп барып бәрін жаратқан хақ Алладан үміт етіңіз.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары