Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өзіңнен жоғары тұрғандарға емес, төмендегілерге қара...
18 ақпан, 2021 жыл 364 Басып шығару нұсқасы

Бір хадисте Мұхаммед Пайғамбарымыздың Әбу Зарру Әл-Гифарийге бірнеше өсиетін айтып болғанында, Әбу Заррудың: «О, Алланың елшісі! Маған тағы ақыл айтып, кеңес берші»-дегені айтылады. Сонда Алла елшісі: «Кедейлерді жақсы көр және олармен бірге отыр. Өзіңнен жоғарыдағыға емес, өзіңнен төмендегіге қара»-дейді. Бұл арадағы мәселе – шүкірлікте. Себебі адам өзінен асқандарды көріп, қызғанышы оянады. Қанағаты азаяды. Шүкір мен тәубені ұмытады. Солайша харам жолға түсуі мүмкін. Жүрегі дүние ісіне байланады. Жүректің дүние ісіне байлануы үлкен күнәларға әкеледі. Өзіңде барға қанағат етпей, өз жағдайыңа шүкірлік қылмай, күпірлік етіп, өзіңнен жоғарыдағыларға қызығудан туындайтын күнәлардың тізімін жасап көрелік: қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық, шүкірді ұмытып, күпірлікке берілу, өзіңнен озғанды аяқтан шалу, өсек-аяң тарату, қаралау, қанағатты қойып, ашкөздікке салыну, дүние-мүліктің соңына түсу және тағысын тағылар...

 

Бәлкім бәріңізге таныс жағдай болар, әлдебіріңіз қымбат киім сатып алып, сыртқа соны киіп шыққанда өз-өзіңізді басқалардан бөлек сезініп, басыңызға сондай киімнің екінің бірінде жоқ екені туралы ой келетіні бар. Қымбат көлік мінсеңіз де солай. Аяқ астынан желік, желпініс пайда болады. Ол менсінбеуге, тәкаппарлыққа ұласады. Яғни, дүние-мүлік, адамдардың алдындағы артықшылық иманы әлсіз жандарды тәкаппарлыққа оңай елітеді. Ал, кеудесінде шаңның тозаңындай тәкаппарлығы бар адамның жұмаққа кірмейтіні жөнінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисі бар. Шынында ойланатын жағдай...

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары