Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адам генін өлтіретін сөздер
13 қаңтар, 2016 жыл 1489 Басып шығару нұсқасы

Көп адамның сөздік қорында боқауыз сөздер бар. Және боқауыз сөзді қолданатын олар аталған сөздердің рухани және физикалық тұрғыдан келтіретін зиянын мүлдем білмейді. Биология ғылымдарының докторы Иван Белявский он жеті жылдық зерттеуінен кейін адамның айтқан әр сөзі оның геніне айтарлықтай ықпал жасайтынын айтқан. Оның тұжырымы бойынша боқауыз сөздерді жиі қолданатын адам өзгелерге қарағанда жылдам қартаяды екен.


Екінші бір биология ғылымдарының докторы Петр Гаряев: «Сіз боқауыз сөз қолданған кезде адам генетикасының ең бір орта тұсынан ұрған боласыз. Оның рухани құрылымы бұзылады»-дейді. Гаряевтің пікіріне сүйенсек, адамның боқауыз сөзді көп қолдануы оның өзіне ғана емес, ұрпақтарына да әсер етеді.


Бұған Исламда да тыйым салынған. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла мен Қиямет күніне сенетін адам қайыры бар сөз айтсын немесе үндемесін»-деген.


Кейде біз әр айтқан сөзіміз үшін, оның ішінде боқауыз сөздеріміз үшін де Қиямет күнінде жауап беретінімізді ұмытып кетеміз.


Алла елшісі: «Тақуа үшін таразыда ауыр тартар көркем мінезінен артық ештеңе жоқ. Алла Тағала әдепсіз және балағат сөздер айтатындарға ашуланады»-деген.


Сондай-ақ Алланың елшісі: «Мүмін балағаттамайды, қарғамайды, өмірін әдепсіздікке сарп етпейді және бейпіл сөйлемейді»-деген.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары