Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылманға пайдасы тимейтін істер
01 ақпан, 2016 жыл 416 Басып шығару нұсқасы

  1. Іспен дәлелденбейтін білім.


Құранда: «О, сенім келтіргендер! Өздерің істемейтінді неге айтасыңдар? Алла Тағала айтқанын істемейтіндерді жек көреді»-делінген. (Құран 61:2-3)


Хадисте: «Адам қайтыс болғанда үш ісінен басқа істерінің бәрі тоқтайды. Өлмейтін үш ісі ғана бар: берген садақасы, адамдарға пайда әкелетін ілімі және ол үшін дұға жасайтын баласы».


         «Білім алып, бірақ оны өзгелерге үйретпейтін адам өзіне берілген байлықтан құрбандық бермегенге тең»-делінген.




  1. Шынайы ниетсіз жасалған істер


Хадисте: «Шынында іс ниетке байланысты бағаланады және расында әр адамға ниет еткеніне қарай беріледі»-делінген.


Алла елшісі: «Дін – бұл шынайылық»-дейді.




  1. Босқа кеткен уақыт


Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қиямет күнінде төрт нәрсе туралы сұралғанша құлдың аяғы қозғалмайды: өмірін қалай өткізгені туралы, жастық шағын қандай іске жұмсағаны, білімін қалай қолданғаны, дүние-мүлікті қалай тапқаны және оны қайда жұмсағаны туралы»-дейді.


 Сондай-ақ: «Алладан берілген екі нығмет бар: бірі денсаулық, екіншісі – бос уақыт. Көп адамдар мұны әділ бағаламайды»-деген.




  1. Харам жолмен тапқан табыс


Алла елшісі: «Аллаға тәуекел етіп еңбек етсеңдер Ол сендерді тамақтандырады; Оның күн шыққанда ұясынан ұшып күн батқанда оралатын құстарды қалай азықтандыратынына қарамайсыңдар ма»-дейді.


«Қандай табыс ең жақсы табыс?»-деп сұрағандарға Алла елшісі: «Адамның қол еңбегімен және кез-келген адал саудасымен келген табыс»-деп жауап берген екен.




  1. Алланың разылығын алуға ұмтылмайтын жүрек.


Алла елшісі: «Егер әлдекім адамдардың ашуын шақыратын істе Алланың разылығын іздесе, Алла оны қиындықтардан құтқарады. Ал кім адамдардың разылығын іздеп Алланың ашуын шақырса Алла оны адамдарға тапсырады»-деген.




  1. Аллаға құлшылық қылмайтын дене.


Адам Алла Тағалаға өзінің бар дене мүшесімен құлшылық қылады. Аллаға құлшылық қылмаған дененің толыққанды өмір сүруі, толықтай сау болуы мүмкін емес.




  1. Қажетсіз ойлар


Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Расында менің үмбетім ой-санасына келген ойларын істері мен сөздерінде көрсетпейінше, ол ойларын Алла Тағала кешіреді»-деген.


Басқа бір хадисте:  «Періште адамды жақсылыққа үгіттейді, оған осы мүмкіндіктің жолын көрсетеді, бірақ шайтан келіп жамандыққа үгіттеп, соның жолын көрсетеді»-делінген.




  1. Пайдасы жоқ қарым-қатынас


«Адам досының дінінде болады. Сондықтан сендердің әрқайсыларың жақын достарының кім екеніне қарасын!»


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары