Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю
27 қараша, 2013 жыл 881 Басып шығару нұсқасы

Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыюДініміздің негізін сақтаушы басты жолдардын бірі – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Қасиетті Құран кәрімде Бұл жайында «аль Имран» сүресінің 104 аятында былай деп әмір етеді: «Сендердің араларыңда мынандай жамағат болсын, олар басқаларды игілікке шақырып, жақсылыққа үндесін. Жамандықтан тыюға тырыссын. Міне, осылар нағыз мақсатына жеткендер» -деп бұйырады. Аятта адамдардың арасында жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын бір топ болсын деп әмір етілген. Алла Тағала жақсылықты кең жайып, жамандықтан тыйғандардың мерейін үстем қылса, Оның әмірінен аттап, адасушылыққа бой ұрып, азып-тозған қоғамдарды жермен-жексен қылған. Бұл Алланың бұлжымайтын заңдылығы. Адами құндылықтар аяққа тапталған қоғамның алысқа ұзап бара алмайтынына тарих куә. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде «Араларыңнан кім жамандықты көрсе, оны қолымен түзетсін. Бұған күші жетпесе, тілімен түзетсін. Бұған да күші жетпесе, жүрегімен айыптасын. Бұл иманның ең әлсізі» - дейді. Ислам тарихына көз жүгіртетін болсақ жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюдың қаншалықты үлкен сауап екенін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хайбар шайқасында хазреті Әлиге былай дейді: «Айқасқа кіріспес бұрын асықпай, абайлап әрекет жаса. Оларды әуелі исламға шақыр. Егер мұсылман болса, мал жандарын аман сақтайды. Ақіреттегі жағдайлары Алланың қолында. Ей, Әли! Аллаға ант етейін сенің себепкерлігіңмен бір кісінің болса да тура жолға келуі жер беті толған қызыл түйені Алла жолында беуіңнен де артық.» - деп хидаяттың қандай қымбат және оған берілетін сыйдың да баға жетпес екенін білдірген. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю тұрғыдан алғанда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалардың өнегеге айналған өмірлері бізге тура жол нұсқап тұр.


Саран мешітінің наиб имамы Р. Байзақов

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары