Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ауыз бекітудің артықшылығы
18 шілде, 2013 жыл 164 Басып шығару нұсқасы

Өткен жылы ВВС телеарнасы «Ас іш, ауыз бекіт, сөйтіп ұзақ өмір сүр» деп аталатын деректі фильм көрсетті.


Онда доктор Майкл Моcли (Mіcһael Mosley) алдына


үш үлкен мақсат қояды: ұзақ өмір сүру, жас кезіндегі бет-бейнесін сақтап қалу және артық салмақтан арылу.


Мuslim.kz порталының жазуынша, доктор тәжірибе кезінде мықты денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің сырына көбірек үңіледі. Нәтиже көрсеткендей, ол ауыз бекітудің денсаулықтың нағыз негізі екеніне көз жеткізді. Ашығу бойында бұрыннан келе жатқан бірнеше аурудың бетін бері қаратты.


Ол мұнымен тоқтамады. Ауық-ауық ашығуға көшті. Тамақты тоқтатудың бұл түрі ми ауруларын емдеудің бірден-бір тәсілі екенін дәлелдеді. Доктор Майкл осылайша «5 к 2» диетасын ашты. Бұл 5 күн ашығып, 2 күн бұрынғыша тамақ ішу дегенді білдіреді. Нәтижесінде ол 7 келі салмақ тастады, қанты дұрысталып, холес-терин мөлшері талапқа сай болды.


Доктор Мослидің тәжірибесі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәстүрін растап отыр. Алла елшісі (с.ғ.с.) өз хадисінде (Абу Нуайм жеткізген): «сумоо тасиххоо», - дейді. Аудармасы: «Ауыз бекітіңіздер және сау болыңыздар».


Осы екі сөзде қаншама мағына және шындық жатыр.


Дуанбай Жолдасбек





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары