Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қазақ халқының бүгінгі таңдағы діни ахуалы
03 желтоқсан, 2013 жыл 17 Басып шығару нұсқасы
Қазақ халқының бүгінгі таңдағы дін мәселелеріндегі аянышты жағдайы…..Қазақ халқы қаншама аумалы-төкпелі замандарды, небір нәубеттерге душар еткен бодандық һәм атеистік кезеңдерді бастан өткерді. Аллаһ Тағалаға сансыз шүкір, «мың өліп, мың тірілген» ұлтымыз тәуелсіздікке қолы жетіп, ата-баба дінімен қайта қауышты. Қазір мешіттеріміз жамағатқа лықа толы. Бүгінгі таңда еліміздің дін, діл, тіл, тарих, салт-дәстүр бірлігі ұлт пен мемлекет қауіпсіздігінің кепілдігі екенін Елбасымыз жағы жар, тілі кез болып, жанайқайымен санамызға сіңіруде.

Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ елі оңтүстігі мен батысы сонау 8 ғасырда Түргеш қағанаты кезінде Абу Музахим-«Сүзгіш» Сұлық қаған, орталық, солтүстік және шығысы 13 ғасырда Алтын Орда мемлекетінің ұлы хандарының бірі – Береке хан тұсында, соңғы хақ Ислам дінін, оның ішіндегі сүннет жолындағы Әбу Ханифа мәзһабын (әлемдегі барша мұсылмандардың 70-ке жуық пайызы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады) қабылдаған еді. Қазақ халқы 40-тан астам руға, жүздерге, бай-кедейлерге бөлінсе де, бірақ ешқашан дінде, оның ішінде ең маңызды сұрақта, яғни, Алланың затына (есім сипаттарына) қатысты ілімде, сенімде (ақидада, Аллаһты танып-білуде) бөлінген емес, қырық пышақ болып таласқан емес. Демек, ұлт бірлігіне келетін болсақ, 40-тан астам рудан тұратын қазақ халқы ел басына күн туған аласапыран замандарда бір тудың астына бір атаның баласындай тізе қосып, сырттан, іштен шыққан небір қаскөй жауларға табанды түрде төтеп беріп отырған. Себебі, негізгі діни мәселелерде қазақ халқының көзқарасы бір еді, біртұтас еді.

Әлемдегі кейбір мемлекеттердің (Судан, Корея, Югославия, Кот д Ивуар) бір ұлт, бір халық, қандас бауыр болып отырып, әр дінге, бір діннің ішіндегі тармақ-тармақтарға, неше түрлі адасқан деструктивтік ағымдарға бөлінуі себебінен тартып отырған тауқыметтері көзі қарақты оқырманға мәлім.

Әйтсе де, кейде асыл дінімізді әр-саққа жүгіртіп, түрлі пікір туғызып, ұлтымыздың Әбу Ханифа мазхәбына, қазақтың біртуартұлғаларының (Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Міржақып, Халиф Алтай т.б.) діни туындыларына, Елбасы сенім білдірген мүфтияттың (ҚМДБ) фатуаларына қайшы келетін өз көзқарастарын халыққа таратуға тырысқан базбір деструктивті діни топтар кейінгі уақыттары ел ішінде қылаң беріп қалуда. Тіпті. санасы сынық, талғамы таяз сырт мемлекеттердегі (Саудия, Мысыр, Пакистан т.б.) күмәнды «шейхтардан» жасырын сабақ алып келген жастарымыз бен оларға жан-жақты (әкімшілік,материалдық,техникалық) қолдау білдіріп, қормалдық танытып жүрген биліктегі кейбір елге танымал азаматтар жоқ емес.

Өкінішке орай, елге танымал биліктегі кейбір азаматтар мен өздерін «шейх» (білімді) санайтын, жоғарғы діни оқу орындарын толық бітірмеген, шетелге психологиясы әлі қалыптасып үлгермеген шағында, оң мен солын ажырата алмайтын жасында оқуға кетіп, кейіннен сол елдердегі түрлі деструктивті топтардың ықпалына түсіп қалып жатқан жастардан құралған деструктивтік ағымдардың (бұдан әрі қарай ағымдар) жеке отырыстарда, дастарқан басында, ел арасында таратып жүрген сандырақтары мынадай «Қазақ халқы надан болған, Ислам дінін білмеген, ақидада, яғни, Аллаһты танып-білуде адасқан, біздің ата-бабаларымыздың жасағандары тек ширк (Аллаға серік қосу), аруаққа табынған», — деп ұлттың бетке ұстар жайсаңдарын Алтын Орда мемлекеті хандарын, қоғам қайраткерлерін, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Міржақып Дулатұлы, Халифа Алтай, ресми ҚМДБ-ның өкілдерін, білімді, ұлтжанды имамдарды «адасқан-лаққан» таза таухидты білмеген, мүшрик (көп құдайға табынушылық) болған, «нағыз» «таза» Ислами дұрыс сенімді — таухидті бізге, яғни қазақтарға тек 1995 жылдары ғана Сауд Корольдігіден уаххабтар-сәләфилер әкелді деп көкігендерін көргенде, ызаға оранып, намысқа буынып қаласың.

Бірақ халықты көрер-көзге ақымақ қылып, алдап, бұл ағымдардың өкілдері теледидарда, сахналарда, түрлі діни-мәдени бағдарламаларында екіжүзділік бетперделерін киіп, қазақ халқын өздерінше бірлікке, имандылыққа, тақуалыққа насихаттаған кезде Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Міржақыптардың діндегі ұстанған жолдарын дұрыс, бұл тұлғалардан артық ғұламалар болған емес деп, осылардың туындыларына сілтеме жасап ауыздарымен орақ орып, сөздің майын тамызған кезде «О, тоба!» деп еріксіз жағаңызды ұстайсыз.

Олар Алаштың арда оғландары мынадай мәселелерде адасты деп біледі

1) Абай өзінің 38-қарасөзінде қазаққа ақиданы қазақ ұғымына сай тамаша әрі дәл түсіндіреді «… Алланың сөзі – қаріпсіз, дауыссыз. Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғын құдіреті және басар, самиғ, яғни, көруші, естуші деген. Алла тағаланың көрмегі, естімегі біз секілді көзбенен, құлақпен емес, көргендей, естігендей білетұғын ғылымның бір сипаты». Және де Абай шумақтары

Халиқ қылған, мекен берген Ол (Алла) лә мәкән.

Түп иесін көксемей бола ма екен,

Және оған қайтпақсың Оны ойламай,

Басқа ақыл көңілге тола ма екен.

2) Мәшһүр Жүсіп шумақтары

Ол Алла жисм жауһар ғариз емес,

Боларға басқа-басқа бөлектенбес.

Алланы еш нәрсеге ұқсатуға

Еш нәрсе Оған ұқсап, жөні келмес.

Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,

Мекенін бір Алланың ешкім білмес.

Иаусыма аусы – төрт жақтан пәк дүр Алла,

Муминнің Алла деген көңілінде емес.

Сипаты сегіз болған бірі – кәләм,

Сөйлейді құдіретімен Алла тағалам.

Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес,

Тіл, жаққа мұқтаж емес секілді адам.

Алды, арты, асты, үсті, оң, солы жоқ.

Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ.

Еш нәрсе ұқсамайды, Ол еш нәрсеге

Кітаптың айтқанынан ойлама көп.

Анықтама лә мәкән — мекені жоқ, жисм -физикалық дене, жауһар-бөлінбейтін бөлшек (кварк яки преон), ғариз-акциденция- заттың кездейсоқ, көлденең, ауысқыш ,елеусіз қасиеттері, тұңғыш рет Аристотельдің «Метафизикасында»кездеседі. (Философский словарь Под ред. И.Т. Фролова. — 4-е изд.-М. Политиздат, 1981. — 445 с.)

Абай, Мәшһүр Жүсіптер жоғарыдағы шумақтарын Құран, Хадис, Тахауидың «Әһлі сунна уәль жамаға ақидасы», Әбу Ханифаның «Фиқһ уль Акбар», Х ғасырда Самарқанд шаһарының жанында өмір сүрген тегіміз түріктен шыққан әбу Мансур әль Матрудидің «Таухид кітабы» кітаптарының негізінде зерттей-зерделей отыра жазған. Абайдың 38-қарасөзіндегі тұжырымдар «Фиқһ уль Акбардың» негізінде жазылса, өлең шумақтарындағы «лә мәкән» ұғымы Тахауидың «Әһлі сунна уәль жамағат ақидасы» кітабының 38-өсиетінен табылады. Сондай-ақ, Мәшһүр Жүсіп шумақтарындағы тұжырымдар да осы кітаптардың ішінен табылады. Демек, келтірілген шумақтарды жазуға, Абай мен Мәшһүрдің, Ислам дінінің ақидасы тұрғысынан қарасақ, дәлелі мен негізі жетіп артылады.

Ең сорақысы, бұл «шейхсмақтар» өздерінің жаппай ел арасына таратып жатқан аудио табақшаларында кімде кім Аллаһтың мекені жоқ («лә мәкән») деп түсінетін болса, онда ол адасып жатыр, оған бұндай тұжырым адасушылық екенін түсіндіру керек, егер ол бәрібір қарсы келетін болса,онда оған кәпір деуге болады деп, тарихта бірнеше рет орын алған қантөгіс қақтығыстарға әкелетін, дініміздегі ең ауыр сөзді ашық түрде қолдануда.

Нағында, Алтын орда мемлекеті хандары мен тұрғылықты қазақ халқының діни сенімдері, ақида мәселелеріндегі ұстанымдары туралы Ислам әлемінің бетке ұстар ғалымдары және мемлекет қайраткерлері жеткілікті деректер қалдырған. Мысалы ибн Касир, Бәдруддин әль Айни, Хафиз ибн Хаджар Әскалани, Қияс ад-дин Жүзбек ханның тікелей аудиенциясында болған әйгілі саяхатшы Ибн Баттута, Рукнуддин Бейбарс, Ибн әль Асир, Ибн абд аз-Заһр,т.б.

Ең қызығы жоғарыдағы аталған ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерінің ешқайсысы өз еңбектерінде Алтын орда мемлекеті хандары мен тұрғылықты қазақ халқы ақидада адасқан деп жазған емес.

Керісінше, Бәдруддин әль Айни мен Ибн абд аз-Заһр еңбектеріне жүгінсек, 13-ғасырда Ислам әлемін Құлағу әскерінен аман сақтап қалған үшін Мысырды билеп тұрған Рукнуддин Бейбарс әлемдегі бүкіл мұсылмандардың қасиетті үш мешіттерінде (Меккедегі, Мединадағы, Иерусалимдегі) жұма намазынан соң имамдарға Алладан Алтын орда мемлекетінің халқы мен Береке хан үшін дұға жасатқан екен.

Егерде, адасқан ағымдар шейхсымақтарының сандырақтары шын болса, дәлел әкелулерін өтінеміз. Кемінде, бес мыңжылдық тарихы бар асыл халқымызды дәлелсіз, негізсіз, жалған айыптауға ешкімнің хақысы жоқ дегіміз келеді және бұндай «перверсивтік» тұжырымдарға жол берілмеу керек деп есептейміз.

Төмендегі фундаменталдық араб, фарси түпдеректерінен қазақ халқының біртуар арыстандай Береке, Мөңке Темір, Өзбек, Жәнібек сынды хандарының Ислам әлеміндегі геосаясатқа жасаған ықпалдарын,өз мемлекеттерінде,әскерлерінде орнатқан әділеттік пен темірдей тәртіптерін, қоғамда Ислам дініне сай азаматтық институтарды қалай дамытқандарын, өз отанына, халқына деген шексіз патриоттық сезімдері мен ұлттық намыстарының беріктілігін көреміз.

Джузджани «Табакат и Насири»

Бұл үзінділер келесі басылымдар бойынша жазылған The Tabakat-i-Nasiri of Aboo Omar Minhaj al-din Othman ibn Siraj al-Jauzjani, edited by W. Nassau-Lees and Maulawis Khadim Hosain and Abd al-Hai. Calcutta, 1863-1864 (Bibliotheca Indica); әр түрлі оқу үшін ИВ АН С 418 және т.б. қолжазбалар пайдаланылған.

Тушидің төрт ұлы болды ең үлкені Бату, екіншісі – Шағатай, үшінші – Шибан, төртінші – Берке. Сенім артатын адамдардың айтуынша, Берке мұсылман жерлерін жаулап алған заманда туды дейді. Шешесі Беркені туғанда оның әкесі Туши былай деген «Мына ұлымды мұсылман асыраушысына беріңдер; мұсылман оның кіндігін кесіп, нағыз мұсылман болу үшін ұлым (Берке) мұсылман сүтін ішсін, себебі (осы) ұлымды мұсылман еттім». Егерде осы әңгіме рас болса, Алла тағала (Тушидың) тозақтағы азап көруін жеңілдетсін. Осы (әкесінің) жарылқаған ниетінің арқасында Берке өскен соң мұсылман дінінде болғанына ешқандай күмән жоқ. Осы уақытқа дейін, осы «Табақаттың» күні болып табылатын кезге дейін, яғни 658 г. (=18 XII 1259-5 XII 1260), Тушидің ұлдарынан осы тақсыр-мұсылман болған еді.

Менгу-хан таққа отырған кезде, Берке мұсылман болып тұрып былай деді «Сенімі жоқ адамдардың билігі аяқталды; таққа отырған кез келген сенімі жоқ (яғни мұсылман емес) ханның билігі ұзақ болмайды. Егер де Менгу хан болатын еліңіз ірі мемлекет болып қала берсін және де ұзаққа созылсын десеңіз, мұсылман сеніміне көшіңіз, атыңыз діншіл адамдардың тізіміне енсін, тек содан кейін ғана таққа отырыңыз». Олар осыған келісіп, Менгу Ислам дінін қабыл алды. Сонда Берке оны қолынан ұстап, таққа отырғызды.

Самарқандта бір монғол мұсылман дінін қабылдаған жас баланы шақырды да, оған жылы сөз айтып, құрмет көрсетіп, сыйлық бергізді де, мұсылман дінінен бас тартуға бұйырды. Алайда қаншама рет әрекет жасаса да, әлгі жаңадан мұсылман дінін қабылдаған боз бала Ислам дінінен бас тартпаған, жүрегінен де, тәнінен де мұсылман дінін алмаған. Сонда сол монғол (жаңа) бұйрық береді, жігітті қорқытып, (монғолдың) күші мен билігінде болған барлық жазаға тартады, алайда боз бала ешнәрсеге көнбей мұсылман дінінен қайтпаған, олардың (сенімі жоқ адамдардың) ұрып-соққанына қарамастан, сенімін үзбеген. Жас жігіт мұсылман дінінде нық тұрғандықтан, және де азған халықтың уәдесіне қарамай мұсылмандықтан бас тартпағандықтан, жаңағы қарғыс атқыр монғол сол жігітті өлім жазасына беруге бұйырды. Өз сенімінің күші арқасында жас жігіт тыныш қана о дүниеге аттанды, оған Алла жар болсын және оны разы етсін! Самарқандтың барша мұсылмандары осы оқиғаға аң-таң болды. Ашраф-ад-диннің айтуынша, акт (махзар) жасалды, оны Самарқандта тұратын сенім артатын адамдар, мұсылмандардың басшылары растап отыр. Осы актыны алып біз Берке-ханның ордасына аттандық, ханға болған істің мән-жайын түсіндіріп, Самарқанд мұсылман еместерінің санын беріп, актіні ұсындық. Біз сенім артқан Берке-ханның мінезінде мұсылман дініне деген жігер бар еді, ақиқатты қорғау жайында тілегі билеп алды. Бірнеше күн өткен соң, Берке-хан саид (Ашраф-ад-динға) құрмет көрсетіп, Самарқандқа көптеген түріктер мен сенімді мұсылман басшыларын жіберіп, сол опасыз заңсыздыққа жол берген мұсылман еместерді өлтіріп, тозаққа жіберуді бұйырды. Осындай бұйрықты алған мұсылмандар зұлымдық жасаған адамдардың барлығын ұстап алып, тозаққа жіберді, ал шіркеулерін кірпішке айналдырды. Бұл жаза Берке-ханның Мухаммедтің нанымына және де ханафит уағызына деген игі ниетінен туындаған еді – осы қызметі үшін Алла Берке-ханға жар және разы болсын.

Хамдаллах Казвинидің «Тарих-и-гузидесінен»

Хамдаллах Казвинидің басты шығармаларының бірі «Таңдаулы тарихынан» — «Тарих-и-гузиде» 730 (=132930) жылы құрастырылған және де Рашид-ад-диннің ұлы уәзір Қияс-ад-дин Мухаммедке арналған. Storey, II, 1, pр. 81-84.- Бартольд, Түркістан, 50-61. – E.G. Browne. A history of Persian literature under tartar dominion. Cambridge, 1920, 87-100. – W.O. Buchner, E.I. al-Kazwini сөзі – И.П.Петрушевский. Хамдаллах Казвини шығыс күнгей Кавказ әлеуметтік-экономикалық тарихы бойынша дереккөз ретінде. КСРО Ғылым академиясының хабаршысы, Қоғамдық ғылым академиясы, 1937, 873-920.

«Тарих-и-гузиде» факсимильде The Ta’rikh-iGuzida… of Hamdu’llah Mustawfi-i-Qazwini… reproduced in fac-simile… with an introduction by Edward G.Browne, Leyden-London, 1910 (Gibb Memorial Series, vol, XIV,1); қысқартылған ағылшын аудармасы және сілтемелер ІІ т. бар (Leyden-London, 1913). Алайда осы басылымның негізі болған қолжазба ескі, онда қателері мен жіберілген жерлері көп болғандықтан № 153 Ленинград мемлекеттік кітапханасының қолжазбалары бойынша аударылған үзінділердің мәтінін бердік (813-141011 жылы қайта жазылған), ескертулерде – «А» және ИВ, АН С 501 (бұрынғы 578а), ескертулерде – «В».

Зәйн-уд-дин жалғастырған «Тарих-и-гузидеден»

757 (=5 І-24ХІІ 1356) жыл… Малик Ашрафтың иелігінде оның заңсыздығы ақырғы шекке жеткен кезде, адамдар өз Отанын тастап, қоныс аудара бастады. Мухьи-д-дин Бердаи – Берке ханның Сарайына аттанды, онда ол уағыздаушы болып, атаққа иеленді. Марқұм Жәнібек хан – Алла тозақ отының азабынан сақтасын – оның уағыздарына қатысты. Жәнібек хан оның уағызына қатысқан кезде мәуләна Мухьи-д-дин Бердаи уағыз кезінде Тебриз туралы, Малик Ашраф туралы және адамдарға қыспақ жасағаны туралы айтты. Осы оқиғалардың барлығын сипаттағанда, қатысушылар еңіреп жылап қоя берді, Жәнібек ханның өзі де шыдай алмай жылап жіберді. Ол (Мухьи-д-дин) Жәнібек ханның жауыздықты жоюға мүмкіндігі бар екендігін айтты.Егер Жәнібек хан Жаратушы иеміздің ханға тапсырылған адамдарын оның (Малик Ашрафтың) жүгенсіздігінен босатпаса, Жаратушы иеміз қайта тірілетін күні Жәнібек ханнан есеп сұрап, жауапқа тартады. Мухьи-д-дин Бердаидың қызу түрде және де қайсарлықпен айтқан уағызын естіген Жәнібек-хан сол жақ қанаттағы әмірлеріне бір ай ішінде 10 томан әскерлерді жабдықтап, Тебризге шабуыл жасауға жіберуге бұйырды. Сондай-ақ ол өзінің жорықта алатын шатырын шығаруға бұйрық берді. Бір ай ішінде әскер әзір болды, патша жорыққа аттанды. 758 (=25ХІІ 1356 – 13 ХІІ 1357) жылы Жәнібек хан Куру өзенінен өтті. Бұл туралы Малик Ашрафқа хабар жетті. Жәнібек хан Ардебильге келді деген хабар келді. Беяз әмір Хойға барып, өзімен берге Малик Ашрафты алып келді. Тебризге келген кезде, тұрғындар оның (Малик Ашрафтың) басына күл лақтырды және де сөзбен балағаттады. Оны ходжа Шейх Ганджидің шешесі Муайяд-бегінің үйіне апарады. Онда әмір Каус Ширвани мен мәуләна Мухьи-д-дин Бердаи болған. Малик Ашраф Каусты қолынан сүйіп, ыңқылдап еңіреді, Каус оны сылап-сипады. Содан соң оны Жәнібек ханға апарды, Жәнібек хан Малик Ашрафтан келесіні сұрады «Осы мемлекетті не үшін жүдетіп, қираттың». Жәнібек хан Уджаннан кетіп, Хаштруд облысына аттанды, Кеюку өңіріне келіп, содан соң кері қайтты. Хаштрудада осы жылы көп егін еккен, Жәнібек хан қалың қолы сол жерден екі рет өтсе де, нанның бірде-бір масағы сынбаған. Осыдан әділеттік пен әділсіздіктің нәтижесін елестетуге болады, бір ақын айтқандай «Қатал билеуші кеткен соң, артында зорлық-зомбылықтың іздері қалды, әділетті кеткен соң, артында жақсы ат қалдырды». Патша Малик Ашрафты өлім жазасына бермей, өз еліне алып кеткісі келді, алайда Каус және қазы Мухьи-д-дин Бердаи өз сөздерінде нық тұрып Жәнібек ханнан өтінді «Ол тірі қалса осы елдің тұрғындары тыныш таппайды, тәртіпсіздік пен бүлік жалғаса береді». Жәнібек хан айтылған сөздердің дұрыстығын түсініп «Ендеше өз еркілеріңе қалдырамын»,- деді. Малик Ашраф өлтірілді, басы Тебризге апарылып, Мерагилер мешітінің есігіне іліп қойылды. Тебриздің тұрғындары қуанып, (Малик Ашрафты өлтірген) адамдарға қымбат сыйлықтар сыйлады. Жәнібек хан 10 000 салт аттыларымен Тебризге келді, сарайда (дәулет-ханда) тоқтап, бір түн Тебризде өткізді. Таңертең ол ходжа Алишахтың мешітіне барып да, сонда намаз оқыды.

Рукнуддин Бейбарс

Араб тілінде жазылған сөйлемдер

661 жылы (1262 жылғы 15 қараша – 1263 жылғы 3 қараша) Мысырға Беркенің, татар патшасының елшілері, атап айтсақ Әл-Қадидің ұлы әмір Жәләлиддин және шейх Нуриддин Али келіп, ол яғни Берке Ислам дінін қабылдағаны туралы хабардар етті. Олар Беркенің хатын әкелді, онда татар үйлерінің арасында кімдер Ислам дінін қабылдап, сенбейтіндердің (яғни мұсылман еместердің) қатарынан шыққандардың тізімі, олардың әрқайсысының тайпасы, руы, жеке тұлғалар мен әскері, үлкені мен кішісі туралы жазылған. Хатта Ислам дініне біздің аға-інілеріміз өздерінің балаларымен бірге кіргені туралы айтылған, Будакура өз балаларымен және үйдегілермен бірге, Пулад-Кукаджасу Яншунук және олардың жерін мекендеген Кудагу, Караджар, Танушбуга, Широмун, Бузбакулар, өз әскерлері мен малайларымен бірге, Менгкадар, Беккадак-Байнал, Тукузогуль Кутлуттимур, өз балаларымен бірге Аджи, Дурбайлар және Хорасанға шабуылға аттанған он мың әскер, Байджумен бірге аттанғандардың барлығы, мысалы Байнал-Нион және Айкаку сияқтылар Ислам дініне толығымен кірген. Олардың барлығы түгелдей Исламды қабылдап, Исламның жарғылары мен қағидаларын, ережелерін енгізді, Алланың жолы бойынша ғазауат пен жиһадқа қатысуға міндеттерді алды, және Берке төмендегі сөздерді айтты осы жолға бізді бағыттаған Аллаға мадақтау сөздерін айтамыз, егер Алла тағала бізге жол көрсетпесе, хақ жолға түспес едік, және де сұлтан Хулакумен шайқасып оны жеңгенімді білсін, ол Хулаку менің қанымнан және сүйегімнен, яғни жақын туысым, бірақ жалғыз Алланың сөзін көкке көтере мадақтау үшін, туысым болса да оған қарсы соғысқа шықтым, себебі Исламға сенбеген Хулаку әділетсіз қантөгіс жасаған, ал көтеріліс жасаған адам Аллаға және оның елшісіне сенбейді.

Айта кететін бір жайт, ақиқатында Бағдад әулетінен болған ең соңғы Аббасид халифын әль Мустасимді 1258ж. тақтан тайдырып өлтірген Хулаку болатын, демек Берке мен Хулакудың арасындағы соғыстардың негізгі себебін діни фактілерден көруге болады.

XXV. Бәдруддин әль Айни

Араб тіліндегі жазулар.

Беркеханның мұсылман дінін қабылдау себебі осы сол уақытта шейх Наджмеддин Әл-Кубраның даңқы асып, ол туралы ақпарат тараған; өзінің ізбасарларын үлкен қалаларға мұсылман дәстүрін орнату үшін жіберген, мысалы Саададдин Әл-Хамаанды Хорасанға, Кәмалиддин Әш-Шарьякті Түркістанға, Низамиддин Әл-Жундиді Қыпшаққа және Сайфуддин Әл-Бахерзиді Бұхараға жіберді. Бұхарада орналасқан Әл-Бахерзи өзінің білімді оқушыларының бірін Беркеханға жібереді. Ол онымен көрісіп, Беркені оқытып Исламға деген махаббатын тудырып, оған болашақ жолын айтып берген. Соның себебімен Берке Исламды қабылдады, мұсылмандыққа өзінің көптеген қол астындағыларын өткізді. Шейхқа өзіне деген жасаған игі ісі үшін сый-сыяпат, құрмет көрсетуге бел байлады. Сөйтіп Берке Әл-Бахерзи тұрған елге пайзені әзірлеуді бұйырды, пайзе кедейлер мен тақуалардың пайдасына және өзіне ақша салығын жинауға рұқсат ететін құрал яғни құжат болатын. Берке пайзені Әл-Бахерзиге жіберді; пайзені алған Әл-Бахерзи Беркехан жіберген кісіден «бұл не» деп сұрады, «бұл шейхты және шейхтың қолында қалаған кісіні сақтау үшін қызмет етеді, кімде болса, соны сақтайды». Сонда Әл-Бахерзи былай деген екен «пайзені есекке байлап қойыңдар, содан соң есекті далаға жіберіңдер, егер пайзе есекті өлімнен, қасқырлардан сақтаса, онда қабыл аламын, ал егер сақтамаса, оның керегі де жоқ» деп сыйлықты алудан бас тартқан. Елші оралған соң, Беркеге шейхтың айтқан сөзін қайталап берді. Сонда Беркенің айтқаны «онда мен шейхқа өзім барамын» депті. Ол Бұхараға ат басын тіреп, шейх қақпасының алдында үш күн тұрады, себебі шейх өзінің ізбасарларының біреуі өзімен сөйлемегенше Беркеге кіруге рұқсат етпеген. Арада үш күн өткен соң ізбасарларының біреуі шейхқа былай депті «Берке ұлы патша, ол алыс елден шейхтың батасын алуға және әңгімелесуге келіп отыр, оған міндетті түрде рұқсат беру керек». Содан соң кіруге рұқсат етті. Берке шейхқа барып, амандасты. Шейх жамылғышты жамылып, Беркенің алдында бетін ашпады. Берке оның қолына тамақ берді, шейх оның бір бөлігін жеп алды. Берке шейхтің алдында Ислам дінінің шарттарын қайталап, өз еліне оралды

668 жылы (1269 жылғы 31 тамыз – 1270 жылғы 19 тамыз) Солтүстік елдердегі Татар патшасы, Тоғанның ұлы Менгутемір мен Константинополь тақсыры Ласкаристің арасында өшпенділік пайда болды. Менгутемір Константинопольге Татарлардан тұратын әскерді жіберді, олар сонда Константинопольге ат басын тіреп, Ласкаристің жерінде емін-еркін билік жүргізді, және Рум жерлерінің сұлтаны, Кейхосройдың ұлы, Иззеддин Кейкаус тұтқында отырған бекіністің жанынан өтті. Ол, біз жоғарыда айтқандай, онда 662 жылы қамалған (1263 жылғы 4 қараша – 1264 жылғы 23 қазан) еді. Татарлар оны кісілерімен және әйелдерімен бірге тұтқыннан босатып, Менгутемір ханға алып кетті. Менгутемір оны құрметпенен қарсы алып, сый-сыяпат көрсетіп, Қырымда орналастырып, Берке үйінің ішінен, Урбайхатун атты өзінің атақты қыздарының біріне үйлендірді.

669 жылы (1270 жылғы 20 тамыз – 1271 жылғы 8 тамыз) Сирияға Менгутемір хан екінші Ел-хан Хулаку ханның баласы Абаганың әскерін тас-талқанын шығарды деген қуанышты хабар келді, оған сұлтан Рукнуддин Бейбарс қатты қуанды.

Өзбек, хатундардың үлкен бәйбішесі, әкесі Тогрулджидің әйелі Баялуннан көмек сұрады. Баялун оған көмектесті, жәрдем етті және оны таққа отырғызды. Егер де Өзбек таққа отырса, Исламды қабылдайды деген уәде алды. Таққа отырған соң, Өзбекхан шынымен де Исламды қабылдады, Аллаға иман келтірді және өзіне мешіт салып, күніне белгіленген уақытта бес рет намазын оқып отырды, Ислам дінін өз мемлекетінде мемлекеттік дін дәрежесіне жеткізді.

Асылында, Жузжани, Хамдаллах Казвини, Зәйн-уд-дин, Рукнуддин Бейбарс, Бәдруддин әль Айни еңбектерінен, біріншіден алтын орда мемлекеті халқы мен Береке ханның, Ислам дінінің құндылықтарын, сопылық қубровия тарихатының ірге тасын қалаған 1221ж. қайтыс болған Наджмеддин Әл-Кубраның, шәкірттерінен үйренгенін, ханафи мәзһабында болғандығын, екіншіден ақида қағидалары арқылы зерделейтін болсақ Береке ханға сабақ берген шейхтардың ақидасы дұрыс яғни Ислам талаптарына сай екендігін, үшіншіден Береке он үшінші ғасырдағы әлемдегі геосаясатқа ықпал еткен ең үлкен тарихи әлеуметтік саяси субьектінің ханы бола тұрып діни ұстазға деген керемет құрмет үлгісінің көрінісін, төртіншіден Менгутемір хан кезінде алтын орда мемлекетінің Константинополь жеріне жүргізген тегеурінді саясатын,қазіргі түріктердің ертеде өткен қоғам қайраткерлерінің бірі Кейхосройдың ұлы, Иззеддин Кейкаусты езгіден босатқанын,Жәнібек ханның Шығыс Азербайджан яғни Иран, Ирак өлкелеріндегі мұсылмандарды қатігез Малик Ашрафтің жауыздықтарынан босатқандығын, бесіншіден Өзбек ханның бір Аллаға иман келтіріп,мешіт салып, бес уақыт намазын оқып,Ислам дінін өз мемлекетінде мемлекеттік дін дәрежесіне жеткізгендігін, алтыншыдан хандардың, мемлекет қайраткерлерінің, дін және ұлт бірлігінің болмау кесірінен бір біріне туыс, бауыр, қандас бола тұрып Береке мен Хулаку, Менгутемір мен Абага хандар арасында болған діни саяси соғыстарды байқаймыз.

Жоғарыда баяндалған тарихи кезеңнен туындайтын талғам ұлт, мемлекет, қоғам болашағы үшін ең қауіпті фактор діни алауыздық болып табылатындығы тайға таңба басқандай белгілі, расында көреген халқымыздың даналығы-ай шіркін «алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді»…

Затында Ресей мемлекетіндегі солтүстік Кавказдағы жиһадшылар мен шаһидшылардың негізгі идеологы болған Саид Бурятскийдің ақида сұрақтарындағы көзқарасы (httpwww.youtube.comwatchv=Tvj9VT1v5Qk&feature=related) ( 02минут 58 секундтан бастап тыңдаңыз) мен біздің еліміздегі жалған салафит-уаһһабтар «шейхсмақтарының» тұжырымдары (https2.musulmanin.comaudiokazahdarin07.mp3) (1сағат 11минут 30 секундтан бастап тыңдаңыз) дәл бірдей. Асыл дініміздің ең негізгі ақида мәселелеріндегі адасқан тұжырымдардағы сәйкестілік кездейсоқтық дегенге ақыл есі бүтін адам сене ме

Ескерте кететін бір жәйт, дәстүрлі Ислам сенімінде тек Алла С.А.Т. трансценденттік категорияға жатады, яғни Алла кеңістіктен, уақыттан, заманнан пәк, мүшелерден құралмаған, физикалық дене емес. Алла кез-келген жарaтылған мақұлықтарға мүлде (абсолюттік түрде) ұқсамайды. Алла өзі ғана жаратқан бүкіл жаратылыстардан (әлем, галактика, аспан, планета т.б.) бөлек, дербес, ешнәрсеге ешбір мұқтажсыз, бастаусыз, аяқтаусыз мәңгі өмір сүруші.

Алайда, жоғарыда аталған ағымдар, олардың елге танымал, билікте жүрген өкілдері қазақтың ғұламаларын нақты жоғарыдағы шумақтар үшін адасты деп, жалған қауесет таратуда. Олардың шатасқан көзқарастары бойынша Алла мүшелерден құралған физикалық дене ғаршыда отыр, демек кімде-кім Алла қайда деген сұраққа саусағын шошайтып жоғары көрсетпесе, ол адасқан болып шыға келеді. Астағфируллаһ. Бірақ ақылға салсақ, жоғарыда айтылған бүкіл Ислам әлемінің сенімін жүйелі түрде мұсылмандарға түсіндірген ұлы имамдар, Абай, Мәшһүрлер кім Іріткі салушы «білгішсымақтар» кім

Деструктивтік ағымдар құрылымына кіретін «Қайырымдылық қор» деген атты жамылып, халыққа діни дәріс беретін пәтерлерден ашылған орталықтар мемлекетіміздің көптеген облыс орталықтарында бұғанасы бекімеген жас қыздарымыз бен ұлдарымызды жинап алып, Ислам тарихында көптеген қанды қырғындарға ұшыратқан Мұхаммад ибн Абд-әл-Уаһһаб деген кісінің, оның діни ұстазы ибн Тәймиййаның (ад Дарими,ибн Қаюм т.б.) және де қазіргі замандағы адасқан ғалымсымақтардың (ибн Усеймин, Фаузан, ибн Баз, Албани т.б.) ақидада шатасқан идеологиясын насихаттап, оларға дәріс беріп, дәстүрлі дін жолын ұстайтын халық өкілдеріне қарсы қойып, іріткі салуда.

Бұған айғақ кейбір жастарымыз осындай орталықтардан дәріс алғаннан кейін туған ата-анасына қарсы шығып, оларды кәпірге санап, қазіргі заманауи білімді мансұқтап, жалпы қазақи болмыстан алыстап, Елбасымызға, мемлекеттік заңдарға, құрылымдарға қарсы қаракөз бауырларымызды үгіттеп, қайрап, тіпті, кейбіреулері жиһадқа шақырып, «шейіт» болуды армандап жүр.

Жоғарыда айтылған тұжырымдар құрғақ сөз болып қалмауы үшін нақты дәлелдер келтіруді жөн көрдік. Бұл ағымдардың бүлікшіл идеологиясының қайнар көзі мына кітаптар болып саналады

1. Кулиев Э.

-Основы веры в свете Корана и Сунны. – Москва «Умман», 2008

— На пути Корана. – Алматы«Әлбаракат» баспасы, 2008

2. Мұхаммад ибн Абд-әл-Уаһһаб (аудармашы — Бишимов А.)

-Таухид кітабы. – Алматы «Нұрлы әлем» баспасы, 2006

3. Мухаммад ибн Жамиль Зину. Столпы Ислама и веры. – «Шаржа»

 

4. Мухаммаб ат-Тамими (Мұхаммад ибн Абд-әл-Уаһһаб).

-Три принципа и их доказательства. – «Шаржа» т.б.

Бір ғана мысал Кулиев Э. өзінің «Основы веры в свете Корана и Сунны.» кітабының 83 бетінде «Та-һа» сүресінің 5-ші аятындағы «истәуә» сөзін «көтерілді, орнықты» деп аяттың сыртқы ұғымымен түсіну керек, егер кімде-кім аяттың сыртқы ұғымымен емес «меңгерді» деп түсінетін болса онда ол адам «еретик» (адасушы) деп, қорықпай кесімді уәж айтады.

Сонда, Ислам әлемінің сенімін жүйелі түрде мұсылмандарға түсіндірген, біртуартуындылар қалтырған Ислам әлемінің ұлы имамдары мысалы тәфсіршілер ибн Касир, ар-Рази, ат-Табари, ан-Насафи, Абай, Мәшһүр, Х.Алтайлар т.б. «еретик» (адасушы) болғаны ма Бүкіл мұсылман әлеміне аты әйгілі 13-і ғасырдағы қасиетті Құран экзегеті (тәфсіршісі) ибн Касир «Та-һа» сүресінің 5-ші «Ағраф» сүресінің 54-ші аяттарындағы «истәуә» сөзін «көтерілді, орнықты» деп аяттың сыртқы ұғымымен түсінуге мүлдем болмайтынын нақты кесімді түрде баяндайды.

Сөзіміз тұщымды болу үшін, ибн Касирдің тәфсірінен осы «истәуә» мәселесіне қатысты үзінділер келтіруді жөн көріп отырмыз

تفيسر ابن كثير ﴿ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ﴾الأعراف54،

وأما قوله تعالى { ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ } فللناس في هذا المقام مقالات كثيرة جدا، ليس هذا موضع بسطها، وإنما يُسلك في هذا المقام مذهب السلف الصالح مالك، والأوزاعي، والثوري،والليث بن سعد، والشافعي، وأحمد بن حنبل، وإسحاق بن راهويه وغيرهم، من أئمة المسلمين قديما وحديثا، وهو إمرارها كما جاءت من غير تكييف ولا تشبيه ولا تعطيل. والظاهر المتبادر إلى

أذهان المشبهين منفي عن الله، فإن الله لا يشبهه شيء من خلقه، و { لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌ وَهُوَ السَّمِيعُ الْبَصِيرُ } [ الشورى11 ]

 

Ибн Касир (Аллаһ оны рахымына бөлесін). Имам «Та-һа» сүресінің бесінші аятында бұл мәселені Ағраф сүресінде толық айтып кеткенмін, бұл жерде оны қайталаудың керегі жоқ деп ескертеді.

Ағраф сүресі, 54-аят, «Рахман аршыға истауа» деген Аллаһ Тағаланың сөзінде адамдар (ғалымдар) арасында көптеген әңгіме бар. Бұл бір жай нәрсе емес, бұл мәселеде сәләф ғалымдарның жолы негізге алынады. Мәлик, Аузағий, Саурий, Лайс, Шәфиғи Ахмад бин Ханбал, Исхақ бин Раһуия сияқты және басқада мұсылмандардың алдыңғы, кейінгі имамдары. Ол ұстаным еш кейіптеместен, ұқсатпастан, жоққа шығармастан қалай келсе солай өткізіп жіберу, ал Аллаһты ұқсатушылардың ойларына келген аяттың сыртқы ұғымы Аллаһ Тағаладан қайтарылған. Аллаһ Тағала жаратқан нәрселерінің ешқайсысына ұқсамайды. Шура сүресі, 11-аят, «Ол сияқты еш нәрсе жоқ. Ол толық естуші әрі көруші».

Елбасымыздың өзі өте жоғары баға берген Х.Алтай атамыз өзі аударған Құран Кәримде «Та-һа» сүресінің 5-ші аятындағы «истәуә» сөзін «меңгерді» деп түсіндіреді. Сонда бұл «шейхсмақтардың» діни білімдері марқұм Х.Алтай атамыздан «артық» болғаны ма.

Ең өкініштісі, Эльмир Кулиев Елбасымыз Н.Назарбаевтың атын жамылып шығарған Құран кітабының аудармасында, «истәуә» сөзін «көтерілді, орнықты» деп түсіндіріп, көптеген мұсылман бауырларымыз бен қаракөз қарындастарымызды адастыруда.

Ал енді «еретик» деген сөздің мағынасына келер болсақ В Исламе любая религиозная ересь («бидъа») строго осуждается. При этом ересью считается любое нововведение в религии. К сторонникам ереси применяются термины «мубтадиъ» (еретик), «зиндик» (еретик), а также нередко «кафир» (немусульманин) или «мунафик» (тайный немусульманин).Традиционно еретиками называли друг друга сунниты и шииты (Википедия — энциклопедия ).Осындай іріткі салатын, бүлікке әкелетін кітаптарды оқыған жастарымыз өз туған ата-аналарын кәпірге шығарып жатса онда біз неге таң қаламыз!

Демек, жоғарыдағы атап өтілген орталықтарды, ағымдарды, таратылып жатқан халықты адастыратын кітаптарды шұғыл түрде тоқтатпаса бұның арты қандай тауқыметке әкелері «тайға таңба басқандай» екені баршамызға аян.

Өкінішке орай, орталықтар мен ағымдар қазақ ұлтына қиянат әкелетін өз сұрқия жұмыстарын жалғастыруда, кітаптары кез-келген дүкендерде тыйым салынбай, ашық түрде сатылуда және де қажылыққа барған қандас бауырларымызға тегін таратылуда.

Ақиқатында, Алаш баласының сан ғасырлық сенім-нанымы мен салт-дәстүрін теріске шығарушы бұл қарадүрсін қозғалыс ә дегеннен-ақ ұлт жанашырларының қатаң сынына ұшырады. Қазақ халқының «ат басына күн туса ауыздықпен су ішетін, ел басына күн туса етігімен су кешетін» көзі ашық көкірегі ояу ұлтжанды азаматтарының бірі, елге танымал заңгер, әрі дінтанушы бауырымыз М.Исаханның айтуына қарағанда, еліміздегі уаһһабшылдық ілімнің технологтары қиыннан жол табуға кірісті. Олар Қазақ қоғамына сыйымды болуы үшін әзірге орақ тістерін көрсетпей, шынайы құбыжық бейнесін қашан асыл мұраттарына иек артқанға дейін жасыра тұруды жөн санады. Сөйтіп, уаһһабшылдар «қалыпты салафиттер» деген ғылыми негізсіз, жалаң тұжырыммен жұмыс жасауға көшті. Уаһһабшылардың бұл әдіс-айласы теология ғылымында «тақия» (жасырыну) деп аталады. Яғни, олардың бұл әнжі әдісінен елімізде уаһһабшылдықтың «тақияшылар» атты тармағы ортаға шықты. Ішкі қалауы айпарадай айқын көрінбегенімен, осы тақияшылар уаһһабшылдық қозғалыстың ішіндегі ең қауіпті тармағы саналады. Өйткені, тақияшылар қалың бұқараның қамын жеген болып, дәстүрге-дәрмен, пәктікке-пәрмен бергенсіп, көпшілікің сеніміне кіріп, сәті соққанда, өз идеологияларын тықпалауға тырысып бақты. Өкінішке қарай, Қазақ қоғамы уаһһабшылдық ілімді біршама терістегенмен, оның көлеңкесі тақияшылдыққа қарсы тұратын иммунитет қалыптастыра алмады. Осының әсерінен оның уыты тұтас қоғамды шарпи бастады.

Жалпы, «тақияшылардың» технологтары бұқаралық сипатқа ие болу үшін Қазақ қоғамының барлық өкілдеріне тиімді шарттардың негізінде өз идеологиясын насихаттауды ойластыра білді. Нәтижесінде айналдырған бес-он жылдың ішінде ағым мүшелерінің саны күрт артып, қаулап өскен оттай көбейген үстіне көбейе түсті. Дәл қазір уаһһабшылдық қозғалыстың өкілдері қоғамның барлық саласында кездеседі десек асыра айтқандық емес. Әсіресе, қара халыққа екпінді ықпал ете алатын көптеген өнер иелерін, спортшыларды, журналистерді, ақын-жазушыларды, ірі кәсіпкерлерді, кейбір молдаларды да осы ағымның сапынан көруге болады. Тіпті, уаһһабшылдық қозғалыстың қормалы болып жүрген бәзбір мемлекеттік қызметкерлер мен саясаткерлеріміз де баршылық. Тақияшылар саны мен сапасын одан ары қарай арттыра түсу үшін күндік, айлық, тоқсандық, жылдық жоспармен, бір сөзбен айтқанда алдын-ала жан-жақты сараланған кешенді механизммен қызу әрекет етуде. Осы екпінмен қарасын қалыңдата түссе, алдағы он-жиырма жылдықтағы Алаш баласының денін осы тақияшылар тармағы құрайтыны айтпаса да түсінікті жайт. Ал, бұл бізге не береді Көсегемізді көгерте ме, жоқ әлде заузатымыз түп-тұқиянымен өзгеріп, «Мұсылман Қазақ еліміз» деген құр атымыз ғана қала ма

Бізден бұрын бұл індет таралған посткеңестік мемлекеттердің тәжірибесіне көз жүгіртсек, уаһһабшылдық қозғалыс Солтүстік Кавказдағы Шешенстан мен Дағыстанды мелдегінен қанға бөктірді. Тәжікстан мен Татарстан тәрізді елдердің тынышын алып, тұнығын лайлады. Бұл елдер әлі күнге дейін ес жия алмай, қазіргі шақта соның салдарымен күресіп, сарсаңға түсуде. Өзбекстан билігі дүмпулерді тасқұрсау тәртіптің арқасында күшпен басып, уаһһабшылдықты дер кезінде ауыздықтай алды. Уаһһабшы содырлар қоңсы Қырғызстанның оңтүстігінде оқтын-оқтын қарулы қақтығыс жасады. Өткен жылдары Татарстанда өздеріне қарсы келген талай жанның ғұмырын қиды. Уағында уаһһабшылдықтың канондарын ұстанбақ болған «талибандар» Ауған мәдениетінің күлін көкке ұшыра жаздады. Ал, уаһһабшылдық ілімімен уланған «Әл-Кайда» ұйымы әлемде теракт жасаудан өзге ешкімге жүлде берген емес. Ендеше, жаһанда бүлік ұйымдастырудан алдына қара салдырмаған уаһһабшылдық қозғалыс Қазақияны қайтіп жарылқамақ

Егер, Қазақ қоғамында уаһһабшылдық қозғалыс үстемдікке ие бола қалса (Құдайым оның бетін ары қылсын), халқымыздың мың жылдан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі сүнниттік бағыттағы Ханафи мәзһабының канондық қағидалары күйреуге ұшырап, Ханафи-Матруди сенім-наным негіздері күпірлікке баланады. Алаш қауымының сан ғасырлық мәдениеті, тарихы, мемлекет және қоғам қайраткерлері мансұқталып, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы «ширкке» теңестіріледі. Тек илаһи абсолюттік үкімдер (нақл) басшылыққа алынып, заманауи құндылықтарды қорғауға бағытталған мемлекеттік низам жүйесіне мойынсұну күпірлік саналады. Діни бостандықты паш етуші мемлекеттің зайырлық тұрпаты терістеліп, оның орнына жалаң теократиялық сипаттағы тирандық билік орнайды. Демократия, жариялылық, адам құқығы т.б. құндылықтар аяқ-асты етіліп, Қазақияның боз бетеге, сұр соқпағы қанға бөктіріледі. Ең бастысы ұлт және мемлекет ретінде ішкі мәнінен айырылған араби сипаттағы әйтеуір бір қауым болып күн кешуіміз ғажап емес. Ендеше, Алаш баласын алдағы уақытта зор қасіретке ұшыратар уаһһабшылдық ілім бізге соншалықты несімен құнды болып отыр Неге пышақ кесті тыйым салмаймыз Неліктен теріс ағымдарға «тосқауыл» қоямыз деген сандырақты желеу етіп кейбір сарапшысымақтар уаһһабшылдық ілімінің канондық ұстанымдарын қазақ қоғамына ресмилендіру саясатын жалғастыруда Бұл сарапшысымақтар кімнің диірменіне су құю да

Мемлекетіміздің діни алауыздыққа қарсы қабылдаған заңнамалары жалпы дұрыс, дегенмен мешіт имамдарына «мүшриксің», «адасқансың» деп жала жабатын уаһһаби-салафилер өкілдеріне адуынды түрде тосқауыл қою үшін бүкіл уаһһабилерге оның ішіндегі тармағы «қалыпты салафиттерге» қарсы обьективті сараптамалар жасауы керек.

Бүгінгі таңда елімізде қаптап жүрген әртүрлі мүддедегі миссионерлер (уаһһаби-салафилер) ел-жұртты бұра тартып, түлкі бұлаң, айла-шарғыға салып, өз сенімдерін тықпалауын тоқтатар емес. Ең сорақысы – ешбір діни білімі жоқ,арабша хат танымайтын кейбір діни сарапшысымақтар «қалыпты» уаһһаби-салафилер қазақ халқының діни, саяси, ұлттық, біртұтастығына еш қауіпті емес деген сандырақтарын қоғам өкілдеріне ашық жариялауда.

Діни ақпараттарды екшеу ісінде кейбір заңды тұлғалардың сылбыр қимылдары себебімен, діни экстремистік мазмұндағы ғаламтор сайттары күні бүгінге дейін керегінше құлашын жайып, кең арнада жұмыс жасап келеді. Ғаламторды пайдаланушылардың дені негізінен оң-солын танымаған жасөспірімдер болғандықтан, діни азғындыққа бастайтын ақпараттардың ақ-қарасын айыра алмай, экстремистік ойлардың жетегінде кетіп жатыр. Одан қала берді Қазақстандағы жастар санасын улап, салафи бағыттағы уағыздар таратып жүрген ғалымсымақ-дүмшелердің уағыз-дискілері халыққа шүлен тарқатылғандай тегін таратылды. Діни ақпараттарды сүзгіден өткізетін арнайы тетік болмағандықтан, елдігімізге нұқсан келтіретін шалағай әдебиеттер елге тарап кетіп жатыр. Әркім өзінің оқығанын, тыңдағанын, естігенін жөн санайтындықтан, кез-келген ортада халық бір-бірімен айтысып-тартысатын жағдайға жетті. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық көрінеді» демекші, әлгі ғалымсымақтардың дауысы елге көбірек жеткендіктен, жас буын соларды пір тұтып, дәстүрлі діни танымымызға мұрынын шүйіріп қарайтын жағдайға тап болдық.

Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында өткен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру» кездесулерінде кейбір сарапшысымақтардың «қалыпты» уаһһаби-салафилердің діни ұстанымдары қазақ халқының діни, саяси, ұлттық, біртұтастығына еш қауіпті емес деген сандырақтарын естіген жергілікті уаһһаби-салафилер осы сарапшысымақтарының тұжырымдарынан кейін жаңа бір күш алып, мешіт имамдарына, дәстүрлі дін өкілдеріне қарсы шығып, өңірдегі ушығып тұрған діни араздықты одан бетер ушықтыруда.

Қазіргі таңда өздерін «қалыпты» салафилерміз дейтін ағым лидерлері Қарағанды, Сәтбаев, Жезқазған қалаларында ауызашар жиындарында жастарды жинап, теріс уағыз-насихатпен саналарын улауда. Негізгі мақсаттары «уаһһабилік-сәләфилік» ағымының негізін қалаған ХVIII ғасырда Хиджаз өлкесін қанға бөктірген Мұхаммед бин Абдулуаххабтың «Усулус-сәләса» (Үш негіз) деген кітабының шеңберінде Ибн Таймияның сенім мәселелеріндегі адасқан концепцияларын алға тарта отырып насихаттау,үгіттеу нәтижесінде жамағат, әсіресе жастар санасына Ислам сеніміне теріс қағидалар қалыптастыру.

Еліміздің білімді имамдарын оның ішінде Сансызбай, Рақымжан, Ризабек, Ерсін, Еркінбек, Қабылбек сынды бауырларымыздың мешіт жамағатына, оның ішінде жастарға айтылған уағыздар мен дәрістерін теріске шығарып, бұлар «Хабашилер», өкімет адамдары, оларды тыңдамаңдар деп қаралап, өңірдегі ушығып тұрған жамағат арасындағы діни араздықты одан бетер ушықтырып, жамағатты өкімет органдарына қарсы қойуда, нәтижесінде күннен күнге аз да болса бірте-бірте көбейіп келе жатқан «уаһһабилік-сәләфилік» ағымындағы жастардың санын арттыруда.

Өздерін «қалыпты» салафилерміз дейтін ағым лидерлері уағыздарының себебімен, сенім мәселелерінде адасып, аталмыш ағымның жетегінде кеткен жастарымыз, өздерінің оқығанын, тыңдағанын, естігенін жөн санайтындықтан, кез-келген ортада ҚМДБ имамдарына, дәстүрлі Исламды ұстанатын бүкіл қазақ халқының сеніміне қарсы шығып, қоғам тұрақтылығына, мемлекет тәуелсіздігіне өте қауіпті діни араздылықты тудыруда.

Осының нәтижесінде өңір зиялылары қазіргі жиырма мен отыз жасқа дейінгі аралықтағы теріс ағымдардың арбауына түскен жастардың қарасын «жоғалған ұрпаққа» балап отыр.

Бүгінгі таңда кейбір сарапшысымақтар, «қалыпты» «уаһһаби-салафилерді» қазақ қоғамында ресмилендіруді көздеп, яғни өздерінің ұлт болашағына аса қауіпті мақсаттарына жету үшін, қызметтерін ұтымды пайдалана отырып, ағым лидерлеріне жанжақты әкімшілік көмек беріп, «тәкфіршілерге» қарсы күресті желеу етіп, жамағат арасында «шейх» ретінде жарнамалап,Ханафи мәзһабының сенім қағидаларына үзілді кесілді қарсы Мұхаммед бин Абдулуаһһаб пен Ибн Таймияның сенім мәселелеріндегі адасқан концепцияларын жамағатқа уағыздап, әрдайым Елбасымыз жанайқаймен айтатын діни бірізділікке орасан зор зиян тигізуде.

Ескерте кететін бір жайт, аталмыш сарапшысымақтарымыз өз сөздерінде, Елбасымыздың ұстанымы мен ұлттың діни ауызбірлігін көздеп, Ханафи мәзһабының сенім принциптерін халыққа ғылыми тұрғыда насихаттап жүрген ҚМДБ-ның өкілдерін, атап айтсақ Сансызбай, Рақымжан, Ризабек, Ерсін, Еркінбек, Қабылбек сынды бауырларымызды «Хабашилер» деп еш негізсіз, дәлелсіз жалған айыптап, бұлар қоғамға қауіпті деген қауесетті халық арасында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ашық таратуда.

Ең сорақысы, жоғарыда айтылған өздерінше діни білгішсымақ болып жүргендер Мұхаммед бин Абдулуаһһаб пен Ибн Таимияаның сенім мәселелеріндегі адасқан концепцияларын теологиялық тұрғыдан қабылдауға болатындығын ашық жариялап, бүкіл әлем мұсылмандары, қазақ халқы, ҚМДБ ұстанатын Ислам дінінің теологиялық принциптеріне жаңалық енгізуде.

Елбасының бастамасымен, дін саласында қызмет етіп жүрген көзі ашық, көкірегі ояу ұлтжанды отандастарымыз, иісі мұсылман, бірақ, бір Ислам дінінің ішінде жік-жікке, тармақ-тармаққа бөлініп алған қазақ халқын ҚМДБ- ның аясына, яғни бір жамағатқа жинай алмай отырғанда, кейбір білгішсымақ-сарапшысымақтар бұқаралық ақпарат құралдарының жан-жақты мүмкіншіліктерін пайдаланып, кімнің «диірменіне су құйып» отырғандары түсініксіз болып отыр.

Асылында, аталмыш сарапшысымақтардың жүргізіп отырған бағыттары, Елбасы ұстанған ұлт біртұтастығы саясатына яғни қазақ халқының мүддесіне қарама қайшы екендігі санасы сынық,талғамы таяз емес кез келген пендеге «тайға таңба басқандай» анық деп есептейміз.

Бұның соңы неге апарып соғарын ойласақ, өкінішке орай тәуелсіз тарихымызда орын алған Ақтөбе, Атырау, Алматы, Тараз, Балхаш қалаларындағы дүмпулер көз алдымызға елестейді.

Түптеп келгенде айтпағымыз, ұлтымыздың жаназасын шығарып, мемлекеттілігімізді жарға жығатын уаһһабшылдық қозғалысқа мемлекеттік тұрғыда қатаң тыйым жасалуы тиіс. Уаһһабшылдықтың радикалды тармақтарына ғана емес, саяси-әлеуметтік механизмі жетілген «тақияшылар» тармағына да қатаң тоқтам жасалуы шарт. Егер, көзге түскен тентегі мен тебізін ғана тыйып, момақан, жуас болып көрініп, тасада тұрып тас ататын «тақияшыларын» ауыздықтай алмасақ, ұлттық мүддемізге төнген қауіпті бәрібір біржолата сейілте алмаймыз. Сондықтан, діни ұстанымы бойынша методологиялық әр-алуандыққа боялған уаһһабшылдық іліммен тәжірибелік тұрғыда жан-жақты күресетін мемлекеттік кешенді бағдарлама қабылдауымыз қажет. Бұл, Алаш баласын қарақұйын пәлекеттен аман алып қалудың жалғыз ғана жолы…

Сөз соңында қазақтың біртуар тұлғаларының бірі М.Дулатұлы мен Абайдың шумақтарын келтіруді жөн көрдік.

….Заманға қарай шейхтар наданырақ,

Көбі қара қазақтан жаманырақ.

Білер-білмес оқумен шейх болып,

Орынсыз сөзге ұмтылып көбі ұрыншақ.

Білмеймін деп сірә бір мойнына алмас,

Халін білмейді көбісі бейшарарақ.

Надан шейх дін бұзады деген қазақ

Тап АЛЛА бұдан өзің сақтағай ақ…….

(Міржақып Дулатұлы)

… Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ.

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

Баста ми, қолда малға талас қылған

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.

(Хакім Абай Құнанбайұлы)

Авторы – дінтанушы Сыздықов Рустем

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары