Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рамазан айындағы сауап амалдар
21 маусым, 2014 жыл 23 Басып шығару нұсқасы

Рамазан айындағы сауап амалдарАнас ибн Маликтен (р.з) келген риуаят бойынша, Расулуллах (с.ғ.с.) былай деген: «бір кісі рамазан айында бір ілім сұқбатына қатысар болса, жолда басқан әр бір қадамы үшін Алла Тағала оған бір жылдық ғибадаттың сауабын жазады. Сондай-ақ бір кісі рамазан айында жамағатпен намаз оқуды жалғастырса, Алла Тағала әр намазының ракағаты үшін іші Алланың нығметтерімен толы бір қала береді. Егер бір кісі рамазан айында әке- шешесіне жақсылық етсе, Алла Тағаланың рақмет назарына ие болады. Осылай бір кісінің жәннатқа кіруіне жол ашылады. Бір айел рамазан айында күйеуін өзіне риза етуге тырысса, ол үшін Мариям және Асияның сауабы беріледі. Сондай- ақ бір кісі рамазан айында мұсылман бауырының керек бір мұқтаждығын орнына келтірсе, Алла Тағала оның қиямет күні мың түрлі қиындығын басынан кетіреді».
Абу Хурайра (р.з.) келтірген хадисте: Расулуллах (с.ғ.с) былай бұйырды:
«Бір кісі рамазан айының ішінде Алланың үйі саналған мешіттердің бірінде бір шам жақса (яғни мешітке көмек берсе) бұл өзі үшін қабірінде нұр болады және ол мешітте намаз оқығандардың сауабының есесіндей сауап алады. Сосын оның берген жәрдемі мешітте болғанға дейін періштелер ол үшін салауат дұғасын оқиды. Аршқа таситын періштелер оның кешірілуін тілейді».
Құрметті мұсылман бауырлар! Дүниенің бір күндік қызығына алданып, ақіреттің осындай сауабынан құр қалмайық.


Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары