Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЕРЕЖЕП АЙЫ МҮБАРАК БОЛСЫН!
22 қаңтар, 2023 жыл 1296 Басып шығару нұсқасы

Құрметті жамағат!

Қасиетті үш айдың басталуымен, Алланың айы ережеп айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ай сауапты амалдар мен жақсылықтарға, мейірімге толы болсын!

2023 жылдың 23 қаңтар күні қасиетті Ережеп айы басталды. Ережеп сөзі «бір нәрседен қорқу, ұялу, біреуді ұлылығына орай қастерлеу, тағзым көрсету» деген мағыналарды білдіреді. 

Ережеп айы — Исламдағы ұлық айлардың бірі. Құран Кәрімде (Тәубе сүресі, 36-аят): «Тегінде, аспан мен жер жаратылған күннен бастап, Алла Тағала айдың санын он екі етіп белгілеген. Оның төртеуі — (зу-л-қағда, зу-л-хижжа, мухаррам, ражәб) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар» деген.

Алла елшісі (с.а.с): "Ережеп – Алла Тағаланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала құзырында сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда Алла тағала әнбиялардың, яғни пайғамбарлардың тәубелерін қабыл етіп, әулиелерді дұшпандары-нан қорғаған. Бір кісі ережеп айын ораза ұстап өткізсе, Алла тағаланың үш жақсылығына ие болады" - деген.

Ережеп айы – дәнді егу айы. Шағбан айы – егінді суғару айы, ал Рамазан айы – егінді ору, қырман айы. Егілген егіннің жеміс бергені секілді, әрбір жақсы істің нәтижесі де болады.

Сондықтан, бұл айларда қолымыздан келгенше, Құран оқып, дұға жасап, кешірім тілеп, пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтып, ораза ұстап, нәпіл намаз оқып, мүмкіндікті өткізіп алмауға тырысқанымыз абзал.

Алла тағала отбасыларыңызға береке, елімізге татулық, амандық берсін! Мемлекетімізге тыныштық, әрбір жанның жүрегіне иман нұрын сепсін!

Асхат Қанайұлы,

Абай аудандық мешітінің имамы 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары