Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құран оқудың артықшылығы
03 шілде, 2014 жыл 596 Басып шығару нұсқасы

Құран оқудың артықшылығыРамазан айы берекелі ай, бұл ай келді деп қуанудың өзі үлкен сауап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім Рамазан айы келді деп қуанса, Аллаһ Тағала ол адамның денесін тозақ отына харам етеді» деген, яғни Рамазан айының туғанына қуанғаны үшін тозақ харам болса, ал ораза ұстаса қандай болмақ тіптен құтылады. Бұл айда қасиетті Құран Кәрім түскен, сондықтан бұл айда көп құран оқу қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Жәннәт төрт түрлі адамға ашылған: тілін сақтаушыға (ғайбат, өтірік айтудан сақтанған т.б.), аш адамдарды тамақтандырушыға, Рамазан айында ораза ұстаушыға және Құран оқушыға» - деген. Аллаһ Тағала баршамызға осы амалдардың бәрін орындауға нәсіп етсін. Құран кәрім оқу үлкен сауап Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім Құранды намазда оқыса әрбір әрпіне 100 сауап, ал кімде-кім Құранды намаздың сыртында дәретпен оқыса әрбір әрпіне 25 сауап, ал кімде-кім құранды дәретсіз оқыса әрбір әрпіне 10 сауап» деген. Сондай-ақ Құран кәрім ол шипа яғни әрбір сүренің қасиеттері бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «қайсы біреу Аллаһ Тағаланың оны шайтанның жамандығынан сақтауын қаласа, онда «Ықылас» және «Әл-Ғимрон» сүресін оқысын, ал қайсы біреу өзінен ризық кетпеуін қаласа онда «Әнғам» сүресін оқысын, ал қайсы біреу одан мунафиқтықтың (екіжүзділіктің) кетуін қаласа, онда «Әнфал» сүресін оқысын, қайсы біреу өзінен қияметтің қорқынышы зиян бермеуін қаласа, «Уақиға» сүресін оқысын, қайсы біреу ашуының кетуін қаласа, «Ғаср» сүресін оқысын, қайсы біреу көкірек тарлығының кетуін қаласа, «Шарх» сүресін оқысын, қайсы біреу Аллаһ Тағала оны сиқыршының сиқырынан сақтауын қаласа, «Фәләқ» және «Нас» сүрелерін оқысын, ал кімде-кім осындай барлық бәледен құтылғысы келсе «Юсуф» сүресін оқысын» - деген (Шархуль таалимул-мутаъаллим 46-бет). Әрі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Сендердің ең жақсыларын Құранды үйреніп және оны басқаларға үйреткендерің»-деген. Осылайша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмметін Құран оқуға қызықтырған, Аллаһ Тағала баршамызға Құранды үйреніп, тажуидпен оқуға нәсіп етсін. Осы қасиетті рамазан айында уақытымызды бос өткізбей Құранды үйренумен, ізгі амалдар жасаумен өткізуге нәсіп етсін. Ұстаған ораза, Құран кәрім баршамызға шапағат етуге нәсіп етсін. Қорытындысында мына шумақ өлеңдерңмен аяқтағым келіп отыр:
«Алла жалғыз, Пайғамбар хақ, Құран шын,
Құдайдың құдыретіне илан, түсін,
Дәретпенен оқысаңыз кәләм шәриф
Күнәдан тазарады іші-сыртың».


«Бала қажы» мешітінің наиб имамы: Қалмағанбетов Н.О.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары