Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дәстүрін бағалаған елміз
27 ақпан, 2023 жыл 183 Басып шығару нұсқасы

   Халқымыз ғасырлар бойы Ислам дінін берік ұстанып, оның қасиетті құндылықтарын атадан балаға мирас етіп сабақтастырып келеді.  Ақиқат Ислам діні – адамзат баласының өміріндегі барлық саласын қамтитын кемел дін. Ғылым дамып, заманауи жетістіктер жетілген сайын діннің қыр-сыры да ашыла береді.

Қазақ қоғамында  дін мен дәстүр ұғымы қашанда егіз. Екеуін бөліп жарып қарауға болмас. Мәселен дана халқымыздыың дәстүрінде ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіптібалалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Бұл рәсім. Құдаларды өнегелі, имандылығы бекем, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойыншаарнайы жөн-жоралғысы өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстарарасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын. Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардыңреті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Неке қию жоралғысы қыздың үйінде не мешіттерде көпке жария етіп өткізілетін. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.Ал асыл дінімізде некелесудегі рәсімдер, дәстүрлер бір-бірімен астасып жатқаны анық.  Құран кәрім некелесуді әмір еткені хақ. Бұл ретте неке қию жайында хадистер көптеп кездеседі. Атап айтар болсақ,   «Ниса» сүресінің үшінші аятында «Халал болған әйелдермен некелесіңдер!»,23-ші аятында «Олармен иелерінің рұқсатымен некелесіңдер!»,Нұр сүресінің 32-ші аятында «Күйеуі болмағандармен некелесіңдер!» делінеді. Хадис шәрифте де: «Неке тек куәгерлер арқылы ғана жасалады» және «Некелесіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні үмбеттердің алдында сендермен мақтанамын» және «Неке қию – менің сүннетім. Сүннетімді тәрк еткен адам менен емес» делінеді. Бұл ретте дәстүріміз арқылы дінімізде риуаят еткені қазақтың салты мен дінінің көркем түрде қабысып жатқанын көруге болады.  

2014 жылы жарық көрген  «Дін мен Дәстүр»  кітабында аты айтып тұрғандай дін мен дәстүрдің бір-бірімен қалай астасып жатқаны  түгел жазылған.  Дін мен дәстүр тақырыбын  ашу үшін көптеген имамдарымыз көнеден келе жатқан немесе ұмытылып бара жатқан салттарымызды көнекөз қариялардан сұрастырып, әдебиеттерден қарастырып ізденіс жасады. Бұл кітапта:  «Дәстүрлі дінінен, ділі мен тілінен, әдет-ғұрпынан ажыраған елдің болашағы жоқ. Сол үшін рухани құндылықтарымызды құнттай білгеніміз жөн.Әйтпесе, Құран Кәрімде ескерілген ақиқат жолынан айнып, адасқан қауымға айналып, кетуіміз бек мүмкін»  - деген жолдар кездеседі. Шынайы иман келтірген, дін, дәстүрін қатар ұстанғысы келетін мүмін  жан әрқашан өзі дінін, ділін, дәстүрін  ұмыт қалдырмайды деп білемін.   

Дара халықымызда: "Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан жаңа" –дегенмақал бар. Ел өсе келе тұрмыс - тіршілікке сай жол тауып, біздің салтымыз деп те кетеді. Бірақ біздің елге "Дін" санау 718 - 720-ші жылдары келе бастағанын ұмытпауымыз ләзім. Күні бүгінге дейін  асыл дініміз еліміздің салт – дәстүріне еніп  кетті  десем қателеспеспін. Себебі, кейбір бауырларымыздың: «Біздің ел қыз алып қашу салтымыз» деп  орынсыз айтып жатады. Бұл дұрыс емес. Жоғарыда айтып өткеніміздей жария неке,  құда түсу дәстүрі сынды құнды қадамдарымыздан алыстамасақ екен.

Ермахан Оралбай Әділбекұлы,  "Әл-Машани" қалалық мешітінің наиб имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары