Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қазақстандағы зиянды діни философиялық ағымдар
05 желтоқсан, 2013 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Қазақстандағы зиянды діни философиялық ағымдарОрта Азиядағы түркі тілдес республикалардың ішінде тек қана Қазақстан, Ресей Федерациясы әрі Қытай Халық Республикасымен шекараласып жатыр. Яғни, Қазақстан Республикасы стратегиялық және идеологиялық тұрғыдан аса маңызды аймақта орналасқан. Бір жағынан православиялық халықтар көп орналасқан Ресей Федерациясы, бір жағынан екі миллиардқа жуық халқы бар Қытаймен көршілес болып, екі жақты қарым - қатынас жасауда. Ресейде де, Қытайда да қазақтардын өмір сүруі Қазақстанның әлеуметтік, мәдени және саяси стратегиясы тұрғысынан өте маңызды.


Ұлы Түркістанда ислам діні таралғаннан бастап қазақ халқы мұсылман болды және бүгінгі күнге дейін мұсылман түрік халықтары арасында өз болмысын жалғастырып келеді. Бүгінде қазақтардың барлығы дерлік және Қазақстан Республикасы халқының басым көпшілігі мұсылман. Олар әр түрлі дін өкілдеріне түсінікпен және құрметпен қарайды. Сол себептен де мешіттермен бірге христиан дінінің де, тіпті бір қазаннан сорпа да ішпейтін түрлі мазхабтардың да ғибадатханалары, еврейлердің синагогтары да бар елімізде.


Қазақстандағы ғибадатханаларды сандық тұрғыдан көрсететін болсақ, төмендегідей мәліметтерді көруге болады: 2000 мыңнан астам мешіт, 230 православиялық бірлестіктер және сегіз монастырь, 38 католиктік шіркеу, 70 лютерандық ұйым және қауымдастықтар, 20 протестанттық ұйым, 34 иегово шаиттерінің ұйымы бар. Бұған қоса кришнаиттер мен басқа діни топтарды да ескеру керек. Аталмыш діни қауымдардың барлығы елдің бірлігі мен тұтастығына зиянды әр түрлі іс шаралардан аулақ болулары керек.


Діндарлық, түсінушілік, қауымдасушылық дегеніміз - қауіпсіздік деген сөз. Қазіргі кезде 244 мемлекетте 2 миллиардтан астам христиан, ал 172 мемлекетте 1,5 миллиардтан астам мұсылман, 86 мемлекетте 700 миллионға жуық буддистер тұрады. Ислам - бір Құдіреттік дін. Бір Құдіреттік діндер арасында көптеген маңызды ұқсастықтар бар. Бұл діндердің пайғамбарлары тарапынан жасалған істер, жүзеге асырылған оқиғалар да бір біріне ұқсайды. Осы тұрғыдан тек Құдіреттік діндердің жақтастары да басқаларға қарағанда бір біріне жақын болып келеді.


Ислам діні басқа дін өкілдермен төмендегідей қарым - қатынас жасауға мән береді:


танысып білісу, жақсы қарым қатынас жасау;


өзара көмек көрсету;


игі ниетте болу;


әділ болу.


Құран Кәрімде мұсылмандар және олардың құқықтары жайында, мұсылмандардың олармен қарым - қатынасы туралы көп баян етіледі. Мұсылмандардың дін және ар - ождан тәуелсіздігін, ғибадат және басқа құқықтарын қорғау, оларға әділеттілікпен қарау, жақсылық жасау, кешірімді болу, мұқтаж нәрселеріне көмек көрсету, шақырған жерлеріне бару мәселелері жөнінде анық баян етеді.


Ислам тарихында және қазіргі таңда мұсылмандар басқа діндерге кешірімділікпен және түсінікпен қарайды. Олар мұсылман елдердегі осы жағдайларды жеткілікті түрде пайдаланады. Тіпті көбінесе, Қазақстанда және Түркияда болғандай, өздеріне берілген дін және ар - ождан тәуелсіздігін жаман пиғылда қолданады. Бұл да жетпегендей, аталмыш елдердегі мұсылман халықтар арасында христиандықты насихаттап, миссионерлік іс - шараларды жүзеге асырды.


Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің алдын басқарған Әбсаттар Дербісәлі Иман танымдылық журналында жарияланған (№3-10) Дінді сату, Отанды сату атты мақаласында осы жағдайға байланысты былай деді:


«Ислам басқа діндерге және олардың өкілдеріне кешірімді болып, түсінікпен қарауды бұйырады. Қазақстанда әр түрлі діндер мен мазхаб өкілдері тәуелсіз және кешірімді ортада өмір сүруде».


Қазақстанда жан - жақтан келіп, ұйым ретінде тіркеліп, кейіннен компьютер, ағылшын тілін үйретеміз деп алдап, айлакерлікпен, қулықпен мұсылмандарды христиан дініне және өз мазхабтарына енгізген миссионерлер де баршылық. Бұл әрекеттердің достық пен бейбітшілікті сақтау үшін жасалып отырмағандығы бесенеден белгілі. Миссионерлердің негізгі мақсаты Бірлік пен тұтастықта, бауырластық және діндестік қарым - қатынас дәнекері арқылы бір - бірімен байланыс жасап, тыныштықта және бейбіт өмір сүрген халқымыздың арасына іріткі салу, Орта Азия және Қазақстан Республикалары мұсылмандарын дінінен бездіріп, христиандандыру.


Миссионерлер өздеріне көмек көрсетіп отырған діни қаржылық күштерге сенеді. Миссионерлік тек қонақжай және момын қазақ халқын ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстан халқының да жанын жаралап, миын улауда.


Осы аталмыш миссионерлік топтар қазақ халқына шынайы жандары ашып тұрған жоқ, сол ата - бабаларымыздың білектің күшімен, ауыз біршілігімен сақтап қалған қазақ жерінің байлығын көздеп отыр. Дін арқылы сақтап қалған жерді, түбінде отарлау саясатын да жұргізіп жатыр. Негізінде, Дінді сату, елін сату демек, ал дінін ауыстыру ұлтын ауыстыру демек. Бұған мысал ретінде Ливанды келтіруге болады. Олар қазір халқының бәрі араб тілі және мәдениеті де бір, бірақ қазір екі діні бар халық. Олар жетпіс жылдары қолдарына қару алып, бірін - бірі қырып жойды. Міне бұл, бір ұлттың әр түрлі діндерге бөлінуінің нәтижесі. Бұдан зор зиянкестік бола ма?


Бұл сөздерден, біз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жерінде өткізіліп отырған миссионерлік іс - шаралар мен христиандандыру насихаттары үкімет адамдарының, тіпті заңды ұйымдардың да тынышын алатындай дәрежеде екендігін көреміз. Ал егер уақытында тиісті шаралар қолданылмаса, келешекте күніміздің не болатыны белгісіз.




Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы: Жарымбетов Мұхит


Қазақстандағы зиянды діни философиялық ағымдар

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары