Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құрбан шалудың сауабы
11 қазан, 2013 жыл 1179 Басып шығару нұсқасы

Құрбан шалудың сауабыПайғамбарымыз(с.ғ.с.) айтты: «Қияметте Маған(с.ғ.с.) жақындарың, Маған(с.ғ.с.) көбірек салауат айтқандарың».(Муслим)
Анас ибн Малик Пайғамбарымыздан(с.ғ.с.) риуаят етті: «Бірде Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) көзі ілініп кетіп оянғанда, нұрлы жүзінде қуаныш болады. Сонда айналасындағы Сахабалар(р.а) неге күлдіңіз Я РасулАлла деп-сұрайды? Сол кезде Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) жаңа ғана Маған (с.ғ.с.) бір сүре нәзіл болды, сол сүрені сендерге оқып берейін деді- انا اعطينا كالكوثر فصل لربك وانحر ان شانئك هوالابترдеп Каусар сүресін оқыды, бұл сүренің түсу себебі: Ас ибн Уайіл деген кісі бірде мешітке кіріп келе жатып мешіттен шығып бара жатқан Пайғамбарымызды (с.ғ.с) кездестіріп әңгімелесіп, мешітке кіргенде мешітте отырған кісілер кіммен сөйлестің деп сұрағанда Ас ибн Уайіл «әбтәрмен» сөйлестім деп жауап береді». Осы жердегі әбтәр-сөзінің мағынасы-ұлы жоқ, тұқымы кесілген адамдарды осылай араптар атаған». Осылай Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) Ибраһим атты баласы қайтыс болғаннан кейін мүшіріктер мазақтаған. Осындай сөздерді естіген Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қайғырғанда Алла тағала оған егер сенде ұл болса ол тек қана пайғамбар болу керек, ал пайғамбар болмаса онда сенде еш шарапат жоқ, пайғамбар болса онда сен ақырғы пайғамбар болмайсың деп басу айтып уахи еткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хадиша (р.а.) анамызға үйленіп 6 бала сүйген олар Тойб, Қасым, Зайнаб, Үммүгүлсім, Руқия және Фатима анамыз (р.а.). Ибраһим атты баласын Мариям анамыздан сүйген. Фатима (р.а.) анамыздан басқа барлығы Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бұрын дүниеден озған. Бірде Фатима анамыз (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қатты сырқаттанып жүрген кезінде біресе жылап біресе қуанып отырғанын көрген Али (р.а.) себебін сұрайды: Фатима (р.а.) анамыз сонда бұл дүниеден әкемнің өтетіңдігі ойыма келсе қайғырамын, Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) Фатима анамызға-Мен (с.ғ.с.) дүниеден өткеннен кейін отбасымыздан бірінші Маған(с.ғ.с.) келетін сенсің деген сөзі есіме түскенде қуанамын деген екен.
Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде-кімнің байлығы яғни, жағдайы жетіп тұрып, құрбан шалмаса, мейлі жөйд, мейлі мәсихшы болып өлсін»деген. Тағы бір риуаятта: «Кімде-кім жағдайы келіп тұрып құрбан шалмаса, мешіттерімізге жоламасын»деген.
Алидан (р.а.) «Кімде-кім үйінен құрбан шаламын деген ниетпен шықса, әрбір қадамына 10сауап, 10күнәсі кешіріліп, 10есеге дәрежесі артады, саудагермен құрбан жөнінде саудаласқан сөзі тәсбих болып жазылады, ақшасын саудагерге берегенде әрбір теңгесіне 700есе сауап алады, құрбанды шалу ниетімен жерге жатқызса, жеті қабат жер астындағы тіршілік иесінің барлығы құрбан шалушы адамның күнәсінің кешірілуін тілейді, қанын ағызғанда қанның әрбір тамшысынан періште жаратады, сол періштелер құрбан шалған адамның қиямет күніне шейін тілегін тілеп тұрады, ал етін таратса, сол таратқан еттің әрбір бөлігіне Исмағилдің (ғ.с.) балаларын құлдықтан азат еткендей сауап алады»
Пайғамбарымыз(ғ.с.) Айша анамызға (р.а.) «Құрбан шал және оған куә бол, шынында Алла тағала шалынған құрбанның жерге тамған бірінші тамшысымен ей, Айша (р.а.) сенің күнәңді кешіреді дегенде, Айша анамыз(р.а.) Я расулАлла бұл маған ғана ма? әлде бүкіл мұсылманға ма?-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) барлық мүминдерге деп жауап береді». Анас ибн Маликпен Алидан (р.а.һумадан) жеткен риуаятта: «Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) Қиямет күнінде мұсылмандар қабірінен тұрған кезде, Алла тағала періштелерге: құлдарымды жаяу жүргізбеңдер дейді себебі: олар тіршілікте ең бірінші әкелерінің беліне мінді, екінші аналарының құрсағында, туғаннан кейін аналарының қолдарында, өсе-келе әкелерінің мойнына қала берді атқа, су бар жерде кемеге мінді сол себепті дүниеде шалған құрбандарына мінгізіңдер деп-әмір етеді. Құран кәрімнің аятындай: يوم نحشرالمتقين الى الرحمن وافدا осы аяттың мағынасы: Сол күні Біз тақуаларды жинаймыз Рахманның құзырына амалдарына мінген халда. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: Сендер құрбандарыңды ұлықтаңдар, себебі ол құрбандар сендердің қиямет күні қыл көпірде өтетін көліктерің»деген.
Құрметті Мұсылман қауым! Қазан айының 15,16,17күндеріне тура келген құрбан айт мерекесі құтты болсын.14күні таң намазынан бастап 18күні аср намазына дейін, әрбір парыз намазының парызының сәлемінен кейін «тәкбір тәшриқ» айту ер-әйел мұсылманға уәжіп.


Тәкбір тәшриқ: «Аллоһу әкбәр, Аллоһу әкбәр лә иләһә иллалоһу уаллоһу әкбәр. Аллоһу әкбәр уа лилләһильхамд» Алла тағала осы айт күндері әрбір жасаған ізгі амалдарымызды, шалған құрбандарымызды, берген садақаларымызды қабыл қылып қадамдарымызды сауаптан қылсын.


Арапшадан аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Дархан Асылтайұлы. Бекболат Зүлжаладдинұлы.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары