Уәжіп-шариғаттағы үкімі, хабаруль ахад дәрежесіндегі хадиспен бекітіледі.
Осы жоғарыдағы айтылған хабаруль ахад хадистеріміз 3-ке бөлінеді:
1. Машһур.
2. Ғазиз.
3. Ғариб.
Хадистің машһүр болуының шарты: «Бір хадисті үш және оданда көп адам, келесі үш және оданда көп адамға жеткізген болу керек». Демек, мутауатир хадистің дәрежесіне жетпесе, машһүр болады. Ал, мутауатирдың шарты-иснадтағы хабар беруші адамдарының саны оннан кем болмауы керек.»
Хадистің ғазиз болуының шарты: «Екі адам бір хадисті, келесі екі адамға жеткізген болу керек. Демек, бір риуаят етіліп келе жатқан хадис, иснадтың қай жерінде болмасын екі адамға тіреліп, сол екі адамнан ғана шығатын болса, онда хадис ғазиз болады».
Хадистің ғариб болуының шарты: «бір хадис иснадтағы бір адамға тіреліп және сол адамнан ғана риуаят етілсе, онда хадис ғариб болады». Осы хабарульахад хадистеріменен келтірілген дәлелдерді зонни деп атайды.
Уәжіп амалының үкімі-орындалуы міндетті болады. Кімде-кім уәжіп амалына қарсы болса, ол діннен шықпайды, орындаған адам үлкен сауапқа ие болады, орындамаған адам күнәһәр болады.(жалғасы бар)
Нурульизох кітабынан алынған шариғат мәселелері
Араб тілінен аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары
Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.
Пікірлер