Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мектеп оқулығына әбден лайық
09 желтоқсан, 2013 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

Мектеп оқулығына әбден лайық Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен басылып шыққан «Дін мен дәстүрдің» бірінші кітабын оқи келе мектеп оқулығына лайықты әдебиет екеніне көз жеткіздім. Мәселенің екінші қыры мен қарапайым оқырман ретінде  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы, дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны» – деп жазғанын да білемін. Шындығында мемлекеттілігіміздің баяндылығын дін арқылы сақтай алатынымызға енді көз жеткізе бастағандаймыз.


Бес тараудан тұратын ғибратты оқулықта қазақ халқының салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпы туралы тамаша түсінік бере келіп, дәстүр мен дін байланыстылығын көрсете білген. Кітапта алдымен дәстүр туралы түсінік берілген. Қоғамдық институттардың ішіндегі үміт артатын, діни топтарды бір орталықтандырып бақылайтын ҚМДБ мүфтияттарына дәстүрдің діндегі орыны, имани дәстүрлер туралы, имани қарым - қатынастар жайлы тамаша жеткізе білген. Соның бірі сәлем туралы «Ассалаумағалейкум» - арабша Сізге Құдайдың тыныштығы болсын, «Уағалейкумассалам» - Сізге де Құдайдың тыныштығы болсын, деп айтылады.


Сәлемнен келетін жақсылықты Пайғамбар (с.а.с) алғашқысына он жақсылық, «Ассаламуалейкум уа рахматуллаһ!» - дегенге жиырма жақсылық, «Ассаламуалейкум уа рахматуллаһ уа бәрәкәтуҺ!» - дегенге отыз жақсылық берген. «Кіші - үлкенге, жүргінші - отырған адамға, азшылық - көпшілікке сәлем береді» - деген қағида салмақты түсіндірілген.


«Тілдегі айғақтар» тарауында діни сенімге дәлел сөздер жинағы енгізілген. Соның маңыздысына Құран Кәрімде: «Оған (Аллаға ұқсас ештеңе жоқ ! Әрі Ол - Естуші Һәм Көруші десе, Хадисте: «Алла болды, Одан басқа ештеңе де болған жоқ», делінген. Хадисте: «Сөздің сиқырлы күші бар» делінсе, мақал - мәтелде «Өнер алды - қызыл тіл», «Ақынның тілі қылыштан өткір» деген тамаша теңеулермен салт - дәстүр айғақтарының діни сенімге негізділігін дәлелдей білген. «Дін мен дәстүр» кітабының бірінші жинағы өте қарапайым тілде жазылғандықтан, мектеп оқушысына лайық нағыз рухани оқулықтың салмағын көтеріп тұр.


С.Смаханұлы,


Осакаров аудандық «Сельский труженик»


газетінің Бас редакторы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары